Е. А. Юркова денешынықтыру әдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Бір орында тұрып жасалатын саптық тәсілдер



Pdf көрінісі
бет13/524
Дата14.12.2021
өлшемі1,88 Mb.
#126277
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   524
Байланысты:
Дене шынықтыру 4
5-11 сынып дәптері, Нур Микробио 9срс
Бір орында тұрып жасалатын саптық тәсілдер 
 
Сапқа тұру – балалардың бірлескен іс-қимылдар жасау үшін орналасуы. Мысалы: бір-
бірден  немесе  жұптасып  тізбекке  тұру,  шеңберге,  бірнеше  шеңберге,  жарты  шеңберге, 
тұру немесе бытырау. 
«Тоқтат!»  бұйрығы  алдында  орындалып  жатқан  қозғалысқа  қолданылады.  «Солға!»: 
балалар  сол  аяғының  өкшесімен,  оң  аяғының  ұшымен  сол  қол  жағына  бұрылады  /бір/ 
және оң аяғын сол аяғының қасына қойып, табанын жерге толық басады /екі/. 
«Оңға!»:  балалар  оң  аяғының  өкшесімен,  сол  аяғының  ұшымен  оң  қол  жағына 
бұрылады /бір/  және сол аяғын  оң аяғының қасына қойып, табанын жерге толық  басады 
/екі/. 
«Ай-Нал!»:   оң аяғының өкшесімен, сол аяғының  ұшымен сол қол жағына қарай 180 
градусқа бұрылады/бір/ және оң аяғын сол аяғының қасына қояды /екі/. 
Тізбек – балалар арасына бір адым орын қалдырып, бірінің артына бірі тұратын саптың 
түрі. Арадағы арақашықтық қол созған кезде бір-біріне тимейтіндей болуы тиіс. Тізбектің  
басында бағдарлаушы, соңында – тұйықтаушы тұрады. 
Бір-бірден Тізбекке тұру үшін «Бір-бірден Тізбекке – тұр!» деген команда беріледі. Осы 
бұйрық бойынша педагог бетін оң жақтағы жоғарғы бұрышқа қаратып, оң жағына тұрады 
және  оң  қолын  жоғары  көтереді.  Балалар  педагогтің  артына  бірінің  соңына  бірі  тұрады. 
педагогтің  артына  тұрған  бала  Тізбекке  бетін  бұрып  тұрады  және  сапқа  тұру  үдерісіне 
жетекшілік етеді. 
Команда берілген кезде және бір-бірден Тізбекке тұрған кезде педагог негізгі  тұрыста 
тұрады.  Ол  тіп-тік  тұрып,  балаларға  үлгі  көрсетуі  тиіс.  Балалар  негізгі  тұрыста  ұзақ 
тұрмайды: оңға немесе солға бұрылу, жүрісті бастау туралы бұйрық беріледі. 4-5 жастағы 
балалар Тізбек пен сапқа бой-бойымен тұрып үйренеді. Оларға еркін тұру керектігін, бір-
біріне  қатты  жақындамау  қажеттігін  жиі-жиі  ескертіп  отырамыз.  Сонымен  қатар  оларды 
бірінің артына бірі тұрғанда бір сызық бойымен түзу тұруға үйретеді. Педагог бір сызық 
бойында  сапта  тұрғанда  аяқтың  ұшын  бір  сызықтың  бойына  теңдей  етіп  қоюға  тырысу 
керектігін  айтып  түсіндіреді.  Балалар  сапта  бір-бірінің  артына  түзу  тұруды  үйренеді: 
алдымен екі, бір қолдың, содан соң көздің көмегімен тұрады. Кейін көзбен мөлшерлемей 
тұруды  үйренеді.  Бастапқыда  бір-бірден  сапқа  тұрған  кезде  уақыт  есепке  алынбайды. 
Кейін балалар сапқа мейлінше таза тұрып үйренуі тиіс. 
Балалар бір орында бір-бірден тізбекке тұруды үйренген кезде залдың әр жерінде сапқа 
тұру қабілетін дамыту қажет. 


14 
 
4-5  жастағы  балалар  сапқа  бір-бірден  тұрғанда  көршісімен  жұптасады.  Оқу  жылының 
соңына қарай сапқа тұру күрделіленеді.  
Педагог  балаларға  бір  тізбектен  немесе  саптан  бірнеше  топтарға  бөлініп  тұруды 
үйретеді.  Ол  үшін  балаларды  алдын  ала  бөлімдерге  бөліп  алады:  оның  әрқайсысындағы 
балалардың  саны  тең  болуы  шарт.  Топ  жетекшілерін  сайлайды.  Белгі  берілген  кезде 
жетекшілер  белгіленген  орынға  барып  тұрады.  Қалған  балалар  солардың  артына  барып 
сап түзейді. 
Кейін балалар жүріп бара жатқан кезде топтарға бөлінуді үйренеді: шашырап жүргенде 
немесе  бір-бірінің  артынан  тізбекпен  жүрген  кездерде.  Топқа  бөліну  туралы  нұсқауды 
естіген  кезде  жетекші  балалар  белгіленген  жерге  қарай  жүріп,  тоқтайды  және  бетін 
педагогке  қаратып  тұрады.  Қалған  балалар  жетекшінің  соңына,  өз  топтарына  тұрады. 
Бастапқыда балаларға өз тобын табу оңай болуы үшін жетекшілердің қолына жалаушалар 
беруге болады. 
Сапқа тұру. 
Педагог  балаларды  сапқа  тұрғызар  алдында  өзі  оң  жақ  қапталда  «тік  тұру»  қалпында 
тұрып:  «Сапқа тұр!» бұйрығын береді. Топ оның сол жағына сап түзеп тұрады.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   524




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет