161
адам баласына, малына жамандықты да Тәңірден, Құдайдан, Алладан сұрайды. Қазақ
тіліндегі қарғыс мәнді сөздердің құрамында Тәңір, Алла, Құдай сөздері түрік тілімен
салыстырғанда кезектесіп қолданыла береді. Мәселен,
Алла жазаңды берсін – Құдай
жазаңды берсін – Тәңір жазаңды берсін; Алланың кәрі тиді – Құдайдың кәрі тиді;
Құдай тілеуіңді бермесін – Алла тілеуіңді бермесін; Құдай төбеңнен ұрсын – Алла
төбеңнен ұрсын
және т.б.
Көне заманнан бастап адамзат жеткізіп, дамытып келе жатқан әдет-ғұрып мен салт-
дәстүрлер арасында қарғыс сөздер, әдейі не абайсызда болсын, ғасырдан ғасырға, бір
заманнан екінші заманға жеткізіледі. Қолданылған сөздер өзгерсе де, уақыт өте келе
жаңа түрлермен қарғыс сөздердің қоры қайта молаяды, адам қарғыс сөздерден бас
тарта алмайды. Басына іс түскенде, шарасы таусылған әр сәтте Жаратушысына жалба-
рынып тұрып, әділеттілік үшін кері дұға тілейді.
Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, күнделікті өмір тірлігіне байланысты
қарғыс сөздерді әртүрлі жіктеуге болады. Дегенмен де, өмірі малмен байланысты
болғандықтан, тілімізде малды қарғау, малмен қарғану түрлері жиі кездеседі. Мәселен,
Ала күлік келгір, Арам қатқыр, Қараң батқыр, Сайтан алғыр, Мал көрмегір, Нәсілсіз
итболғыр, Қарасан келгір
және т.б. Басқа қарғыстың түрінен малға қарата айтқан
қарғыстың өзіндік ерекшеліктерін атап өтеміз. Себебі мұнда ашыну, зілденуден гөрі
кею мәнде айтылу басымырақ. Малға қарата шын мәніндегі жамандық тілеу болмай-
ды. Тілдегі малға қарата айтылған тілек мәнді сөздер қазіргі тілімізде сол қаз-қалпында
сақталғанымен, қарғыс мәнді сөз тіркесінің бірқатары қазір ауыспалы мағынада және
штамп сөздер ретінде қолданылады.
Сонымен қорыта келе, қарғыс мәнді сөздер қазақ тілінде болмасын, түрік тілінде
де болмасын айтылған кезде адамның сол сәттегі сезімін, ішкі жан қиналысын береді.
Алайда, айтылу себептері белгілі, санаулы болады. Ол себептер адамның мінез-құлқы-
на, өмір сүру жағдайына, шартына және басынан өткізген оқиғасына байланысты
өзгеріп тұрады. Қарғыс сөздерді саралай келе, адамды қарғыс айтуға итермелейтін
төмендегідей себептерді атауға болады: а) отбасы немесе қоғам тарапынан ұятты бо-
лып есептелетін әрекетке барған адамды қарғау; ә) күнделікті өмір барысында кісілер дің
бір-біріне айтқан, зілді, зілсіз қарғыстары; б) адам баласына қасірет әкелетін зұлымдық
жасаған кісіні қарғау; в) ұлттық езгіге қарсы айтылатын қарғыс сөздер; г) жауапсыз
сезімге қарсы айтылатын қарғыстар және ғ) ар-намысы аяққа тапталғанда айтылатын
қарғыстар.
Әдебиеттер:
1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. 5-том. – Алматы, 1998.
2. Түлекова С. Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мәнді фразеологизмдер. Кан.дис-
сер. – Алматы, 1974.
3. Көңіл-күй лебіздерін білдіретін сөз орамдары / Құраст. Бизақов С. – Алматы:
ТОО «Самара-Принт», 2007. – 308 б.
4. Камиль Тойгар Х. Анкара фольклорындағы қарғыс сөздер. 1961.
5. Ерол Кайа. Ван бәддұғалары. 1968.
6. Сами Акалын. Түрік тілек сөздеріндегі
алғыстар мен қарғыстар, 1990.