Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет14/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   165
айран, 
ауыл,  қышлақ,  стакан  (тостаған),  кумыс,  тақыр,  юрта
 (<жұрт), ал қоныстанушы 
мәдениеттің тілінен жергілікті мәдениеттің тіліне  
белетен
 (плетен), 
көкбараз
 (купо-
рос), 
көпес, бөкебай, бөлке
 т.б. сөздер енді. Мұндай тілдік ауыс-түйістік екі мәдениеттің 
арасындағы арақашықтық жақындаған сәтте болатыны белгілі. 
Алғашқы кезде қоныстанушы мәдениет  өз танымына қарай, үстемдікпен жергілікті 
мәдениетке «тағы», «жабайы жұрт»  деп қарады. Қатарлас екі мәдениет әуелде бір-біріне 
достық ниетте болмағанмен,  қашықтықтан дистанциядан бірін-бірі бақылай  бастады. 
Уақыт  өте келе арақашықтық жақындай түсті. Қоныстанушы мәдениеттің қарапайым 
өкілдері (шаруалар)  жергілікті мәдениеттің кейбір  құндылықтарын байқай бастады: 
маскүнемдік, нашақорлық жоқ; ел ұстаған ағадан бастап,  таяқ ұстаған қойшыға дейін 
қисынды сөзге шешен екені; үлкенді, ата-ананы, оң жақта отырған қызды, ананы сыйлай-
тын, қарттарын қаңғыртпайтын, керісінше құрметтейтін, жетім-жесірін тентіретпейтін 
әдет-ғұрыптарының аса күшті болатыны; кеңпейілділігі, қонақжайлығы, көрші қақысына 


30
айрықша  мән  беріп,    ерекше  жоғары  қоятыны;  қазақтардың  оқуға,  жазуға    (ескіше) 
қаражаяу емес, ынталы екені мәдениетаралық қатынас жақындай түскеннен-ақ аңғарыла 
бастады. Мәдениет өкілдері бірін-бірі материалдық құндылық арқылы тануынан гөрі 
рухани құндылық арқылы тануының маңызы күшті болды. Олар өзінің тіл  бірегейлігін, 
дін  бірегейлігін,  әдет-ғұрып  бірегейлігін  сақтай  білді.  Қоныстанушы  мәдениет  пен 
жергілікті мәдениеттің арасындағы  арақашықтық уақыт өткен сайын жақындай түсті. 
Бұл ретте екі  мәдениет қатарлас өмір сүруіне  патшалық, Ресейдің ұлт саясаты емес, қазақ 
халқының 
толеранттылығы
 негізгі фактор болды. Толеранттылықтың жеке көріністері 
барлық халықта болуы ықтимал. Ал толеранттылықтың  жаппай халықтық сипат алуы 
қазақ қоғамында күшті болды. Бұлай деуімізге дәлел дәстүрлі қазақ қоғамында т а м ы р 
л а с т ы қ   и н с т и т у т ы н ы ң болуы. Бұл тұста байырғы қазақ қоғамы ойлап тапқан  
тамырластық  институтының
 мәні ерекше.
Мәселе  түсінікті  болуы  үшін  бұл  жерде  лингвистикалық  шегініс  жасауға  тура 
келеді.
Лингвистикалық шегініс
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы тамырласу институтының түп негізі алаш заманын-
да  пайда  болып,  құқықтық    сипаты  бар  ғұрыпқа  айналған.  Тамырласудың  шартта-
ры  құқықпен  қорғалатын  болған.  Лингвистикалық  дерекке  сүйенсек    қазақ  тілінде 
тамырдың төрт түрі бар екенін байқаймыз: 1) дос тамыр, 2) ауыз тамыр, 3) құда та-
мыр 4) қарға тамыр. Көне салт бойынша тамырласқан адамдар өз тамырын кездікпен 
қиып,  қанын  тостағандағы  суға  тамызып,  кезекпе-кезек  ішетін  рәсім  болған.  Бұл 
семиотикалық  таңба  «қанымыз  араласты,  бірге  туған  бауырмыз,  керек  десе  бір-
бірімізден малымызды да, жанымызды да аямаймыз» деген  семантиканы білдірген. 
Байырғы  кезде  осылайша  серттесіп,  анттасқан  адамдарды 
дос  тамыр
  деп  атаған. 
Кейіннен дос сөзі семантикалық девальвацияға ұшырады,  көңілі жақын, бірақ серт-
теспеген адамдар  да бірін-бірі дос деп атай береді. Бұрынғы  заманда тек серттескен  
адамдар ғана бірін-бірі досым  деп санаған, сондықтан достың жолы  ауыр  және өте  
жауапты деп білген. 
Тамырластық  институтының  қазақ  қоғамында  қайта    жаңғырған  тұстары  болған. 
Тамырласудың әуелбастағы прототипі өзгерді, 
дос тамыр 
болған адамдардың қан ара-
ластырып  серттесуі  жаугершілік  заманда    болған,  бейбіт  замандағы  рәсімі  басқаша 
болғанғанға ұқсайды. Серттесіп ант берудің рәсімі, бейбіт заманда қалау айтумен ауы-
стырылды. Тамыр боламыз деп ниет білдіруші өз қалауын айтады. Әдетте қалауға көбіне 
күллі руға олжа салатын жел жетпес жүйрік, алпыс екі айлалы түлкіні құтқармайтын 
алғыр тазы,  қырыпсал қыран бүркіт аталатын болған. Сондай-ақ күміс ертоқым, қалы 
кілем сияқты  бағалы заттар мен құны жоғары  зергерлік бұйымдар да қалауға  жүрген. 
Дос тамыр болған адамдар бір-бірінен қалауын айтуды  сұрайды және бір-біріне сұраған 
қалауын  береді.  Өз  қалауын  асықпай  жүріп,  бірнеше  жылдар  өткенде  айтатындар  да 
болған.  Сөйтіп,    қалауын  алған  соң,  достамырлық  қатынас  құқықтық  күшіне  енеді. 
Берген қалауын қайтарып алуға дос тамырдың құқы болмайды қай биге барса да: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет