140
2. Тропизм дегеніміз
а) Өсімдіктегі қозғалу типі
ә) Зат алмасу сатысы
б) Жасуша органоидтарының бірі
в) Тамыр аймағы
г) Жеке даму
3. Жарықсүйгіш өсімдік
а) Қант қамысы
ә) Саумалдық
б) Інжугүл
в) Қырлышөп
г) Қазтабан
4. Көлеңкеге төзімді өсімдік
а) Саумалдық
ә) Қарағай
б) Түймедақ
в) Қант қамысы
г) Эвкалипт
5. Тірі ағзалардың жарық күн ұзақтығына байланысты өзінің физио-
логиялық үдерістерін өзгерту қабілеті
а) Гликолиз
ә)
Фотопериодизм
б)
Анаболизм
в) Катаболизм
г) Хемосинтез
6. Тірі жүйелердегі мерзімімен қайталанып отыратын циклдік үдерістер
а) Биоырғақ
ә) Таксис
б) Тропизм
в) Анаболизм
г) Катаболизм
7. Амебаның қозғалу мүшесі
а)
Жалған аяқтар
ә) Кірпікшелер
142
11-бөлім.
ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
§35. Жүйке жүйесінің типтері
Жүйкені реттеу және жүйке жүйесі.
Үйлесімді біртұтас қызметті
жүзеге асыру үшін
жануарлар ағзасында
жүйке жүйесі
пайда болды.
Жүйке жүйесінің типтері.
Алғаш пайда болған көпжасушалы
ағзаларда (губкаларда) жүйке жүйесі қалыптаспайды. Мысалы, губка-
ларда жүйке жүйесі жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, губка
денесінің тереңінде орналасқан жұлдызшатәрізді жасушалар жүйке
элементінің қызметін атқара алады. Басқа зерттеушілердің пікірі бой-
ынша, ол жасушалар тірек қызметін атқарады. Біз жануарлардағы
жүйке жүйесі эволюциясының негізгі кезеңдерін сипаттаймыз.
Диффузиялық жүйке жүйесі
ең қарапайым түрі болып табы-
лады. Жүйке жасушалары бүкіл денеде орналасқан және жүйке
түйіндері түрінде шоғыр түзбейді. Жасушалар бүкіл денеге ретсіз
орналасқандықтан жүйке жүйесін дифференциялы немесе
торлы
деп
атайды. Мұндай жүйке жүйесі ішекқуыстыларға тән. Бұл жүйенің
кемшілігі – гидра ағзасының жауап беру реакциясы алуан түрлі емес.
Яғни итеруге де, тесуге де бірдей жауап болуы мүмкін (90-сурет).
Қозғалғыш ішекқуыстыларда (медуза) дифференция лы жүйке жүйесі
күрделенеді. Жүйке жүйесі денеге терең енеді де, шоғыр – жүйке түйіндерін
түзеді.
Әрі қарай жалпақ құрттарда жүйке жүйесі күрделене береді. Бұл үдеріс
жануарлардың белсенділігіне, қозғалғыштығына тікелей байланысты. Жалпы
жалпақ құрттар типіне диффузиялық түйінді жүйке жүйесі тән (92-сурет).
Сатылы (лестничная) жүйке жүйесі
едәуір жетілген. Ол буылтық
құрттар типі өкілдерінде ең алғаш пайда болды.
Шұбалшаңның жүйке жүйесі жұтқыншақмаңы жүйке буылтығы
мен құрсақ жүйке тізбегінен тұрады (93-сурет).
Түйінді жүйке жүйесі
де жұтқыншақүсті және жұтқыншақасты
жүйке түйіндері мен құрсақ жүйке тізбектерінен тұрады. Бірақ түйіндер
жақсы дамыған, олардың шашырап орналасуы жануар лардың нақты
класының құрылысы мен тіршілігіне байланысты. Мұндай жүйке
жүйесі ұлулар мен буынаяқтылар типіне тән.
Ұлуларда бас жүйке түйіндері мен аяқ бұл шық еттерін бақылайтын түйін
жақсы дамы ған. Устрица мен басқа да қосжақтаулы ұлуларда бас түйіндері
мүлде дамымаған, себебі олардың басы жоқ. Қорегін белсенді аулауға бай-
145
Жүйкен³ң реттелу³, диффузиялы жүйке жүйес³, жүйке түй³ндер³,
сатылы жүйке жүйес³, жұтқыншақүст³ түй³н³, ми, жүйке т³збег³,
түт³кшетәр³зд³ жүйке жүйес³.
Білу және түсіну:
1. Жүйке жүйесінің типтерін атап, оларға сипаттама беріңдер.
2. Жүйкелік реттеуді сипаттаңдар. Ол неге жануарларда пайда болды, ал
өсімдіктер мен саңырауқұлақтарда жоқ?
Қолдану:
1. Берілген жүйке жүйелерін (диффузиялық, сатылы, түтіктәрізді) күрде-
ленуі бойынша орналастырыңдар. Неге осындай ретпен орналастыр-
ғандарыңды түсіндіріңдер.
2. Жүйке жүйесінің ұсынылған сипаттамалары (жүйке түтікшесі, жұтқын-
шақүсті жүйке түйіні, жұтқыншақасты жүйке түйіні, ми, жұлын, құрсақ
жүйке тізбегі, жүйке жүйесі жоқ, торлы жүйке жүйесі) бар жануарларды
салыстырыңдар.
Талдау:
1. Қалай ойлайсыңдар, неліктен омыртқалы жануарларға жататын балыққа
қарағанда сегізаяқ интеллектуалдық тұрғыда едәуір дамыған?
2. Жүйке жүйесінің типтерін, жануарлар санатын, тіршілік ортасын және
тіршілік
етуін көрсетіп, кесте немесе сызба құрастырыңдар.
Синтез:
1. Жануарлардың жүйке жүйесін олардың күрделенуі бойынша орналас-
тырыңдар. Осылай орналастыру реті эволюциялық ретті көрсетеді ме?
Дәлелдеңдер. Айырмашылықтарын тауып, салыстырыңдар.
2. Ағза үшін жүйке жүйесінің маңызын сипаттаңдар. Көпжасушалы қозғал-
ғыш жануарлар жүйке жүйесі болмаса тіршілік етер ме еді?
Достарыңызбен бөлісу: