Оқулық Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦



Pdf көрінісі
бет27/77
Дата14.12.2021
өлшемі1,31 Mb.
#126386
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77
Байланысты:
Инвестиция негіздері

 ұстанымы: 

Қазақстанның  отын  және  минералдық  шикізатты  сатудан 

тәуелділігі,  өнеркәсіптің,  металлургияның  инфрақұрылымдық 

және өңдеуші салаларында инвестициялық белсенділік ел эконо-

микасының  шикізаттық  ресурстары  нарығындағы  өзгерістерге 

әсерін  тигізеді.  Сондықтан  ҚР-ның  Үкіметі  экономиканы  ради-

калды реформалауға қадам басып, Қазақстанның шикізат тәуел-

ділігінен  шығуына  мақсат  қойды.  Елді  жеделдетіп  жаңғырту 

және  елдің  әлемдік  нарыққа  кіруі  инновацияларға,  экономика-

ның өсуінің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсе-

келесті басымдықтарын үздік пайдалануға негізделген дамудың 

барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді талап етеді. 

Қазақстан Даму Банкінің

 миссиясы

 екінші деңгейдегі банктер 

қамтамасыз  етпеген  несие  ресурстарында  ел  экономикасының 

бәсекеге  қабілетті  шикізатқа  жатпайтын  секторын  жеделдетіп 

дамытудың  инвестициялық  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 

жолымен ҚР-ның тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық дамуына 

қол жеткізуіне жәрдемдесуге негізделген.  

Қазақстан Даму Банкінің



 орны: 

 



өңдеуші  өнеркәсіп,  өндірістік  және  көлік  инфрақұры-

лымы; 


 

ұзақ  мерзіммен  қамтылған  ірі  (5  млн  АҚШ  долларынан 



асатын) көлемді капиталы бар инвестициялық жобалар


Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

67 



 

 



қазақстандық  тауар  өндірушілер  өнімінің  экспортына 

жәрдем көрсету.  

«Қазақстан  Республикасындағы  банктер  және  банк  қызметі 

туралы»  ҚР-ның  заңына  сәйкес  заңмен  анықталған  Қазақстан-

ның Даму Банкінің

 ерекше құқықтық мәртебесі бар

.  


Заңға  сәйкес  Қазақстан Даму Банкі  қызметінің 

мақсаттары 

мемлекеттік  инвестициялық  қызметтің  тиімділігін  жетілдіру 

және  арттыру,  өндірістік  инфрақұрылым  мен  өңдеуші  өнер-

кәсіпті  дамыту,  ел  экономикасына  сыртқы  және  ішкі  инвести-

цияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.  

Қазақстан  Даму  Банкінің 



несиелік  саясатының 

негізгі 


қағидалары  мен  басымдықтары,  инвестициялық  басымдықтар, 

қарыз  қаражатын  тартуға  сандық  шектеулер,  несие  берудің 

лимиттері,  бағыттары,  мүмкін  болатын  шарттары,  тәртібі  мен 

мерзімі,  жеке  капиталды  орналастыру,  бірлесіп  қаржыландыру, 

кепілдіктер  беру,  агент  функцияларын  орындау  жалғыз  акцио-

нердің  шешімімен  бекітілген  Банктің  несие  саясаты  туралы 

меморандумда белгіленген. 

Қазақстан  Даму  Банкі  бір  жағынан  даму  институты  бола 

отырып,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  және  «Самұрық-

Қазына» мемлекеттік холдингінің атынан акционер анықтайтын 

мемлекеттік  инвестициялық  саясаттың  міндеттерін  шешеді. 

Сонымен  бірге,  қаржы  ұйымы  бола  отырып,  Қазақстан  Даму 

Банкі  басқа  банктер  үшін  барлық  қажетті  талаптарды 

орындайды және коммерциялық қағидаларда әрекет етеді.  

Қазақстан  Даму  Банкінің  несиелік    саясаты  туралы 

меморандумға сәйкес қаржыландыру үшін инвестициялық жоба-

ларды  іріктеу  кезінде  Қазақстанда  экономиканың  шикізаттық 

емес  салаларында,  оның  ішінде  қазақстандық  тауарлардың, 

жұмыстардың,  қызметтер  мен  капиталдың  экспортына  ықпал 

ететін  бәсекеге  қабілетті  өндірістерді  және  инфрақұрылымды 

дамытуға  және  құруға  байланысты  инвестициялық  жобаларға 

басымдық беріледі.  

Қазақстан  Даму  Банкінің  инвестициялық  қызметінің  негізгі 

бағыттары  келесілерді  құруға  және  дамытуға  бағдарланған 

жобалар болып табылады: 



Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 

 

68 



 

1)

 



инфрақұрылым  объектілерін  (энергетикалық,  көліктік, 

телекоммуникациялық, туристік);  

2)

 

инвестициялық жоба шеңберінде шикізатты өндіруді не-



месе  сатып  алуды,  көлікпен  тасымалдауды,  оны  қайта 

өңдеуді  және  дайын  өнімді  сатуды,  өнеркәсіптік  өнді-

рістерді;  

3)

 



инвестициялық  жоба  шеңберінде  шикізатты  шығаруды 

немесе сатып алуды, көлікпен тасымалдауды, оны қайта 

өңдеуді және дайын өнімді сатуды, ауыл шаруашылығы 

өндірістерін;  

4)

 

туристік,  экологиялық,  медициналық,  оқу,  спорттық-



сауықтыру  және  қонақ  үй  қызметтері  саласындағы 

объектілерді  (коммерциялық  негізде)  дамытуға  бағыт-

талған.  

Қазақстан  Даму  Банкінің





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет