Бастауыш сынып


Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау



Pdf көрінісі
бет23/48
Дата14.12.2021
өлшемі3,62 Mb.
#126266
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

Топтық жұмыс кезіндегі қалыптастырушы бағалау 

Қалыптастырушы  бағалау  кезінде  мұғалім  белгілі  бір  дағдыны  

бағалаудың  тиімді  тәсілі  ретінде  қолданып,  топтық    жұмысты 

ұйымдастыруына  болады.  Білім  алушылар  алдын  ала  бағалау  

критерийлерімен  таныс  болуы  тиіс.  Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  әр 

топтағы  білім  алушылардың  талқылауын  тыңдайды,  қадағалайды:  кейбір 

білім  алушылар  оқу  мақсатына  жетуді  бағалау  критерийлеріне  сәйкес  тез 

көрсете  алуы  мүмкін.  Мұғалім  ол  білім  алушылардың  атын  жазып  алуы 

қажет. 

Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті 

сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы: 

- Бұл туралы сіз не ойлайсыз?  

- Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?

Егер білім алушылар тәжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда 

осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы: 



17

- Сіз қазір не істеп жатырсыз? 

- Сіз қалай ойлайсыз, әрі қарай не болады? 

- Осы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?

Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  барлық  топтың  және  әр  жеке  білім 

алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма 

орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім 

алушыларға:

•  жаңа идеяны тұжырымдауды;

•  екі (одан да көп) идеяларды салыстыруды;

•  идеяларды бағалауды;

•  топтық талқылау негізінде пікір білдіруді; 

•  сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.

Жоғарыда  аталған  бөлімдер  белгілі  оқу  мақсатына  жетудің  дәлелін 

көрсетеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет