«Кеңес – менеджер» үлгісі.
Тұрғындармен сайланатын әрі мэрмен немесе төрағамен
басқарылатын кеңес формальды түрде заң шығарушылық, саяси және жалпылама билікке ие
бола отырып, азаматтар алдында қалалық басқарудың барлық аспектілеріне жауап береді.
Алайда, ол отырыстарды жиі өткізбейді және бюджетті бекітумен, негізгі саяси
басымдықтарды анықтаумен және т.б. ғана шектеледі. Кеңес комитеттері тек кеңес беру
сипатына ие (мысалы, заң шығару бойынша, бюджет бойынша). Кеңес куратор ретінде кең
өкілдік етілген атқарушылық құзыреттерге ие кәсіби менеджерді тағайындайды. Бұл кең
өкілдік етілген атқарушылық құзыреттерге ие куратор жүйесі болып табылады. Бұл жүйе және
«кеңес – комитеттер жүйесі» үлгісі бір-біріне айтарлықтай ұқсас болу үстінде.
Аталмыш үлгінің кейбір модификациялары менеджердің тағайындалуы (орнынан
түсірілуі) орталықтың бақылауында болуымен сипатталуы мүмкін және де оның қызметтері
тиісті заңнамамен анықталып, ал кеңес мүшелеріне ақпаратты алуға және атқарушы биліктің
кейбір шешімдерін қайта қарастыруға айрықша құқықтар берілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |