Оқытудың күтілетін нәтижелері
– білім алушының оқу үдерісі
аяқталған кезде нені біліп, түсініп, нені көрсете алатынын айқындайтын
құзыреттіліктер жиынтығы.
Рефлексия
– қайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау
жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі.
Рубрика
– бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу
жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
– тоқсандық
жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны
өткізуге қойылатын талаптар.
Түрлі деңгейдегі тапсырмалар
– білім алушының қабілетін есепке ала
отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын
күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар.
|