86
Сүрек
– негізгі ұлпа, жапырақ жұмсағынан айырмашылығы жасыл
емес. Бұл сүректің тірі жасушалары, барлық тірі жасушалар сияқты
қоректенеді,
тыныс алады, өседі және зат алмасуды жүзеге асырады.
Өзек
– ағаш сабағының негізгі қор жинаушы ұлпасы. Өзек –
сабақтың ең ішкі қабаты. Көбінесе түсі бойынша ерекшеленеді. Жаңадан
араланған ағашты ұстап көріп анықтауға болады. Сүрек қатты (өлі
тіректік жасушалар есебінен), ал өзек едәуір жұмсақ (оның барлық жа-
сушалары тірі және қоректік заттарға толы) болады. Ағаш жапырақтары
күз-қыс айларында фотосинтездемейді, себебі жапырақтары түседі.
Бұл уақытта ағаш жасушалары қалай қоректенеді? Ол үшін қоректік
заттар қоры күзге қарай өзекте жинақталады. Содан кейін көктемге
дейін біртіндеп жұмсалады.
ХIХ ғасырда үйеңкінің күздік өзегінен қантты заттар алу технологиясы
болған. Оның өнімі «үйеңкі шәрбеті» (сироп) деп аталды. Қазіргі кезде адам-
зат қант алу үшін (қант қызылшасынан алынады) алып ағаштарды жоюдың
пайдасыз әрі экологиялық тұрғыдан қылмыс екенін түсінеді.
Қабық, тоз, жасымықшалар, флоэма, ксилема, камбий, өзек.
Достарыңызбен бөлісу: