Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


ТҮРКІ ЖАЗУЫ – ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет92/165
Дата14.12.2021
өлшемі4,15 Mb.
#126269
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165
ТҮРКІ ЖАЗУЫ – ЕРЕКШЕ МАҢЫЗДЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ
М.Малбақұлы
А.Байтұрсынұлы атындағы  Тіл білімі   институтының 
бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор
  «Ел  күшті  болмай,  тіл  күшті  бола  алмайды»  деген  пікірде  ащы  шындық  бар. 
Оның    мысалын  өмірден  байқап  отырмыз.  Қазіргі  кезеңде  әлемдік  ғылым  мен 
білімнің,  бизнестің,  ақпараттың  басты  орталығына  айналып  отырған  АҚШ-тағы, 
Ұлыбританиядағы,  басқа  да  ағылшын  тілді  елдердегі  дамудың  жоғары  деңгейі, 
ағылшын тілінің халықаралық тіл ретіндегі мәртебесі осыған дәлел. Осы мәртебеге 
орай латын графикалы ағылшын жазуы да өркендеп, оның терминологиялық әлеуеті 
күн санап артып келеді. Ағылшын тілімен, оның жазуымен терезе теңестіре алмаса да, 
қарқынды дамып келе жатқан, байырғы өркениет пен мәдениет ошағы болып санала-
тын Қытай, Үндістан елдерінің өз жазуларын сақтап, күнделікті қолданып отырғаны 
ақиқат. Өздерінің көне жазу нұсқалары бола тұра, оларды мемлекеттік дәреже-деңгейде 
дамытпай, өзгелердің жазу үлгілерін пайдаланып отырған ірі елдердің арасынан Иран-
ды, түркі мемлекеттерін атап өткен жөн. Иран халқының «соғды», «пехлеви» тәрізді, 
олардан басқа да төл жазу түрлері бола тұра, бұл ел араб графикалы жазуды қолданып 
отыр.  Сондай-ақ,  көне  түркілердің  төл  жазуы  болғанмен,  түркі  жұрты  қазіргі  кез-
де негізінен араб, латын, кирилл жазуларын қолдануда. Бұл жағдай әр елдің бастан 
өткеріп отырған тарихи жағдаяттарына, замана талабына сәйкес қалыптасып отыр.
Тіл  –  тарихи-әлеуметтік  құбылыс.  Тілді  қолданушылар  әр  заманда  оның  өзіне 
дейінгі  жинақталған  сөздік  қорын,  қалыптасқан  заңдылықтарын  қолдана  отырып, 
тілішілік  және  тілден  тыс  факторларға  байланысты  өз  тарапынан  әртүрлі  ереже-
қағидаларды  енгізетіні,  сөздік  құрамды  әртүрлі  қырынан  байытатыны  және  қандай 
да бір бөлігін  қолданыстан мүлде шығарып тастайтыны, я болмаса бұрыннан келе 
жатқан  қолданыстарды  әр  түрлі  қырынан  өзгертетіні  белгілі.  Тілдің  осындай  даму 
және қалыптасу заңдылықтарын қазіргі кезде қолданылатын тілдердің деректерімен 
салыстыра  отырып  айқындау,  олардың  арасындағы  сабақтастықты  анықтау  қазіргі 
таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Ел тарихы, тіл тарихы, жазу тарихы үнемі ажырағысыз бүтіндікте дамиды десек 
қателескен болар едік. Жаратылыстан бері бір ғана негізден тараған саф таза ел де, тіл 
де, жазу да жоқ. Ел мен елдің араласуы, өркениеттердің түйісуі, мәдени байланыстар 
әрқашанда өздерінің тарихи іздерін қалдырып отырады. Мәселен, түркілердің ежелгі 
иран  елімен  бұрынғы  замандардан  бері  қатар  отырғаны‚  қоян-қолтық  араласқаны 
белгілі. Иран текті халықтар өкілдерінің, жекелеген топтардың түркі халықтарының 
құрамына еніп‚ сіңіп кеткен жағдайлары да болған. Бірнеше мың жылдық көршілестік 
негізіндегі  мәдени  байланыстардың  дәнекерлік  қызметі  және  бар.  Сондықтан,  ма-
ман ғалымдардың пікірі бойынша, иран және түркі тілдерінің көне дәуіріне қатысты 
мұрағаттардағы  лексикалық  бірліктердің  тілдік  табиғатын  айқындауда  аталған 
тілдердің даму жолындағы түрлі кезеңдердің ерекшеліктерін ескерген жөн.
Түркі-моңғол  тайпаларының‚  түркі  және  моңғол  тілдерінің  арасы  тіпті  жақын. 


199
Ежелден аралас-құралас өмір сүріп келе жатқан түркілер мен моңғолдардың бұрынғы 
кезден  бері  аудармасыз  тілдесіп  келгендігі  анық.  Оның  үстіне  түркі-моңғол  ру, 
тайпаларының  бір  мемлекет  құрамында  болуына  байланысты  бір-бірінің  құрамына 
сіңіп  кету  жағдайлары  да  тарихта  жиі  кездеседі.  Осындай  жағдайларға  байла-
нысты  жекелеген  атаулардың,  сөздердің  аталған  екі  тілдің  бірінен  біріне  ауысуы 
мәселесінде  ақиқатқа  жету  өте  қиын.  Осы  тұрғыдан,  Ө.Айтбайұлының  «ұлт  болып 
бөлінбей тұрған кезде ортақ қолданыста болған сөздерді бір тілден екінші тілге ауыс-
ты деп айту қисынсыз. Асылы‚ тіл-тілдегі мұндай элементтерді ортақ мұра есебінде 
қарастырған  жөн  деп  ойлаймыз»  -  деген  пікірі  қисынды  көрінеді  [1].  Сондықтан 
түркі  (қазақ)  және  моңғол  тілдеріне  тән  лексика  құрамын  белгілеуде  сөздердің  қай 
кезеңге жататындығына басты назар аударудың қажеттігін мамандар бұрыннан айтып 
келеді. Сол себепті, біріншіден, 
түркі-моңғол тіл
 
бірлестігі
 кезеңінің хронологиялық 
шектерін  анықтау,  екіншіден‚  осы  кезеңге  жататын  лексиканы  ортақ  мұра  ретінде 
қарастырудың қажеттігі дау тудырмайды.Ұлыстың‚ ұлттың тарихы мен тілдің тарихы 
үнемі тел ағыста бола бермейтіндігі‚ синхронды дамымайтындығы да анық жағдай. 
Ел тарихында өз ана тілін пайдалану да, өзге өгей тілді пайдалану да, қостілділік пен 
көптілділік кезеңдері де кездеседі. Олар тілде өз іздерін қалдырады.
Осы жерде хронологияға қатысты бір жайтты айта кетсек артық болмас. 1930 жыл-
дары  түркі  тілдерінің  күрделі  грамматикалық  құрылымына  назар  аударған  академик 
Н.Я.Марр  бұл  тілдердің  үлкен  даму  жолынан  өткендігі  байқалатынын,  сол  себепті 
тарихы  тереңге  кететінін  жазған  еді.  Белгілі  түркітанушы  ғалым  А.Зайончковский 
түркі  халықтарының  тілдеріне  жіктеме  жасау  ісіндегі  үндіеуропалық  диахрониялық 
грамматика  ұғымдарына  сәйкестендірушілікті, 
көне  түркі  тілі,  орта  түркі  тілі
 
кезеңдерін үндіеуропалық хронология бойынша дәуірлеуді сынға алған болатын. Автор: 
«Шындығында, көне түркі тілі мен орта түркі тілінің қандай кезеңдерді қамтитындығын 
әлі толық анықтап болғанымыз жоқ. Себебі ескі түркі тілі туралы айту үшін, мәселен, 
осы тілдің «мұз дәуірі» кезеңіндегі жай-күйін білу қажет» - деген ой айтқан [2]. Демек, 
ғалым түркі тілдерінің өте көне тілдер қатарына жататындығын мегзеп отыр. 
Профессор Хасан Ерен Еуропа мен Азиядағы алып аумақта қоныстанған жүз мил-
лионнан астам халықты құрайтын тіл тобының жекелеген топшаларға айрылуы табиғи 
екенін жаза отырып, «алайда, қазіргі түркі сөйленістерінің  арасындағы көзге түсетін 
айырмашылықтар  бұл  тілдердің 
бір  ана  тілден  шыққандығы
  туралы  шындықты 
жоққа шығара алмайды. Әрине, түрік атауының ескі бір заманда шыққандығы анық. 
Алайда ол атаудың Вильгельм Бартольдтың пікірі бойынша, алтыншы ғасырдан арғы 
кезеңде қолданылғандығы туралы дерек жоқ. Алайда бұл одан бұрын қолданылған 
жоқ дегендік емес» - дейді[3].
Қазіргі түркі топтарының бірлескен бұл ортақ тілін түрік тіл білімінде 
Ана Түрікше 
деп атайды. Бұл ана тіл қолданылатын аймақтар мен елдер түркілердің «ана жұрты» 
саналады. Түрік ғалымдары «ана жұрт», «ана түрікше» ұғымдарын жалпы алғанда, 
ескі, байырғы кезеңге, бағзы заманға қатысты қолданады. Әрине, ескі түркі жазбала-
ры түрік тілінің кемелденген тіл екенін көрсетіп отыр. Демек, осы жағдайға келгенше, 
тіл  ұзақ  даму  сатыларынан  өткен.  Кейбір  ғылыми  пайымдаулар  бойынша,  түріктер 
бұдан төрт мың жыл бұрын өздерінің ана жұрттарынан жайыла, тарала бастаған.


200
Дегенмен, ескі түркідегі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет