148
жүрсін), періште әумин десін, періштелер жолыңды оңғарсын»
сынды қолданыстар бар.
Терроризм, терррорист, экстремизм, экстремист, моджехед
сөздері көбіне қатар
жұмсалады. Алдыңғы екі сөзді, тиісінше
лаңкестік, лаңкес
түрінде аударып жүрміз.
Террорист
,
экстремист
сөздерінің орнына кейде
содыр
нұсқасы да қолданылып жүр.
Терроризм (лаңкестік) – (лат. тіл. –
«үрей, қорқыныш», «қорқыту»
) – экстремизмнің
шеткі көрінісі. Терроризм (лаңкестік) саяси мақсатқа жету жолындағы аса қатігездік,
қорқыту, күштеу әдістерін қолданады. Экстремизм – (лат. тіл. – «
шеткі
») – адамның
басқа түсініктерді, сенімдерді, дәстүрлер мен құндылықтарды қабылдамауға түрткі
болатын белгілі бір сенімдер мен идеяларға деген шектен тыс радикалды көзқарас жо-
лын ұстануы [3]. ҚОС-та:
Терроризм – терроризм
[5, 788],
Экстремизм – экстремизм,
Экстремист (-ске, -сі) – экстремист
[3, 957] нұсқалары ұсынылған. ҚООҚТС-тың
қазақша-орысша бөлігінде
лаңкестер, терроршылар – террористы
[4, 141],
Экстре-
мизм – экстремизм
[4, 243] түрінде, ал орысша-қазақша бөлігінде
терроризм – тер-
роризм, лаңкестік, террорист – лаңкес, террористы – лаңкестер,
сөздерімен қатар,
терроризм международный – халықаралық терроризм, лаңкестік, терроризм поли-
тический – саяси терроршылдық, лаңкестік, террористические угрозы – террорлық
қауіп-қатерлер, террористический акт – террорлық акт
сөздері берілген екен [4, 451].
Газеттерде экстремизм, экстремист сөздері содырлық, содыр болып беріледі. Сәнге
айналған содырлық. «Жас Қазақ», 9 желтоқсан 2011 жыл. № 48 (360). Содыр болсам
қайтеді? «Дала мен қала», 28 қыркүйек 2008 жыл. №35 (262); Содырлар мінез таныт-
ты. «Ана тілі», 7 - 10 қазан 2010 жыл. № 40 (1033); Тіпті, сол содырлардың кім екенін
ашық айтпай, «дін жамылған террористер» деп оларды қалқалауы – нені көрсететіні
белгілі ғой. «Қазақ үні», 14 қазан 2011 жыл. № 41-42 (513). Сондай-ақ террроризм,
террорист сөздері
ланкестік
,
ланкес, ланкесші
ретінде жазылып жүр. Бейсенбі күні
АҚШ президенті Джорж Буш Нельсон Мандела жетекшілік ететін Африканың ұлттық
конгресі ұйымын ланкестік ұйымдардың қатарынан шығару туралы бұйрыққа қол
қойды. «Дала мен қала», 4 шілде 2008 жыл. № 26-27 (254); «2001 жылы қыркүйекте
АҚШ-та ланкестік жасаған бен Ладеннің көзін жойдық. «Жас алаш», 4 мамыр
2011 жыл. № 34 (15596). Қамауға алынға ланкестің берген түсініктемесінде жарылыс-
ты ұйымдастыруға жергілікті әкімшіліктің 15 адамы көмектескен көрінеді. «Айқын»,
12 тамыз 2008 жыл. № 149 (1086); Тарих бетінде қаралы Олимпиада ретінде сақталатын
бұл доданың шырқын израильдік спортшыларды кепілге алған палестиналық ланкес-
тер бұзды «Айқын», 4 наурыз 2010 жыл. № 38 (1462). Ланкесшілердің бірі өзін Пре-
зидент сарайы жанында жарып жіберді» дегенді алға тартуда. «Ана тілі», 21-27 қаңтар
2010 жыл. № 3 (996).
Муджахит – (араб тіл. –
Достарыңызбен бөлісу: