Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар)
1.
Өндіріс үшін Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы
заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес келетін шикізат пен тағамдық қоспалар
қолданылуы тиіс
.
2.
Тағамдық мақсаттар үшін қолданылатын өсімдік және жануарлар шикізатын өндіру
(дайындау) кезінде мемлекеттік тіркеуден өткен жемшөп қоспаларын, жануарлардың өсуін
ынталандырғыштарды, пестицидтерді, агрохимикаттарды пайдалануға жол беріледі
.
3.
Өндірілетін (дайындалатын) тамақ өнімдеріндегі жекелеген ингредиенттерді ауыстыру
халықтың санитарлық
-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен
келісім бойынша жүргізіледі
.
4.
Тамақ өнімдерін өндіру, сақтау және өткізу объектілерінің жабдықтары, аумағы, сумен
жабдықтау, кәріз, жылыту, желдету, өндірістік, қосалқы, санитариялық
-
тұрмыстық үй
-
жайларын жарықтандыру және персоналдың жұмыс жағдайлары Қазақстан Республикасының
тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге
тиіс
.
Тамақ өнімдерін өндірумен (дайындаумен) байланысты экологиялық аспектілерді бағалау
қоршаған ортаны қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі
.
5.
Объектіні мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен
тиісті уәкілетті органдардың қорытындысы болған кезде ғана жүзеге асырылады
.
|