210
Білу және түсіну:
1. Тозаңдану және ұрықтануға анықтама беріңдер. Олардың арасында
қандай айырмашылық бар?
2. Тозаңдану және ұрықтануға өсімдіктің қандай мүшесі қатысады?
Олардың маңызы қандай?
Қолдану:
Сурет бойынша тозаңданудың түр бөлігі туралы айтып беріңдер.
1. Қосжынысты және даражынысты гүлдерді салыстырыңдар. Қосжынысты
гүлдер үнемі өздігінен тозаңдана ма?
2. Тозаңданудың және оның түрлерінің өсімдіктер үшін маңызын түсіндірің-
дер.
Талдау:
1. Қосжынысты және даражынысты гүлдер арасындағы айырмашылықтарды
көрсетіңдер.
2. Тозаңдану түріне байланысты тозаң, гүл құрылысының ерекшеліктері
және тозаңдану мерзімі арасындағы байланысты анықтап, талдаңдар.
Синтез:
1. «Тозаңдану типтері» деген сызба сызыңдар.
2. Гүлдің сыртқы пішініне қарап, қандай жолмен тозаңданатынын анық-
тауға болады ма?
Бағалау:
1. Өздігінен тозаңдануды генетикалық тұрғыда жыныссыз көбеюге теңеуге
бола ма? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
2. Айқас тозаңданатын өсімдік түрлерінің көбісі эволюциялық тұрғыда
едәуір прогресті жол екеніне дәлел болып табылатынын айтыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: