Оқулық А. Р. Соловьева, Б. Т. Ибраимова, Ж.Ә. Алина


Ағзадағы заттардың тасымалдануы



Pdf көрінісі
бет90/278
Дата13.12.2021
өлшемі4,22 Mb.
#125944
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   278
Байланысты:
Биология 7 каз 2017 ОКУЛЫК

Ағзадағы заттардың тасымалдануы
Қан (гемолимфа) та-
мырлар бойымен дене 
қуысына түседі және 
тікелей ағзалар мен 
ұлпаларды жаяды.
АШЫҚ
ТҰНЫҚ
Буынақтылар, мол-
люскалар, тікен 
терілілер, желілілер
Қан тамырлар бой-
ымен ағады дене 
қуысына түспейді.
Буылтық құрттар, 
желілілер 
(бассүйексілдер, 
омыртқалылар)


81
52-сурет. 
Өсімдікте қоректік заттардың тасымалы
Көптеген көпжасушалы жануарларда тасымалдау жүйесінің рөлін 
қан және қанның қозғалысын қамтамасыз ететін қан тамырлар жүйесі 
атқарады (51-сурет). 
Оттек  қан  арқылы  тасымалданатын  маңызды  зат.  Ол  тыныс  алу 
мүшелерінде (өкпе) сіңіріледі. Сонымен оттек молекуласы бауыр жасу-
шаларына да, ми жасушаларына да, аяқ бұлшық етінің жасушаларына 
да т.б. керек. Оттексіз ағзаның кез келген жасушасы тіршілігін жояды. 
Оттек өкпеден дене жасушаларына, дене жасушаларынан өкпе жасу-
шаларына көмірқышқыл газы сияқты, құрамына темір кіретін арнайы 
зат арқылы жеткізіледі.
Қоректік заттар қан арқылы әртүрлі жолмен тасымалданады. 
Үшінші  топқа  қан  арқылы  тасымалданатын  әрбір  жасушада 
түзілетін зиянды заттар жатады. Олардың барлығы да қанға түсіп, онда 
Қабықтың 
елек тәрізді 
түтікшелері
Сабақтағы 
түтіктер
Органикалық 
заттардың 
тасымалдануы
Су және мине-
ралды заттардың 
тасымалдануы
Су, минералды 
тұздар


82
ериді.  Жасушаларда  түзілетін  және  қанға  түсетін  зиянды  заттардың 
көпшілігі (көмірқышқыл газынан басқа) бүйрек арқылы зәрмен және 
тері арқылы термен бірге шығарылады. Бөліп шығаруда бүйрек негізгі 
рөл атқарады. Бүйрек қанды тазалайтын қуатты биологиялық сүзгі бо-
лып табылады. Егер зиянды заттар адам ағзасында қалып қойса, ағза 
бір сағаттай уақыт ішінде өздігінен уланар еді.
Тері қосымша сүзгі қызметін атқарады. Ағзадағы барлық химиялық 
үдерістер  жылдамдаған  кезде  оның  рөлі  артады.  Бұл  ыстық  кезде 
және  физикалық  жүктеме  кезінде  жүзеге  асады.  Осындай  жағдайда 
адам  қарқынды  терлейді.  Көмірқышқыл  газының  өкпе  арқылы 
шығарылатынын білесіңдер. 
Жануар және өсімдік ағзаларының зиянды заттардан қалай арыла-
тынын 9-бөлімнен  білетін боласыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет