88
ал аз бөлігі тамыр оймақшасының жаңа жасу-
шаларына айналады.
Егер бөліну аймағын алып тастаса, тамыр
ұзынынан өсуін тоқтатады. Бұл кезде жанама
тамырлары көптеп түзіле бастайды. Тамыр
қарқынды түрде «тармақтала» бастайды.
Қызанақ сияқты кейбір мәдени дақылдар үшін
бұл арнайы агротехникалық тәсіл тәрізді. Бұдан
тамыр жүйесі едәуір қуатты әрі тиімді болады.
Өсу аймағы
бөліну аймағынан кейін
орна ласады. Бұл аймақтар арасында бөлу
шегі жоқ. Өсу аймағында енді ғана түзілген
жасушалардың мөлшері арта бастайды, яғни
ұзарады. Егер көзге көрінетін белгі қойса, мыса-
лы, жас тамырға сиямен белгі салса, тамырдың
өсу аймағынан ұзарып өсетіні байқалады (59-су-
рет). Өсу аймағында жасушаларда ерекшеліктер
пайда болады.
Сору аймағы
топырақта еріген заттар мен суды сіңіруге жауапты
болғандықтан осылай аталады. Тіпті микроскопсыз да бұл аймақтың
тамыр түкшелерімен
– тамырдың жабын ұлпасы жасушаларының
цитоплазма өсінділерімен жабылғанын көруге болады (60-су-
рет).
Тамыр түкшелері
– заттарды сіңіруді
тікелей қамтамасыз ететін құрылым. Тамыр
түкшелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден
1,3 см-ге дейін болады. Олар бірнеше күн ғана
тіршілік етеді. Тамыр ұзынынан өскен сайын
жаңа – жас тамыр түкшелері өсу аймағына
жақын, сору аймағының төменгі бөлігінде үнемі
пайда болады. Бұл кезде ескі тамыр түкшелері
өткізу аймағына жақын, сору аймағының
жоғары бөлігінде үнемі тіршілігін жойып оты-
рады.
Өткізу аймағы
сору аймағында сіңірілген
заттардың сабаққа түсуін қамтамасыз етеді.
Бұл аймақтың басты қызметі – зат тасымалдау
болғандықтан, негізгі ұлпа да өткізуші болады.
Тамырдың өткізгіш элементтері ортасында ор-
наласады. Өткізгіш ұлпалары бар тамыр бөлігі
«орталық цилиндр» деген атау алды.
59-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: