Бастауыш сынып


  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  жоспарлау  және



Pdf көрінісі
бет33/48
Дата14.12.2021
өлшемі3,62 Mb.
#126266
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

4.2.2.1  Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  жоспарлау  және 

ұйымдастыру 

Тоқсандық  жиынтық      бағалауды    жоспарлауда    әуелі    оқу 

бағдарламасындағы  оқу  мақсаттарына  шолу  жасау  керек,  себебі  бағалау 

олардың меңгерілуін тексереді. 

Бағалаудың  аталған  рәсімдерін  ұйымдастыру,  жоспарлау  кезінде 

жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныста берілген тапсырмалар 

үлгілері бар тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы қолданылады. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  спецификациясы  мазмұнын, 

құрылымын анықтайтын келесі ақпараттардан тұрады:

•  тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты;

•  тоқсандық жиынтық бағалауға шолу:

 



жиынтық жұмыстардың ұзақтығы;

 



бағалау құрылымы;

 



тапсырмалар саны; 

 



тапсырмалар бойынша балдарды бөлу:

•  тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу бойынша нұсқау;

•  тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының үлгілері;

•  тапсырмалардың балл қою кестелері. 

Әр  мектептің  ұсынылған  үлгілерді  қолдануына  немесе  өз  бетінше 

тапсырмалар  құрастыруына  мүмкіндігі  бар.  Тоқсандық  жиынтық  бағалау 

тапсырмаларын құрастыру спецификацияға сәйкес бір параллельдегі барлық 

сыныптарда бірыңғай талаптар негізінде жүзеге асырылады. 




29

Тапсырмалар әр түрлі болуы мүмкін: диктант, мазмұндама, эссе, тест, 

зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, жобалар және т.б. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  кезінде  тоқсан  басында  білім 

алушылар мен олардың ата-аналарын хабардар ететін тоқсандық жиынтық 

бағалаудың кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп құрылады. 

Тоқсандық жиынтық бағалау бір параллельде бірдей жағдайда өткізіледі. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  қайта  орындауға  (көшіруге)  рұқсат 

етілмейді.  

Тоқсандық жиынтық бағалау уақытында белгілі себептерге байланысты 

(ауруына,  жақын  туыстарының  қазасына,  конференция,  олимпиада, 

ғылыми,  спорттық  жарыстарға  және  т.б.  қатысуына  байланысты)  білім 

алушылар  келмеген  жағдайда  оларға  мектепке  келген  соң  екі  апта  ішінде 

тапсыруға рұқсат етіледі, ол үшін жиынтық бағалаудың қосымша нұсқалары 

қолданылады.  

Тоқсандық жиынтық бағалау материалдарын білім алушылар жұмысты 

орындағанға  дейін  қол  жетпейтін  орында  сақтау  қажет.    Қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  мақсатында  тапсырмаларды  белгілі  бір  орында,  белгілі 

қызметкерге  ғана  (мысалы,  директордың  орынбасары)  мүмкіндік  беріп 

сақтау ұсынылады.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды    әдетте  мұғалімдер  өткізетін 

болғандықтан, білім алушылар жиынтық бағалауды орындайтын кабинетте 

тек  бір  мұғалім  ғана  болады.  Мүмкіндігінше  кез  келген  бос  мұғалімнің 

тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуді ұйымдастыруға, өткізуге мысалы, 

бақылаушы ретінде көмектесуі ұсынылады. Тоқсандық жиынтық бағалауды 

өткізу  кезінде  мұғалімнің  жиынтық  бағалаудың  өткізілуін  үздіксіз 

қадағалауы  маңызды  және  басқа  әрекеттер  жасамағаны  дұрыс  (мысалы, 

дәптер тексеру, компьютермен жұмыс жасау). 

Тоқсандық жиынтық бағалау өткізілетін кабинеттерді мұғалімдер алдын 

ала дайындайды. Айналасы білім алушыларға таныс, күнделікті сабақ өтіп 

жүрген  кабинеттері  болуы  ұсынылады.  Кабинеттерді  дайындау  кезінде 

келесілерді ескеру қажет:

•  білім алушылардың шуламай, жұмысты өз бетінше орындауына қолайлы 

болатындай етіп отырғызуды ойластыру;

•  білім  алушыларды  басқа  білім  алушылардың  жұмыстарын  көре 

алмайтындай, тақта жаққа қарайтындай етіп отырғызу;

•  білім алушыларда сұрақ немесе мәселе туындаған жағдайда парталардың 

арасы  мұғалім  мен  бақылаушының  еркін  жүріп  тұруына  мүмкіндік 

беретіндей орналасуы тиіс;



30

•  негізгі нұсқаулық пен уақыт жазылып тұратын болғандықтан тақта білім 

алушылардың алдында болғаны дұрыс;

•  тапсырманы орындау барысында білім алушыларға көмегі тиюі мүмкін 

деген  плакаттар,  ақпараттық  сипаттағы  қабырға  материалдарының 

алынып тасталуы немесе беті жабылуы тиіс. 

Тоқсандық    жиынтық    бағалауды    өткізуге  дейін  мұғалім  білім 

алушылардың тапсырманы орындау барысында көмегі тиюі мүмкін тыйым 

салынған заттарды әкелмегеніне көз жеткізуі қажет. Білім алушылар өздерімен 

бірге тек тоқсандық жиынтық бағалау бойынша спецификацияда көрсетілген 

материалдарды, құралдарды және заттарды ғана әкелуіне болады.  Тыйым 

салынған заттардың болу жағдайы ережені бұзушылық болып саналады.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  туралы  жан-жақты  ақпарат 

тоқсандық  жиынтық  бағалауды  өткізу  бойынша  мұғалімдерге  арналған 

нұсқаулықта берілген (6-қосымша).   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет