91
Тамыр сіңіргіш судың 90%-ға дейін өсімдіктен транспирация ба-
рысында бөлінеді.
Орталық цилиндрдің түзуші ұлпасынан (перицикл) жанама тамыр-
лар дамиды. Перициклдің жасуша қабаты тамыр қабаты және орталық
цилиндр арасында орналасады. Перицикл жасушалары өсіп көбеюге
қабілетті кейбір өсімдіктерде ол екі жасушалар қабатынан тұрады
(қарағай, шырша), бірақ көптеген өсімдіктерде бір қабат болады.
Тамыры қарқындап жуандап өсетін өсімдіктерде (емен, алма) пе-
рициклден
камбий
түзіледі. Егер тамыр жас болса, онда тек перицикл
бар. Егер тамыр ескі болса, жуандап өсе бастаса, онда камбий де, пери-
цикл де қызмет атқарады. Камбий жуандап өсуді, ал перицикл жанама
тамырлардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
61-сурет.
Тамырдың көлденең кесіндісі
Тамырдың
түкшелері
Эпиблема
(бірінші
реттік
қабық)
3
Тамыр қабығының
жасушасы
4 Перицикл
5Електәрізді
саңылау
6
Камбий
7
Тамырлар
92
Қабық және орталық цилиндр, перицикл.
Білу және түсіну:
1. Тамырдың бірінші реттік қабығы дегеніміз не?
2. Ол қандай құрылымдар түзеді?
3. Тамырдың орталық цилиндрі дегеніміз не?
Қолдану:
1. Энтодерма жасушалары қандай болады және олар қайда орналасады?
2. Перицикл қайда түзілетінін айтыңдар және көрсетіңдер. Ол не үшін
керек және камбиймен қалай байланысады?
Талдау:
1. Эпиблеманы не үшін «мәңгі жас ұлпа» деп атайтынын түсіндіріңдер.
2. Тоз қайда орналасқан, қалай түзіледі және не үшін керек екенін
талдаңдар.
Синтез:
1. Орталық цилиндр құрылысы мен тамырдың өткізгіш қызметінің арасын-
дағы өзара байланысты анықтаңдар.
2. Перицикл мен камбийдің орналасуы және жасуша құрылысының
ерекшелігі, рөлі арасындағы байланысты анықтаңдар.
Бағалау:
Тамыр сіңіретін судың қозғалысын сызба түрінде бейнелеңдер. Осы
үдеріс тің маңызын түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: