122
жасушаларында
сүт қышқылы
түзіледі. Кейін ол оттек қатысында
ыдырайтын болады.
Спортшыларда (жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, веложарыс т.б.) сүт қышқылының
мөлшері – бұл ағзаның энергетикалық төзімділігінің көрсеткіші. Сүт
қышқылының деңгейі неғұрлым төмен болса, тыныс алу және қан тамыр-
лары жүйесі жасушаларды оттекпен қамтамасыз етумен соғұрлым жақсы
айналысады.
Көптеген микроағзаларда аралық өнімдерге сірке қышқыл, спирт,
көмірқышқыл газы жатады. Өсімдік жасушаларында оттексіз тыныс
алудың аралық өнімі – пирожүзім қышқылы сүт қышқылына айналуы
мүмкін. Белсенді жұмыс істеп жатқан бұлшық ет жасушаларында сүт
қышқылы жинақталады.
Барлық ағзаларда тыныс алудың соңғы өнімдері міндетті түрде су
мен көмірқышқыл газы болып табылады. Бірақ нәруыздар оттексіз
ыдырауға ұшыраса, онда су мен көмірқышқыл газынан басқа құрамында
азот бар қосылыстар түзіледі. Олар ағзадан бауыр және бүйрек арқылы
шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: