ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
(латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ жазуы туралы ойлар)
Н. Әміржанова
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының
жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.
Кез келген ұлттық қоғамдастықтың ұлттық бірегейлігі тарихи, саяси, мәдени,
тілдік, территориялық, діни, өркениеттік және т.б. әртүрлі факторлармен анықталады.
Ұлттық бірегейлікті сақтауда аталған факторлардың әрқайсысының атқарар рөлі ерек-
ше. Соның ішінде біз жеке-дара бөліп алып қарастырып отырған тілдік фактордың
өзіндік маңызды қызметі бар.
Ал тілді тұрақтандыратын, асқақтататын – оның әліпбиі, яғни жазуы. Жер бетін ме-
кен еткен барша халық өзіндік ұлттық мұраларын осы жазу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа
мирас етіп келеді. Әліпби – ұлттың рухани байлығы. Жазу – ұлттың рухани қазынасын,
мұрасын, ғылымын, көркемөнерін, әдебиетін, мәдениетін сақтаушы қойма.
Жазу мәдениеті өте ерте заманда қалыптасқанымен, әлем халықтары арасында
жазудың негізгі үш түрі (латын, араб, кирил) кең қолданысқа ие.
Орта ғасырларда бүкіл Еуропа халықтарына кең таралған латын әліпбиі грек жа-
зуы негізінде пайда болған. Дегенмен, әрбір халық (тілі) әліпбиін өз тілінің дыбыстық
жүйесіне лайықтандырып, әріптердің мағынасын сақтап, формасын ғана өзгеріске
түсірген. Еуропаның сексен пайыз, Азияның елу шақты, Африканың жүз отызға тарта,
Американың алпысқа таяу халқы осы графика үлгісін қолданып келеді. Латын әліпбиінің
тіл ерекшелігіне бейімделгіштігі және жазудағы икемдігіне көз жеткізген басқа да әлем
халықтары оны өз әліпбиі ретінде қолданысқа енгізуге бет бұра бастады.
Еуразияның кіндігінде орныққан түркі тілдес халықтар өткен ғасырдың 20 жылда-
ры осы әліпби негізінде жазуын дамытқаны тарихтан мәлім.
Жазу мәдениетіне саясаттың кереғар ықпалының нәтижесінде әліпбиін өзгертуге
мәжбүр болған осы түркі тілдес халықтардың ішінде тек қана Түрік мемлекеті латын
графикасына негізделген жазумен сауаттанып келеді.
Тәуелсіздіктің алғашқы лебі соғылып, Кеңес Одағының ыдырауымен түркі тілдес
тәуелсіз республикаларда түркілік идея бас көтере бастады. Ұлттық бірегейлікті бекіту
мақсатында қазақ зиялылары түркілік түбірге назар аударды. Қазақ жазуын латын гра-
фикасына көшіру туралы мәселе қазақ зиялы топ өкілдерінің бастамасымен, 1989 жылы
«Тіл туралы» заңның қабылданысымен-ақ көтерілген болатын. Осындай әрекеттер
283
өзге де түркі тілдес республикаларда орын алып, бұл үдерісті ашық қолдаған, өзінің
сыртқы саясатында басқа түркі тілдес елдермен байланысын нығайтуды мақсат еткен,
ортақ түркі әліпбиі идеясын шабыттандырушы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің түрлі
салалық институттары мен жоғарғы мектептері, университеттерімен қарым-қатынас
жасаудың инициаторы
Түркия
елі болатын.
Түрік мемлекетінің ұстанымы бойынша, түркі тілдес елдер өркениетін нығайтудың
негізгі мәні мәдени құндылықтарда жатыр. Түркі мәдени бірегейлігін қалыптастыруда
басты рөлді түркі тілдерін латын графикасына көшіру атқаратыны белгілі.
1991 жылы Түрік үкіметі Анкара қаласында ұйымдастырылған жиынға Қазақстан,
Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерінің тіл білімі
ғылымының жетекші мамандарын шақырады. Мұнда аталған мемлекеттердің негізгі
халқының латын графикасына өту мәселесі талқыланады.
Жыл сайын Түркия және тәуелсіз түркі мемлекеттерінің саясаткерлері мен
ғалымдарының қатысуымен конференциялар өткізіледі*.
1992 жылы тағы да Түркия мемлекетінде түркі халықтарының бүкіләлемдік конгресі
өтеді. Қазақстаннан бұл жиынға 50 делегат қатысады. Конгресс күнтәртібіндегі
мәселелер арасында түркі халықтарының жазуын латын әліпбиіне көшіру мәселесі
де бар болатын. Осы жиынға қатысқан академик-тілші ғалым Ә. Қайдар бастаманың
конгреске қатысушылар тарапынан кең қолдау тапқандығын, латын графикасы түркі
халықтары тілінің ортақ әліпбиі ғана емес, олардың мәдени, рухани, әдеби тағы басқа
да байланыстарының іргетасы болуы қажеттігін айтады [1].
Конгрестен қайтқан академик-тілші ғалым Ә.Қайдар қазақ жазуының латын графи-
касына өтуі кезек күттірмейтін аса қажеттілік екенін негіздеп, үлкен мақала жариялай-
ды. Соңын ала осы мәселе бойынша ел президентіне де ашықхат жолдайды.
Осы хат негізінде ел президенті әліпби ауыстыру мәселесіне байланысты қоғамдық
пікірді зерттеу үшін өкілетті органдарға тапсырма жүктейді [2, 2].
Тіл комитеті тарапынан ұйымдастырылып, ғалымдардан, әдебиет және өнер, қоғам
* 1991 жылдың қараша айының 18-20 күндері аралығында Стамбулдағы Мармар университетінде өткен конфе-
ренцияда КСРО құрамында болған түркі мемлекеттеріне қазіргі таңда Түркияда ортақ латын әліпбиі негізінде
қолданылып отырған 29 әріптен тұратын әліпбиді тағы бес әріппен толықтырып қолдануды ұсынды. Аталмыш
әліпби барлық түркі тілдес халықтар үшін ортақ әліпби болады және олардың әрқайсысы оған өзінің тілдік
ерекшеліктеріне байланысты өзгертулер енгізе алады деп болжам жасалады.
Осы мәжілістен соң 1992 жылы 19-21 маусым аралығында Стамбулда Түрік Республикасының президенті Тұрғыт
Озалдың бастамасымен Түркия және бес түркі мемлекеттерінің үкіметтік делегацияларының жоғарғы деңгейдегі
кездесуі болып өтеді. Осы бірінші кездесу барысында және 1993 жылдың 8-10 наурыз аралығындағы Анкарада
өткен кездесуде Әзербайжан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның мәдениет министрлері ортақ
әліпби мәселелерін күн тәртібіне түсіріп талқылайды. Сонымен қатар, 1992 жылдың 4-8 маусымы аралығында
Анкарада, 1992 жылы 22 маусымда Мюнхенде, 1992 жылы қараша айының 26-27-і күндері Анкарада, 1993 жылдың
21-23 наурыз күндері Анталияда Түркия және посткеңестік түркі мемлекеттерінің ғалымдары кездесу өткізіп,
ортақ әліпби мен орфография мәселесін ұзақ талқылайды. 1993 жылы қыркүйектің 22-26-ы күндері аралығында
Түркияның мәдениет министрлігі ұйымдастырған, Анкарада өткен, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан,
Әзербайжан және Түрікменстан мемлекеттерінің тіл мамандары қатысқан конференцияда ортақ жазудың оң және
теріс жақтары талқыланады. Күн тәртібінде бір ғана мәселе – түркі халықтарын тек Түркияда ғана қолданылып
отырған латын әліпбиіне негізделген ортақ жазуға көшіру болды. Мамандардың талқылауы мен пікір алысуынан
соң, түркі халықтары үшін бұл әліпби ортақ және өздерінің тілдік ерекшеліктеріне байланысты өзгертулер енгізуге
болатындай келісіммен, ғылыми негізде жасалған 34 әріптен тұратын әліпби жүйесі қабылданады. Осыдан кейін
Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан мемлекеттері біртіндеп жаңа әліпбиге көшті.
284
қайраткелерінен, мемлекеттік мекемелер өкілдерінен құрылған комиссия қазақ жазуын
латын графикасына көшіру бойынша келіп түскен жобаларды сараптау жұмысын бас-
тап кетеді.
1995 жылы март айында Қазақстан халықтары ассамблеясының бірінші сессиясын-
да Н. Назарбаев латын графикасына өту мәселесі қоғам мен мемлекет назарынан тыс
қалмау қажеттігін қозғағанымен, не үкіметке не басқа мемлекеттік органдарға нақты
тапсырма берген жоқ.
Ал 2007 жылы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан халықтары ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде және
2012 жылғы жолдауында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру мәселесіне қайта оралу ке-
рек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де, латын қарпі коммуникациялық
кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңістік елдердің
латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені
зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой
алдырмай, оның плюстері мен минустарын зерделеп алуымыз керек» деген-ді.
Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі латын графикасы негізіндегі жаңа
әліпбиге көшу шараларын А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының құзырына
тапсырған болатын. Аталған институтқа Философия және саясаттану, Р.Сүлейменов
атындағы Шығыстану, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер және Экономика, Информатика институттарының ішінен
ғылыми қызметкерлер, орындаушылар тағайындалып, латын графикасы негізіндегі қазақ
әліпбилерінің жобалары талқыланды, жаңа әліпбиге кететін экономикалық шығындар
есептеліп, халық арасында түрлі әлеуметтік сауалнамалар және шетелдік тәжірибелер
қарастырылып, сараптамалар, ғылыми негіздемелер жасалды. Алайда, қазіргі Қазақстан
қоғамында өзекті мәселе болып тұрған қазақ жазбасын өзгерту — әліпби мәселесі басы
ашық күйінде қалып отыр. Оның басты себебі — ғалымдар, қоғам, өнер қайраткерлері
арасындағы әртүрлі көзқарастар мен пікір қайшылықтары. Өз ұстанымдарын негіздеуге
тырысқан зиялы топ өкілдері бір тоқтамға келген жоқ. Сонымен қазіргі қазақ қоғамында
әліпби реформасын жасау мәселесіне қатысты төрт түрлі көзқарас қалыптасқан.
Бірінші топ Орхон жазуына өту керек десе, екіншілері А.Байтұрсынұлы реформалаған
араб әліпбиі негізінде жасалған төте жазуды қайта ұстануды қолдайды. Үшінші топ-
ты құраушылар қолданыстағы әліпбидің кемшін тұстарын реформалау керек, ал басқа
әліпбиге көшу халықты сауатсыздандыруға жеткізетіндігін алға тосады. Енді бір басым
бөлігі қазіргі заман технологиясында қолдануға жеңілдігін, басқа да артықшылықтарын
санамалай ескеріп, латын графикасы негізіндегі әліпби жүйесіне түпкілікті тоқталуды
жөн санайды.
Бір айта кетер жайт, осы төрт топ өкілдерінің пікір қайшылықтары өткен ғасырдың
алғашқы ширегінде болған әліпби реформалауға қатысты қызу тартыстарды еске
түсіреді.
Көне түркі жазуы – түркі халықтарының, атап айтқанда, қазақ халқының тілдік,
рухани мұрасы. Мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларда Орхон жазуы-
на, араб графикасына көшу ұстанымын қолдайтын ғалымдардың пікірі ауық-ауық
көрініп қалады. Жазушы А.Сейдімбек «Қазақ әліпбиін жаңғыртуға қатысты ойласатын
285
мәселелер» атты мақаласында кез келген әліпби компьютерге жат болмайтынын, қытай,
жапон, араб, орыс, грузин, армян сияқты елдер төл әрпімен-ақ әлемдік өркениеттен
қалыспай келе жатқанын айта келіп, төл руникалық әліпбиді қабылдауға ұсыныс жасай-
ды [3]. Ә.Жақыпов, С.Сыпатайұлы, А.Мектеп-тегі осы пікірге қосыла отырып, қазірден
бастап көне түркі жазуына белгілі бір саты бойынша көшуді жоспарлау керек екенін
атап көрсетеді. А.Мектеп-тегі: «Руна жазуы – әрбір рудың қасиетті рулық таңбасының
жиынтығы. Руна алфавитінің құрамында қазақтың, башқұрттың, түрікменнің, татардың,
ұйғырдың, түріктің қасиетті рулық таңбалары бар. Сондықтан мемлекеттік тілдің баян-
ды болуы үшін, рухани тәуелсіздіктің кепілі – руна алфавиті, – деп айта келіп, – ақыры
әліпбиді өзгерту керек екен, мәңгі жазу үлгімізді – ежелгі түркі руникалық әліпбиді
тілімізге икемдеп алуға мемлекеттік деңгейде бүгіннен бастап қам жасағанымыз лазым.
Руника жазуын, яки бабатүрік төлтума жазу нұсқамызды алар болсақ, орыс, ағылшын,
қытай, араб т.б. өзге жұртқа мәдениетіміздің ежелден дамығандығын іс жүзінде дә-
лелдейміз. Өзгеге жалтақтаған мінезден арыламыз,» – деп түйіндейді [4].
Бұл пікірлер ұлтжандылық сезімнен шыққан көзқарас екені даусыз. Алайда, кейбір
маман ғалымдар пікірінше, көне түркі таңбаларының дыбыстық мәнінің айқын-
далмаған тұстары көп.
Ғалымдардың көрсетуі бойынша, Орхон әліпбиінің вокализм жүйесі 8 дауысты-
дан, консонантизм жүйесі 16 дауыссыз дыбыстан тұрады. Осымен байланысты Орхон
әліпбиіне көшетін болсақ, тон сөзіндегі т дауыссызын бір таңбамен, төн сөзіндегі
[н’]-ді басқа бір таңбамен белгілеуге тура келеді және 9 дауыстыны 5 әріппен,
16 дауыссызды 32 әріппен таңбалауымыз қажет. Орхон «Әліпби» концептісімен бай-
ланысты кодқа салынған мұндай ақпараттар тек филолог, тарихшы, шығыстанушы,
қоғамтанушы және дилетанттардың тілдік санасында білім алу жолымен жүйеленген.
Ал өзге жұртшылықтың когнитивтік санасында білім түрінде орныққан ақпараттар
жеткілікті болмағандықтан, мұрагері ретінде қайта жаңғыртып Орхон әліпбиін, қазақ
әліпбиі ретінде алу ұсынысы қалың жұртшылықта қолдау табатыны күмәнді болып
қалды. Ұсынылған жобалар жоқтың қасы, ғылыми-лингвистикалық тұрғыдан негіздеу,
мықты дейтіндей факторларды ашып көрсету жағы олқы болып келеді [5]. Сонымен
Орхон-Енисей руналық жазуы бүгінгі заманның информациялық қауырт та қарбалас
талаптарын орындауға ыңғайланбағандықтан, оны қабылдауға болмайтын тағы да
басқа себептермен мамандар тарапынан көп қолдау таба қойған жоқ.
Екінші топ өкілдері латынға да көшпей, кирил жазуында да қалып қоймай, араб жазуы-
на көшуді қолдайды. Шынында да, осындай шешуші сәтте қайтадан ислам мәдениетімен
табысу үшін, ата-бабаларымыз мың жылдан астам уақыт бойы қолданып келген, қазақ
тілінің барша дыбысын толығымен кескіндеп, өрнектей алатын, жетілген, жаңғыртылған
араб жазуына көшсек қайтеді деген ой желісімен айтылған пікірлер баспасөз беттерінде
оқтын-оқтын көрініп қалады [6]. Араб жазуын қолдаушы Д. Елдесов өз тұжырымын:
«Латинский алфавит не является национальным, традиционным для тюркских наро-
дов, как арабский или древнетюркский. Лингвисты заняты тем, чтобы придать увяда-
ющей кроне языка европейскую, латинскую форму. Хотя за ней для нас нет ничего
ни литературы, ни истории, ни религии. Пробуждение национального самосознания
казахов, возрождение духовности и языка связано с культурой и письменностью Сте-
286
пи-арабской и древнетюркской. Для начала оздоровления языка необходимо ввести
учебную программу казахских школ и вузов изучение арабского алфавита и основы
языка, древнетюрских письменности. А также реформировать нынешней казахской
алфавит (и произношение названий букв) согласно фонетике языка Абая с учетом ал-
фавита Байтурсынова и привести в соответствие с ним заимствования или заменить
их казахскими эквивалентами. Это языковая и школьная реформа, которая поможет
развиттию языка» деп көрсеткен [7].
Әліпбиді өзгертуге байланысты пікірталастар негізінен соңғы екі топтың ара-
сында ерекше өтуде. Кирил негізіндегі әліпбиді жақтаушылар өз негіздерін дәйекті
дәлелдерімен көрсетеді. Атап айтқанда:
- кирил жазуы Қазақстандағы әлеуметтік барша салада этностар арасында қарым-
қатынастық қызмет атқару құралы;
- Қазақстандағы барлық тілдердің, тіпті қазақ тілінің өзін қосқанда, бірыңғай жазу
тілі;
- осы кезеңге дейінгі барлық баспалық өнімдер кирил жазуымен жарық көрген;
- графиканы өзгерту – халықтың тоқырап қалып, сауатсыздануына әкеліп, орта, аға
буынның жас буынмен арасындағы сабақтастығы үзіледі;
- жас буын ұрпақтары мәдени құндылықтардан мақұрым қалып, латын графикасы-
мен білім алған жас буын үшін бұл мұралар қолжетімсіз болады;
- психологиялық, экономикалық жағынан тиімсіз болып саналады.
Аталған және басқа да проблемалар болғандықтан, латын жазуына өтудің қажеттігі
жоқтығын айтып, бұл мәселені Қазақстанда латын графикасын енгізуге қолайлы
жағдай болатын болашақтың үлесіне қалдырған дұрыс деп ойлайды.
Жалпы графиканы өзгертуге қарсылық танытып, кирил жазуының сақталып
қалуына үн қосып жүргендер тобында О.Сүлейменов, Э.Төреханов Е.Игенберлин
А.Құлпатшаева Л.Дүйсембекова Ж.Асанов және т.б. ғалымдар мен зиялы қауым
өкілдері бар. Сонымен қатар Қазақстанның әліпби реформасына көрші Ресей
ақпараттары да теріс көзқарастар танытып, өз ықпалын жүргізуден айрылып қалу
қаупінен қорқатындықтарын, отаршыл пиғылдан арылмағандықтарын байқатып
қалды. Осы пікір ағымындағы жазушы Б.Нұржекеұлы мәселеге басқа қырынан келіп,
мысал ретінде: «...бақыт» сөзін «bagьt» деп таңбалаудың не артықшылығы бар, одан
да қолданып отырған әліпбиімізді реформалап, орыс тілінен енген таңбаларды алып
тастауға болады» – деп, жазу реформасын жасаудың өзінше тиімді нұсқасын ұсынады.
Қазақ тілінің латын негізіндегі әліпбиге көшу қажеттігін мәселе ретінде көтеріп
жүргендердің шоғыры анағұрлым басымырақ. Осы ұстанымды қолдаушылар да
өзіндік дәйектерін көп аспектілік негізде ұсынып, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі
Қазақстанның түркі халықтары әлемімен жақындасуына мүмкіндік беретіндігін, ал
бұл дегеніміз Қазақстанның мәдениетін және ұлттық бірегейлігін нығайтуға септігін
тигізетіндігін; латын графикасына өту Қазақстанның Ресейдің империялық ықпалынан,
сыналап енген орыс мәдениетінен құтылудың жолы ретінде ұлттық бірегейліктің
ғұмырын ұзартатын, әлем қазақтарын біріктіретін құрал екендігін, Қазақстанның
өзінің дербес ұлттық жазуы болатындығын басты критерий етіп көрсетеді.
Айта кетерлік жайт, бұрынғы посткеңістік түркі елдері дербестік алысымен ұлттық
287
бірегейлігін нығайту, ұлттық тілін дамыту, орыс тілінің және әліпбиінің отарлық
әсерінен құтылу мақсатында өткен ғасырдың 1990 жылдарында-ақ өз жазуларын ла-
тын әліпбиі үлгісіне түсірген болатын.
Әліпби ауыстыру мәселесі көтерілген 1990 жылдардың басында латын графи-
касы негізіндегі әліпбиді енгізуге байланысты қарсы көзқарастардың көп болуына
қарамастан, Ә.Қайдаров бастаған қазақ ғалымдары осы ұстанымды берік ұстанды.
Ғалым академик Ө.Айтбаев қазақ тіліне және бүкіл Қазақстанға латын графикасын
енгізудің принциптік мәні бар екенін айта келіп, бұл мәселеге филологиялық тұрғыдан
қарап, латын әліпбиі кирилге қарағанда қазақ тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне
сай келетіндігін атап көрсетеді. Сонымен қатар, оның пікірінше, латын әліпбиі қазақ
халқының тілін, рухын, ділін сақтайтын маңызды мәдени элемент [8].
Д.Исабеков мерзімді баспасөз беттерінде латын графикасын қолдайтындығын
білдіріп келе жатқан қазақ жазушысының бірі. Оның пікірінше, латын әліпбиі
қазақтың дербес ұлт екендігін сездіретін, ұлттық бірегейлікті бекітетін және өзінің
ұлттық мүдделерін қорғауға мүмкіндік беретін құрал.
Профессор К.Хұсайын тіліміздің өзге түркі тілдес халықтардан ерекшелігі
болғанымен, түріктік біртұтастықтың негізі ретінде жазуымыздың латын әліпбиі
негізінде болуын қолдайтындығын баса айтып көрсетеді. Дегенмен, ғалым қазақ
тілінің латын әліпбиіне ауысуын рухани байлығымыздан ажырап қалмау үшін сатылап
жүргізу қажеттілігін айтады [9].
Неміс ұлтының өкілі, жазушы, аудармашы Герольд Бельгер көп жылдар бойы осы
пікір ағымын қолдап келеді. Оның көзқарасынша, латын жазуы түркі халықтарының
жоғалған байланыстарын қайта қалпына келуіне себеп болады [10].
Жалпы латын әліпбиіне өту, яғни әліпби реформасына байланысты нақты дәйектер
келтіріп жүрген ғалымдар: Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова,
З.Базарбаева, Р.Қадыржанов, А.Айтқожин, А.Мереке, Д.Мыңжасарқызы, А.Шананов,
И.М.Кушенов, М.Жұрынов М.Алтай, Р.Бұласай, Б.Сарбалаұлы, Қ.Ғабитханұлы,
А.Сейітұлы және тағы басқалар осы мәселені әр қырынан талдап, жобаларын ұсынып
келеді.
Латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілгеннен бері, 1990 жылдардан бастап
қазақ тілінің ұлттық әліпбиін жасау үшін лингвистер, програмашылар және тағы
басқа сала мамандары өзіндік жобаларын ұсынып келеді. Ұсынылған жобалардың
көпшілігі лингвистикалық талаптарға, сонымен қатар ортақ әліпби жүйесіне сәйкес
алынбағандықтан, көпшілік ғалымдар тарапынан қолдау тауып отырған жоқ. Айта
кетелік, кейбір жобаларда қазіргі қолданыстағы 42 әріп автоматты түрде латын
әрпіне түсіріліп берілсе, ендігі бір топ жобаларда орыс тілінен енген кірме дыбыстар
қосар таңбамен, мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |