, ол жеке тексеруден және мақұлдаудан өтуі тиіс; бұл жаңа дәрілік затты тіркеуге өтінім
ретінде қарастырылады (NDA). Компания нақты рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімге қатысты
белсенді ингредиенттің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы ақпарат беруі тиіс.
Компания сондай-ақ қосымша ингредиенттерді қосу немесе ағымдағы таңбалау тәжірибесін түрлендіру
алмайды (мысалы, неғұрлым жоғары дозамен).
Енді рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімдерде кездесетін белсенді ингредиенттердің негізгі түрлерін
52
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Электронды Федералдық қағидалар жинағы (eCFR) және рецептісіз
дәрілерге арналған фармакопеялық құжат барлық қалаушылар үшін
қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін, www.ecfr.gov кiрiп, 21 тақырыпатты
(Азық-түлік пен дәрі-дәрмектер) таңдаңыз.
Безеуге қарсы ингредиенттер
Безеу – бұл терінің күрделі бұзылуы, ол шаш түйіншесі маймен және өлі тері
жасушаларымен бітелген кезде пайда болады (қосымша ақпаратты 3-тараудың 4-бөлімінен қараңыз). Безеу
жиі бетте, мойында, арқада және кеудеде кездеседі. Бактериялар осы бітегіш массада өсіп, қабыну тудыруы
мүмкін. Безеу симптомдары терідегі көрінбейтін бітелген ұсақ тесіктерден, аздаған, ақ немесе қара бастары
бар зорға көрінетін бітелген тесіктерден, іріңсіз бөртпені, іріңді бөртпені, түйіндерді немесе кисталарды қоса
алғанда (ауырлық дәрежесіне байланысты), қызыл, үлкейген, қабынған және ауыр зақымдануларға дейін
түрленуі мүмкін.
Безеуге қарсы ингредиенттер өзекті микробқа қарсы препараттарға арналған фармакопеялық құжатта11
көрсетілген. Аталған ингредиенттер артық майды кетіруге және теріні тазартуға арналған тегістейтін,
қабыршақтайтын және антисептикалық әсерге ие. Бұл ингредиенттерді бет жууға арналған құралдар, тониктер
мен ылғалдағыштар сияқты тері күтімі құралдарынан, сондай-ақ маска сияқты макияжға арналған құралдардан
табуға болады.
■
Жеңіл безеуді жергілікті емдеу кезінде пайдаланылатын FDA мақұлдаған безеуге қарсы ингредиенттердің
мысалдары бензоилпероксидті (2,5-10% -да), салицил қышқылын (0,5-2%-да), күкіртті (3-10%-да) және
резорцинды (күкіртпен қосылғанда 2% -да) қамтиды.
Тісжегіге қарсы ингредиенттер
Тісжегі
тістердің шайнау беттерінде
қоңыр дақтармен немесе тесіктермен
сипатталады. Тісжегілер әдетте,
өте үлкен болмаса, жүйкеге әсер етпесе немесе тістің сынуына әкеп соқпаса,
ауырмайды. Дегенмен, өңделмеген тісжегі
тістің ішкі бөлігін (тіс ұлпасын) бұзуы мүмкін, бұл оның жоғалуына
әкелуі мүмкін (тісжегі
туралы қосымша ақпаратты 6-тарауда табуға болады).
Тісжегіге
қарсы ингредиенттер тісжегіге
қарсы препараттарға арналған фармакопеялық құжатта
12
көрсетілген. Бұл ингредиенттер тісжегінің алдын алу; тіс эмалін нығайту және тісжегінің пайда болуына
әкелетін көрінбейтін, жабысқақ пленканың (тіс өңезі) түзілуін баяулату; сондай-ақ тісті қалпына келтіру және
нығайту үшін қолданылады. Бұл ингредиенттер тіс пастасын, тіс паста-гель мен ауыз шаю сұйықтығын қоса
алғанда, ауыз қуысын күтуге арналған өнімдердің барлық түрлерінде қол жетімді.
■
Рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімдерде пайдаланылатын FDA мақұлдаған тісжегіге қарсы
ингредиенттердің мысалдары натрий монофторфосфаты, натрий фториді және қалайы фториді сияқты
фторидті компоненттерді қамтиды. Концентрациялар гель, паста және ауыз шаю үшін сұйықтық сияқты
өнімнің әрбір түрі үшін әрбір ингредиент үшін көрсетілген.
Қайызғаққа қарсы ингредиенттер
Қайызғақ бас терісінен өлі жасушалардың бөлінуінің жоғары
жылдамдығымен сипатталатын, бас терісінің кең таралған жұқпалы емес күйі болып табылады.
Өлі жасушалардың бөлінуі адамдардың көпшілігі үшін үздіксіз және көрінбейтін болса да, қайызғақ
кезіндегі тері түлеуінің жылдамдығы айтарлықтай жылдам. Әдеттегі симптомдар шаш пен иықтағы ақ, майлы
қабыршақтардан және қышудан тұрады. Қайызғақтың пайда болуының себебі – тері майының қайта өндірілуі
және
Malassezia
деп аталатын ашытқы тітіркенуі.
Қайызғаққа қарсы ингредиенттер әртүрлі сыртқы препараттарға арналған фармакопеялық құжатта
13
санамаланған.
Бұл ингредиенттер микробқа қарсы қасиеттерге, ал олардың кейбіреулері қабыршақтайтын
қасиеттерге ие.
Әдетте, олардан сусабын әзірлейді
.
■
Рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімдерде пайдаланылатын қайызғаққа қарсы FDA мақұлданған
ингредиенттердің мысалдары тас көмір шайырын (0,5-5%), мырыш пиритионын (жуылған кезде 0,3–
2%), салицил қышқылын (1,8–3%), селен сульфидін (1%) және күкіртті (2 - 5%) қамтиды.
53
Антиперспирант ингредиенттері
Антиперспиранттар дезодоранттардан өзгеше, дененің жағымсыз иісін
жасырып ғана қоймай, терінің бетіне жеткен терді азайту арқылы ағзаның функциясына әсер етеді. Қолтық
асты иісі тер бактерияларының бұзылуынан туындаған (толығырақ 3-тараудың 6-бөлімін қараңыз).
Антиперспиранттар антиперспирантты дәрілік препараттарға арналған фармакопеялық құжатта
14
көрсетілген.
Рецептісіз дәрілік-косметикалық өнімдерде пайдаланылатын FDA мақұлдаған антиперспиранттың
мысалдары алюминий хлоридін (25%-ға дейін), алюминий хлоргидратын (25%-ға дейін), алюминий
сесквихлоргидратын (25%-ға дейін), алюминий дихлоргидратын (25%-ға дейін) және алюминий хлоргидрекс
ПЭГ (25%-ға дейін) және алюминий цирконий октахлоргидратын (20%-ға дейін) сияқты ПЭГ және цирконий
кешендерін қамтиды.
Теріге арналған қорғау ингредиенттері
Теріні қорғайтын ингредиенттер теріні қорғауға арналған дәрілік
заттарға арналған фармакопеялық құжатта
15
көрсетілген. Бұл санат тұтқырлағыш зат, ерінді қорғайтын
ингредиенттер және теріні қорғайтын ингредиенттер сияқты бірнеше кіші санаттардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: