Тіршілік ортасы мен қозғалу әдістерінің өзара байланысы. Тірі
ағзалар өздерінің тіршілік ортасына
бейімделген. Су тіршілік ортасын
мекендеушілердің есу үшін жүзбеқанаттары болады. Оған балықтар,
теңіз тасбақалары, сүтқоректілер – киттер, теңіз түлендері, мысықтары,
тіпті пингвин құстары да жатады. Олардың қанаттары пішіні жағынан
жүзбеқанаттарға ұқсайды.
Суда жылжудың тағы бір маңызды әдісі – реактивті қозғалу. Егер
ағза өзіне суды жинап алып, содан кейін оны үлкен күшпен (қысыммен
шапшып ағу) шығарса, дене қарама-қарсы бағытта қозғалатын болады.
Медузалар, сегізаяқтар, каракатицалар осылай жылжиды.
Топырақта қозғалған кезде жануарлар аяғын (жәндіктер, көртышқан
т.б.) немесе денесін (шұбалшаң) пайдаланады.
Талшық, к³рп³кшелер, тер³-бұлшық ет қапшығы, реактиâт³ қозғалу.