Қорытынды
Мұғалімдерді инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа даярлау мазмұнына міндетті түрде дамуында ауытқуы
бар балаларды оқытудың анатомиялық-физиологиялық негіздерін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық
ерекшеліктерін, осы санаттағы балаларды оқытудың спецификалық әдістері мен тәсілдерін, жеке және топтық оқыту
бағдарламаларын координациялау тәсілдерін меңгертуді қарастыратын кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыруды енгізу
керек. Соның барысында кәсіби құзыреттіліктің мотивациялық компонентін (өмірлік ұстанымның позитивтілігіне әсер
ету, кәсіби қызығушылықтарын нақтылау және дамыту, т.б.) және тұлғалық компонентін (таңдаудың саналығы,
тұлғалық қасиеттарін қалыптастыру және т.б.) дамытуға көп көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |