Қазақстанның Қазіргі заман тарихы


   дәріс.  «Жеке   басқа   табынушылықтың»   шарықтау   шыңы   және



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата14.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#126391
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
Байланысты:
Тарих керек файл

6   дәріс.  «Жеке   басқа   табынушылықтың»   шарықтау   шыңы   және

«жылымықтың» қоғамдық – саяси өмірге әсері 

1.

Соғыстан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы проблемалар мен

қиындықтар.

 

Әскери-өндірістік базаларды күшейтудің басталуы.



2.

Қоғамдық   өмірде   партиялық   басқарудың   нығайтылуы.   Қоғамның   барлық

салаларында «кеңестік цензураның»  үдей түсуі. 

3.

Қазақстан   -   Н.С.   Хрущевтың   «жылымығы»   жылдарында.   Әлеуметтік-

эконмикалық даму реформалары және олардың жартыкештік сипаты.

Дәрістің   мақсаты:  

«Жеке   басқа   табынушылық»   пен   «жылымық»

жылдарындағы қоғамдық – саяси өзгерістердің Қазақстандағы қасіретін ашып

көрсету.


Дәрістің мазмұны:

 Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әміршіл-

әкімшіл   сипаттағы   басқару   мен   «кеңестік   цензураның»   өршуі,   оның

зардаптары талданып, Н.С. Хрущев «жылымығы» тұсындағы реформалардың

сипаты қарастырылады.

1. Соғыстан   кейінгі   Қазақстанның   халық   шаруашылығындағы   негізгі

проблемалар   АҚШ-тың     Жапон   елінің   Хиросима   және   Нагосаки   деген   екі

қаласына атом бомбасын тастаудан басталды. Осыған байланысты туындаған

КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық екі ел арасындағы «Қырғи қабақ

соғысқа»   ұласқан   еді.   Ел   үшін   болған   осы   ауыр   проблемаға   соғыс   кезінде

бүлінген   шаруашылықты   қалпына   келтіру   қиындығы   тағы   келіп   қосылды.

Бұлардың өзі КСРО құрамындағы Қазақстанның халық шаруашылығына да

әсер   етпей   қоймады.   Кеңестік   басшылар,   соғыстан   кейінгі   жылдары

тәжірибеден   өткен   қатаң   да   бір   орталыққа   бағындырылған   социалистік

34



экономиканының   тиімді   жағын   қаперге   алып,   оның   тұрақты   идеологиялық

сипатын   күшейте   түсті.   Сөйтіп,   оны   нығайтудың   бірнеше   бағыттарын

белгіледі.   Олар:   ауыр   өнеркәсіп   ішінде   әскери   өнеркәсіптік   комплексті

дамыту;   одақтық   республикалар   экономикасын   орталықтан   басқаруды

күшейту; еңбеккерлерге еңбек етудің барынша мәжбүрлеу әдістерін қолдану. 

Соғыстан   кейінгі   алғашқы   1946   жыл   –   кеңестік   ауыл   шаруашылығы

үшін   тосыннан   болған   қуаңшылықтың   салдарынан   оңай   болмады.   Оған

соғыстың   ауыр   зардаптары   келіп   қосылып,   Молдавия,   Украина,   Ресейдің

орталық бөлігіндегі қаратопырақты аудандарында, Төменгі Поволжьеде және

т.б.  аудандарда  аштық  орын алды.  Осыған  байланысты  Қазақстан,  астықты

өлке болмаса да, сол жылғы жиналған астықтың 56% мемлекетке тапсыруға

мәжбүр   болды.   1950   жылы,   1946   жылмен   салыстырғанда   Қазақстандағы

егістік   көлемі   1   млн   173   000   га.   артты.   Бірақ   астық   өндіру   сапасының

төмендігінен, 1953 жылы жоспарланған 8 млрд пұт орнына 5,6 млрд пұт қана

астық   жиналды.   Қалай   болғанда   да   бұлар   ашығып   жатқан   аудандарға

жөнелтілуі   керек   еді.   Алайда,   идеологиялық   доктрина   жетегіндегі   билік

басындағылар   ел   тағдырынан   айналып   өтіп,   әрең   жиналған   астықты

«халықтық-демократиялық   дамушы   мемлекеттерге   көмек»   ретінде   шығыс

еуропа   елдеріне   жөнелтті.   Осылайша   астық   тиелген   он   мыңдаған   вагондар

аштықтан қырылып жатқан украин, молдаван селоларына соқпай, Болгария,

Румыния,   Венгрия,   ГДР   сияқты   социалистік   жүйені   құрастыра   бастаған

шығыс Еуропо елдеріне жіберілді.

Соғыстан   кейінгі   Республиканың  мал   шаруашылығы   да  мәз  емес   еді.

Мәселен, тез өсетін қой малының өзі 1928 жылғы санына төмендеді. Осыған

қарамастан, жаудан азат етілген республикаларға көмек ретінде ақысыз 17,5

мың   ірі   қара,   22   мың   жылқы,   350   мың   қой,   сөйтіп   арнайы   жеңілдетілген

бағамен жалпы саны 500 мың мал соларға жіберілді.

Негізінде,   соғыстан   кейінгі   Республиканың   ауыл   шаруашылығын

дағдарыстан   шығарудың   2   жолы   бар   еді.   Бірінші   жолы   -   өндірістік

катынастарды қайта қарудағы осы уақытқа дейінгі жүргізілген бағыттан бас

тарту: жерді жеке меншікке беру, нарыктық қатынасқа көшу, осы арқылы ауыл

еңбеккерлерінің   ынтасын   арттыру.   Екінші   жолы   -   ауыл   шаруашылығын

дамытудың экстенсивті жолы, яғни осы уақытқа дейінгі жүргізіліп келе жатқан

бағытты сақтай отырып, оны жеделдету жолы. Соғыстан кейінгі Қазақстанның

халық   шаруашылығының   дамуы   осы   екінші   жолда,   яғни  «жеке   басқа

табынушылықтың» шырмалған жолында қала берді...

2. КСРО   басшылығы   Ұлы   Отан   соғысының   қиын-қыстау  жылдары,   нақтырақ

айтқанда   неміс   басқыншылары   Москва   іргесіне   жақындағанда   «Халықтар

достығы» ұранын көтеріп, КСРО халқына жақындаған сыңай көрсеткен еді.

Ол ұран бойынша КСРО ның құрамындағы ұлт өкілдеріне бұрын ел қорғаған

батырларын   еш   бір   лауазымына   қарамай,   дәріптеуге   рұқсат   берілген   еді.

Тарихшы   Е.Бекмаханов   болса,   осы   ұранға   елігіп,   қазақтың   соңға   ханы

Кенасары Қасымұлын ұлттық батыр ретінде тарихи аренаға шығарып үлгірген

еді. 1941-1943 жж. Сталинград қаласының түбінде жау әскерлерінін бүтіндей

35



бір   армиясын   қоршап   алып,   жойып   жібергеннен   кейін   шовинизмге

бағытталған «ұлы орыстық» ұрандар үстем бола бастаған еді. Соғыстан кейін,

жасандылықпен ойластырылған «Халықтар достығы» деп аталатын жоғарыда

айтылған даңғаза ұран су сепкендей басылып, 46-50 жылдары соғыс басталар

алдында   халық   ішінен   жау   іздеуге   дағдыланған   әкімшіл-әміршілдік   жүйе

қайта   жанданды.   Бұл   тұста   өзгеше   ойлайтын   адамдарды   қудалауға   жаңа

науқан   ашқан   БКП   (б)   Орталық   Комитетінің   1946   жылдың   14   тамыздағы

«Звезда»   және   «Ленинград»   журналдары   туралы   қаулысы   соғыстан   кейінгі

зұлматтың   нақты   дәлелі   бола   алады.   Ол   қаулыда   Ленинград   қаласы   мен

орталық   басшылықтағы   жас   партия   және   дәрігерлер   кадрлары   нақақтан

айыпталған болатын. Қазақстан партия комитеттері болса, өз жұмысын дәл

осы қаулының аясында жүргізді.

Қазақстанда   тарихшы   «Бекмахановтың   ісі»   ұйымдастырылды.  Б.

Бекмаханов соғыс жылдары А.П. Кучкин, А.М. Панкратова. Б.Д. Греков. Н.М.

Дружинин  сияқты  тарихшыларымен   бірлесіп,  Қазақ   КСР   тарихы  кітабын

даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Бірақ, көп ұзамай

сынға   алынып,   кітаптағы  

хан

 

Кенесары   Қасымұлы   бастаған  ұлт-азаттық

көтерілістің ұлттық сипатына берілген баға қызу айтыс тудырды. 1950 жылғы

«Правда»   газетінде  Е.Бекмахановтың   ашқан   жаңалығы  теріске  шығарылды.

1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан КП-ның  Орталық Комитеті  сол  газетіндегі

мақала   бойынша  арнайы  қаулы   қабылдап,   Бекмаханов   1952   жылы   4

желтоқсанда 25 жылға сотталды.

 Е. Бекмахановпен бірге көптеген көрнекті қоғамтанушы ғалымдар – Қ

Жұбанов,   Х.   Жұмалиев,   Б.   Шалабаев,   тарихшылар   -   Б.   Сүлейменов,   Х.

Әділгереев,   С.   Бақшылов,   антрополг   -   О.   Смағұлов   т.б.   жазаланды.   Ал   Ә.

Марғұлан, Ә. Әбішев, С. Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және

буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды.

  1948   жылы   «космополитизммен»,   яғни   шетел   мемлекеттерінің

мәдениетіне   көңіл   бөлушілермен   күрес   науқаны   басталды.   Нәтижесінде

кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б. Кенжебаев, Г. Нұртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е.

Ысмайылов,   ұлтшылдар   ретінде   қудаланды.   Ғылым   Академиясының

президенті Қ. Сәтбаев «Едіге батырға» алғысөз жазғаны үшін «ұлтшыл» және

кадр мәселесінде төңірегіне ағайын-туыстарын жинаған «ымырашыл» атанса,

М.   Әуезов   Абайдың   ұлтжандылығын   көрсетіп,   «феодалдық   ақындар»   -

Шортанбай, Шернияз, Жүсіп Бабатайұлы сияқты зар-заман ақындары мен өз

заманында ойшыл-ғұлама атанған Мәшһүр Жүсіп Көпеевті халық ортасында

суреттегені үшін» қудаланады. Бірақ, Қ. Сәтбаев пен М. Әуезов ретін тауып,

Москвадағы достарын паналаудың арқасында зұлматтық жазаланудан жүріп

аман қалды.

Тек 1953 жылы, Сталин қайтыс болғаннан кейін куғын-сүргін науқаны

біраз   баяулады.   1953   жылы   мамыр   айынан   бастап   социалистік   қоғамдағы

қайшылықтар,   жеке   тұлға   мен   халықтың   тарихтағы   рөлі,   Сталиннің   жеке

басына   табыну   мәселелері   төңірегінде   алғашқы   пікірлер   айтыла   бастады.

Кезінде ОГПУ, НКВД-ні басқарып, әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы

36



жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді. Бірақ бұл -

әкімшіл-әміршіл   жүйенің   күйреуі   емес   болатын.   Сотталған   адамдар

бұрынғыша   лагерьлерде   қала   берсе,   Сталинді   жақтаушы   көптеген   саяси

қайраткерлер жоғарғы өкімет орындарында отыра берді. 

3.   Сталин   кадрларының   билікте   қалуының     салдары   1954   жылы

орталыққа Н.С. Хрущев билікке келген тұста, Қазақстанда тың және тыңайған

жерлерді   игеру   кезінде   байқалды.   Осы   науқанды   игеру   барысында

Қазақстанның   билік   басындағы   кадрлары   өрескел   түрде   алмастырылды:   он

жыл   ішінде   Қазақстан   Компартиясының   Орталық   Комитетінің   бірінші

хатшысы алты рет өзгертілді. Бірінші хатшы Ж. Шаяхметовтің орнына КСРО

мәдениет   министрі   П.   Пономаренко   тағайындалды.   1955-1957   жж.   Л.И.

Брежнев   П.   Пономаренконың   орнына   көтерілді.   Кейінгі   басшылар:   Н.И.

Беляев (1957-1960 жж.), Д.А. Қонаев (1960-1962 жж.), И. Юсупов (1962-1964

жж.) болды. Бұл басшылардың көбі қазақ тарихы мен оның ұлттық табиғи

ерекшеліктерін   білмейтін.   Сондықтан   науқан   нәтижесі   экологиялық,

демографиялық, рухани зардаптарға алып келді. 

1956   жылы   14   ақпанда   Москвада   КОКП-ның   XX   съезі   өтіп,   онда

Сталиннің жеке басына табыну айыпталды. Съезд өткен соң, жарты жылдан

кейін,   30   маусымында   «Жеке   басқа   табынушылықтың   зардаптарын   жою»

жөнінде   қаулы   қабылданып,   елде   бірқатар   демократиялық   өзгерістер

басталды:   кеңес   және   қоғамдық   ұйымдардың   рөлі   біршама   өсті;   қоғамдық

өмірді   демократияландыруға   бағытталған   бұл   шаралар   адамдардың   ой

еркіндігін   туғызды.   Нәтижесінде   мыңдаған   кінәсіз   сотталған   адамдар

лагерьлерден босатылып, партияның кейбір көрнекті қайраткерлері ақталды.

1930-1950 жылдары істі болған зиялылардың істері қайта қаралып, 1953-1956

жылдары   партия   қатарынан   шығарылған   5   456   адам,   Ұлы   Отан   соғысы

жылдары жау басып алған территорияларда қалғандары үшін жазаланған 243

коммунист   ақталды.   Сондай-ақ,   1954   жылы   Е.   Бекмаханов,   Қ.   Сәтбаев,   М.

Әуезов елге оралды. К. Бекхожин, С. Мұқанов, С. Кеңебаев сияқты көрнекті

мәдениет қайраткерлері партия қатарына қайтадан алынды. Әйтсе де, әбден

орныққан   әміршіл-әкімшілдік   жүйенің   тамыры   жойылмай   қалды.   Кінәсіз

сотталған адамдардың көбі әлі де түрмелерде қалды. Қазақстанның Ресейге өз

еркімен қосылғандығы кеңінен насихатталды. Орыс тілінің рөлін ұлтаралық

тіл ретінде көтеру мәселесі өте қауіпті болды. Тарихи шындықтар ақтаңдақ

күйінде қала берді. А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов,

Ж.   Аймауытов   және   т.б.   Алаш   қайраткерлерінің   қызметіне   саяси   әділ   баға

берілген жоқ. Жалпы айтқанда, «жылымық» кезіндегі қайта құрулар соңына

дейін жеткізілмеді.

Н.С.   Хрущев   республиканың   бүкіл   қоғамдық   саяси   өміріне   тікелей

араласты:   Қазақстанның   оңтүстік   аудандары   Өзбекстанға   берілді.   Тың

өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге

бағындырылды. Ақмола - Целиноградқа, Батыс Қазақстан - Орал облысына

айналды.   Теміртаудағы   саяси   толқу   ұлт   саясатына   байланысты   емес,

тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды. 

37



1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX съезінің ұйғарымымен

Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет - астық өндіруді 5 есеге арттыру міндетін

қойды.   Осыған   орай,   60-шы   жылдардың   ортасына   қарай   Қазақстанда

жыртылған   тың   және   тыңайған   жер   көлемі   25   млн.   гектарға   жетті.   Бірақ,

жаңадан   игерілген   тың   жерлер   60-шы   жылдардың   ортасына   қарай   өз

мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын. Осының салдарынан әрбір гектардан

жоспарланған 14-15 ц астық орнына 1954-1958 жылдары 7,4 ц жиналса, 1961-

1964 жылдары - 6,1 ц, ал 1964 жылы - 3,1 ц ғана астық алынды. Тіпті осы

кезден   бастап   КСРО   АҚШ,   Канада,   Аргентина,   Франция   сияқты   елдерден

астық сатып алуға мәжбүр болды.

  Тың игеру науқаны кезінде рухани саясаттың да үлкен зияны болды:

Қазақ   халқы   тың   игеруге   ынталандырылған   жоқ;   қазақ   тіліндегі   мектептер

саны   700-ге   кеміп,   қазақ   тілінде   шығарылатын   әдебиеттер   мен   баспасөздің

саны   күрт   төмендеп   кетті;   3   мыңнан   астам   елді   мекеннің   тарихи   аттары

өзгертіліп, ұлттық сананың өшуіне нұқсан келтірілді; Орасан үлкен аймақта

жер   жырту   оқиғасы   орны   толмас   экологиялық   апаттарға,   дәстүрлі   мал

жайылымының қысқаруына алып келді. Тың игерудің алғашқы жылдарында

жердің бет қыртысына (гомусы) нұқсан келіп, 18 млн. га. астам жер эррозияға

ұшырады.

Негізі,  бұрынғы Кеңестер  Одағы,  оның ішінде  Қазақстанда тың  және

тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады: 

1) 1954-1955 жж. 

2) 1956-1958 жж. 

3) 1959-1965 жж. 

Тың   игеру   жылдарының   осы   кезеңдерінде   Қазақстанның   солтүстік

облыстарында   мемлекетке   қолайлы   совхоз   ұйымдастыруға   ерекше   көңіл

бөлінді. Сөйтіп,  1958 жылдын  ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,

МТС-тар жендеу станцияларына айналдыра бастады. 

Тың   игерудің   алғашқы   кезеңінде   өзге   республикалардан   орталыққа

қолайлы 640 мың адам көшіріліп әкелінгенде, Қазақстанда 18 млн га тың жер

игеріліп, республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті. 1956 жылы

Қазақстан   алғаш   рет   миллиард   пұт   астық   алып,   Ленин   орденімен

марапатталды. 

Осылайша,   Қазақстанды   орталықтан   басқару-республиканың   құқығын

шектеді. Оның шектен тыс сорақы көрінісі - 1949 жылы 29 тамызда басталған

Семейдегі сынақ полигоны болатын. Бұл Қазақстанға орны толмас қасіретін

әкелді: 1963 жылға дейін осы полигондағы ашық ауада 113 жарылыс жасалса,

1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Ал

оның зардаптары 1990 жылға дейін жалғасып келеді.

Ақыры, 1964 жылдың қазан айында өз билігін жүргізуде басшылықтың

ұжымдық   нормаларын   бұзып,   оны   волюнтаризм   мен   субъктивизмге   қарай

бұрған Н.С. Хрущев биліктен кетті. КСРО-ның 1-хатшылығына Л.И. Брежнев,

Министрлер Кеңесінің төрағалығына А.Н. Косыгин тағайындалды. Қазақстан

38



КП ОК 1- хатшылық қызметіне аса көрнекті қоғам қайраткері Д.А. Қонаев

келді.


Сонымен,   ХХ-шы   ғасырдың   50-60   жылдары   республикада

интернаңионализм   түсінігі   шектен   тыс   үстем   идеологияға   айналды.   Бірақ,

ұлттық   мәселелердің   барлығы   тек   интернационалдық   жолмен   шешіледі

дегенмен,   ол   түсініктің   негізінде   шын   мәнінде   ұлы   державалық   шовинизм

жатты.   Бұның   бәрі,   негізінен   «жылымық»   жылдарында   жүргізілген   Н.С.

Хрущев реформаларының жарты кештік сипатына байланысты еді.

Бақылау сұрақтары:

1) «Жеке басқа басқа табынушылықтың» түп-тамыры неде?

2) «Жылымық» жылдарында қандай реформалар жүргізілді?

3) Д.А. Қонаевтың билікке қайта келуін қалай түсіндіруге болады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет