156
Ұлы Лир патшаның еліне жүргізген өктем билігі балалары алдында әлсіз болады. Қойылым
көрермендерге мейірімсіздік пен махабаттың ара жігін ашып көрсетеді.
Көрерменге бұл пьесаны театрдың қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ
мемлекеттік театры сахналады. "Махабат мұнарасы". Сезім мен сергелдеңге толы спектакль.
Пьеса желісі әмірші Ақсақ Темір мен оның кіші әйелі арасындағы оқиға төңірегінде өрбиді.
Әмірші сүйіктісінің көңілі өзге біреуге ауған. Айбатты хан тағдыр тәлкегінің алдында
шарасыз күй кешеді.
Жортуылға кеткен ұлы Әміршісін сағынған ханша әдемі мұнара тұрғызбақшы болады.
Мұнараны салу кезінде жас жігіт жас әйелге өзінің ынтық көңілін аңғартады. Мөлтең мұң,
мөлтек сыр ұлы сезімге жалғасады. Әміршінің жарына ынтық болған жігіттің сезімі
әшкереленіп, хас шебер дарға асылады.
Биыл Әбіш атамыздың 80 жылдығына байланысты Маңғыстау облысында өтетін
«Әбіш әлемі» І Халықаралық фестиваліне шет мемлекеттен 8 театр қатысады. Қазан айында
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен, Маңғыстау
облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтетін фестивальдің ерекшелігі – оған әлемнің түкпір-
түкпірінен бірнеше театр ұжымы қатысады. Атап айтқанда, Арменияның Абельян Ванадзор
мемлекеттік драма театры, Грузияның Тбилисидің Мемлекеттік Азербайджан театры,
Иранның Биле Савар Барбод театры, Өзбекстанның Хорезм театры, Тәжікстанның
К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры, Түркияның Мемлекеттік театры,
Түрікменістанның Мемлекеттік театры қойылымдарын ұсынады.
Ал Қазақстаннан фестивальге М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма
театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры және Н.Жантөрин
атындағы драма театры қатысады.
«Өкінішке орай, Әбекеңнің классикалық көркем шығармаларының сахналанғаны,
оның ішінде өзге тілдерге аударылғаны тым аз. Сондықтан оларға биылғы фестивальге өз
репертуарындағы ұлттық және классикалық қойылымдармен қатысуға рұқсат етілді. Ал
болашақта Әбекең шығармаларын ұлттық және шет елдердің сахналарында сөйлетуге жан-
жақты дайындық жүргізіледі деп ойлаймын. Бұл ретте, жалғыз біздің театр ғана емес, Әбіш
ағаның әдеби мұрасына жанашыр қаламгер әріптестері, басқа да ынталы зиялы қауым
белсене ат салысуы тиіс», - деді Нұрнияз Мұханов. [3]
Қара нардай қайыспай, арқалаған қазақ елінің аманат жүгінің салмағын бүгінде жүрек
таразысымен халық сезініп келе жатыр. Алда одан сайын сезіне береді. Әбіш әлемі ашыла
береді. Әбіш Кекілбаев кеңістігі кеңейе береді. Оның танымын түсіну үшін, зерттеу үшін,
тану үшін осы жастардың бойына, санасына, жүрегіне сіңіру керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
massaget.kz
2.
http://mangystautv.kz/kz/news/society/aktaulyktar-ekekilbaevtyn-abylai-han-koiylymy
3.
https://lenta.inform.kz/kz/mangystauda-abish-alemi-i-halykaralyk-teatr
Достарыңызбен бөлісу: