Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦


     МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ-



Pdf көрінісі
бет17/77
Дата14.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#126386
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
Байланысты:
Инвестиция негіздері

 

3.     МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ-

ЛЫҚ САЯСАТЫ  

 

 



 

3.1 

Инвестициялық саясат түсінігі 

және оның қағидалары 

 

 



Инвестициялық  саясат

  мемлекеттің  экономикалық  саясаты-

ның  бір  бөлігі,  сонымен  қатар,  мемлекеттің  экономикасына, 

шаруашылық  субъектілерінің  кәсіпкерлік  қызметіне  әсер  етуші 

құрал. 

Мемлекеттің инвестициялық саясаты –

 бұл инвестициялық 

қызметті  жандандыру,  экономиканы  көтеру,  өндірістің  тиімді-

лігін  арттыру,  әлеуметтік  мәселелерді  шешу  және  басқа  да  әр 

түрлі жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы. 

Мемлекеттің инвестициялық саясаты арқылы өндіріс саласын 

кеңейтуге,  ғылыми-техникалық  прогресті  жеделдетуге,  қоғам-

дық  өндіріс  құрылымын  өзгертуге  және  басқа  да  көптеген 

әлеуметтік  мәселелерді  шешуге  болады.  Сондықтан  да,  инвес-

тициялық  саясат  бюджет  тапшылығын  болдырмауға,  орталық-

тандырылған  инвестиция  көздерін  қысқартуға,  керісінше  орта-

лықтандырылмаған  көздер  есебінен  инвестицияларды  қаржы-

ландыруға  бағытталуы  тиіс.  Себебі,  еліміздің  өндірістік  әлеуе-

тінің  өсуі,  еркін  экономикалық  аймақтардың  дамуы,  экология-

лық  мәселелердің  шешілуі,  өндірістік  материалдардың  және 

рухани  игі  көздер  көлемінің  ұлғаюы  және  сапалы  болуы, 

сонымен  қатар  нарықтық  инфрақұрылымның  жеке  дамуы  осы 

инвестициялық саясатқа тікелей байланысты болып келеді



.

 

Инвестициялық саясатты бірнеше түрге 

бөліп қарастыруға 

болады:


 

 



амортизациялық саясат; 

 



ғылыми-техникалық саясат; 

 



шетел инвестицияларын тарту бойынша саясат; 


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

44 



 

 



салық саясаты. 

Амортизациялық  саясат  – 

мемлекет  амортизациялық  ауда-

рымдарды есептеу мен пайдалану тәртібін бекіте отырып, ұдайы 

өндіріс жылдамдығын және сипатын реттеуі. 



Амортизациялық  саясатты  жүргізу  барысында  мемлекет 

келесідей қағидаларға сүйенеді: 

 



инфляция  жағдайында  негізгі  қорлардың  қайта  бағалан-

уы (дұрыс және уақытында жүргізілуі); 

 

амортизация  нормалары  негізгі  қорлардың  функционал-



дық мағынасына байланысты әр түрлі болуы және олар-

дың моралдық, физикалық тозуы дұрыс есептелуі тиіс; 

 

амортизация  нормалары  тек  жай  өндіріске  ғана  емес, 



сонымен қатар ұдайы өндірісті кеңейтуге арналуы тиіс

 



амортизациялық саясат негізгі қорларды жаңартуға және 

ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге жағдай жаса-

уы тиіс. 

Мемлекеттің 



ғылыми-техникалық саясаты 

– ғылыми-техни-

каның  дамуы  және  олардың  нәтижелерін  халық  шаруашылы-

ғына енгізетін шаралар жүйесі. 

Инвестициялық  саясат  ғылыми-техникалық  саясатпен  өте 

тығыз  байланысты.  Ғылыми-техникалық  үдерісті  жеделдету 

экономикалық  өсудің  негізгі  факторы  болып  табылады  және 

мемлекетті  индустриалды  мемлекетке  өзгеруіне  мүмкіндік  бер-

еді.  Мысалы,  Жапонияның  қысқа  мерзімде  әлемдегі  алдыңғы 

қатарлы  мемлекет  болуына  екінші  дүниежүзілік  соғыстан 

кейінгі  кезеңдердегі  ғылыми-техникалық  прогресті  жеделдетуі 

және мемлекет саясатының дұрыс жүргізілуімен байланысты. 



Шетел инвестицияларын тарту бойынша саясат 

– қолайлы 

инвестициялық  климат  құру  арқылы  мемлекетке  шетел 

инвестициясын тарту болып табылады. 

Қазақстан  өзінің  шетел  инвестицияларын  тарту  бойынша 

саясатында инвесторлармен қарым-қатынаста тұрақтылық және 

ашықтық  қағидаларын,  инвесторлардың  мүдделерін  қорғау, 

жергілікті және шетел инвесторлары үшін теңдей жағдай жасау, 

жасалған  келісім-шарттардың  тұрақтылық  қағидаларын  жетік 

қарастырған. 




Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

45 



 

Салық  саясаты  – 

белгілі  бір  жеңілдіктер  беру  арқылы 

инвестициялық саясатқа әсер ету, сонымен қатар салықтық және 

кедендік  баж  салығы  бойынша  ынталандыру  мен  жеңілдіктер 

беру болып табылады

.

  

Сонымен қатар, инвестициялық жобаны іске асыруға қажетті 



импорттық  құрал-жабдықтар,  шикізаттар  және  басқа  да 

материалдар кеден бажынан



 

жартылай босатылған.



  

ҚР  Елбасының  экономиканы  орнықты  дамытудың  іргетасы 

ретінде  экономиканы  одан  әрі  жаңғырту  және  әртараптандыру 

бойынша  жолдауына  сәйкес  салық  жүйесінің  ынталандырушы 

сипатын күшейту бағытында өзгерістер енгізілді. 

Елімізде  ЭЫДҰ  елдерінің  үздік  стандарттарына  және  тәжі-

рибелеріне  сәйкес  инвестициялық  климатты  құрудың  іргелі 

жолдарын жүзеге асырылуда. 

«Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне» сәйкес 

инвесторларға экономиканың басым салаларында келесідей ин-

вестициялық жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған:  

 



инвестициялық  жобаны  іске  асыруға  қажетті  жабдықтар-

ды, компоненттерді, шикізатты және қосалқы бөлшектерді 

әкелу кезіндегі кедендік баждарды төлеуден босату; 

 



мемлекеттік  заттай  гранттар  (жер  учаскелері, ғимараттар, 

құрылыстар,  машиналар  және  құралдар,  есептеуіш  тех-

никасы, өлшейтін және реттеуші аспаптар мен жабдықтар, 

жеңіл автокөліктен басқа көлік құралдары, өндірістік және 

шаруашылық құрал-жабдықтары).  

Қосымша  2  млн  АЕК-тен  (13  млн  АҚШ  доллары  шамасын-

да)  кем  емес  және  экономиканың  басым  секторларында  іске 

асырылып жатқан  инвестициялық  жобалар  бойынша  мемлекет-

пен  жеке  инвестициялық  келісім-шарт  жасасу  мүмкіндігіне 

сәйкес инвесторға жаңа ынталандыру жиынтығы қол жетімді: 

 

КТС  және  жер  салығы  (10  жыл)  және  мүлік  салығы  (8 



жыл) бойынша салықтық (10 жыл), жеңілдіктер;  

 



салықтық  мөлшерлемелердің  (ҚҚС  пен  акциздерден 

басқа),  экологиялық  алымдар  мен  төлемдердің  10  жыл 

мерзімге тұрақтылығы; 



Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

46 



 

 



инвестициялық  субсидия  –  инвестордың  30%  дейінгі 

капиталды шығындарының өтемақысы; 

 

жобаларды  іске  асыру  үшін  шетелдік  жұмыс  күшін 



тартуды оңайлату. 

Қазақстандағы  инвестициялық  қызмет  барысында  туындай-

тын  шетелдік  инвесторлардың  проблемалық  мәселелерін жедел 

шешу мақсатында диалог алаңдары құрылып, ҚР Президентінің 

жанындағы  Шетелдік  инвесторлар  кеңесі,  ҚР

-

ның  Премьер-



Министрі жанындағы  Инвестициялық климатты  жақсарту  жөн-

індегі  кеңес  табысты  қызмет  атқаруда.  ҚР

-

да  инвестициялық 



қызметті  жүзеге  асыратын  инвесторлардың  құқықтары  мен 

заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Инвес-

тициялық Омбудсмен институты құрылды. Ол инвесторлар мен 

мемлекет  арасындағы  инвесторлардың  соттан  тыс  және  сотқа 

дейінгі  тәртіптегі  ағымдағы  мәселелерін  шешу  үшін  олардың 

өзара әрекеттесу платформасы ретінде қызмет етеді. 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 

туралы»  ҚР-ның  Кодексін  (Салық  кодексі)  қолданысқа  енгізу 

туралы  ҚР-ның  Заңы  2017  жылғы  25  желтоқсандағы  №  121-VI 

ҚР  заңына  сәйкес  ҚР-ның  инвестициялар  туралы  заңнамасына 

сәйкес  2009  жылғы  1  қаңтарға  дейін  инвестициялар  жөніндегі 

уәкілетті  мемлекеттік  органмен  жасалған  келісім-шарттар 

бойынша инвестициялық салық преференциялары 2009 жылғы 1 

қаңтарға  дейін  қолданыста  болған  ҚР-ның  заңнамасына  сәйкес 

айқындалған  олардың  қолданылу  мерзімі  өткенге  дейін  сақта-

лады деп белгіленді. 

ҚР-ның

 

инвестициялар  туралы  заңнамасына  сәйкес  2018 

жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мем-

лекеттік  органмен  жасалған  инвестициялық  стратегиялық  жоба 

бойынша салық преференциялары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін 

қолданыста  болған  ҚР-ның





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет