Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ



Pdf көрінісі
бет21/54
Дата14.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#126538
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54
Байланысты:
Философия пәнінен дәріс тезистері 2022г

Диффереренциация 

ғылымдардың  өз  ішінен  таралуы  мен  бөлінуі.  ХХ  ғасырдың 

екінші  жартысында  белең  алған  бұл  бағыт  күні  бүгінге  дейін  жалғасып  келеді.  Мысалы: 

плазма  физикасы,  қатты  денелер  физикасы  т.б.  Ғылым  ішінде  арнайы  мамандану 

жүргізіліп, өзіндік терминологиялары қалыптасады.  Мысалы, бүгінгі күні геологияның 80 

нен  астам  салалары  қалыптасқан.  Бұл  зерттеудің  нақты  бір  аймағына  үңілуге,  ғылыми 

ізденістің белсенді және әсерлі болуына  жағдай туғызады.  

Математикаландыру

.  Математикалық  әдістер  мен  тұрғыларды  басқа  да  ғылыми 

білімдерге  қолдану:  нақты  тәсілдер,  математикалық  модельдеу,  есептеу  эксперименттері 

т.б.  Мысалы, тарихта, әлеуметтануда, психологияда  т.б. айқын көрінеді. Әлеуметтанулық 

зерттеулердің математикалық модельденуі, математикалық талдаулар жасау т.б.  

Индустриаландыру

 кезінде ғылымның технологияға және технологияның ғылымға 

енуі  жүре  бастайды.  Бүгінгі  ғылым  күшті  индустриалдық  базаны  қажет  етеді:  қарапайым 

жасақталған  кабинеттерден  бастап,    ұжымдық  зерттеулер  жүргізетін  үлкен 

лабараториялар. Кей жағдайда бұл гуманитарлық ғылымдарға қайшы келіп жатады.  



Ақпаратандыру 

қазіргі  ақпараттық  технологияларды  ғылым  мен  бүкіл  қоғамдық 

өмірге  енгізу  және  үнемі  жетілдіріп  отыру  дегенге  келіп  саяды.  Осындай  жағдайларға 

байланысты  ғалымның  көпқырлылығын  қажет  ететін  оның  келбеті  де  өзгерді: 



библиографиялау

  –  мақалалар  жариялау,  сілтемелерді  дұрыс  көрсету,  оларды  сауатты 

пайдалану; мәтінмен жұмыс – өзінің мәтіндерін тудыру ғылыми білімнің өсуінің өлшеміне 

айналып  кеткен.  Ғалымның  жаңалығы  тек  жарияланып,  тексерілгеннен  кейін  ғана 

мақұлданады.  Сондықтан  қазіргі  ғылым  ғалымдардың  мәтіндерінің  тұтастанған  жинағы 

гипермәтін  ретінде  ұғынылды.  Ғалымның  осындай  машықтануы  ғылыми  сауаттылық 

ретінде бағаланды.  

Патенттеусіз

  ғалымның  еңбегі  ескерілмей  қалатын  ыңғайлар  байқалды.  Бұл 

плагиат,  сілтемені  дұрыс  алмау  сияқты  өзара  қақақтығыстар  туғызды.  Ғалым 

ұйымдастырушы,  менеджер,  оқытушы  сияқты  қызметтерді  қоса  атқаруы  тиіс  болды. 

Ғалым көпшілік алдында сөйлеу, өзінің жобасын түсіндіріп беру сияқты мемлекеттік-саяси 

сипатты  қызметтер  де  атқаруы  тиіс  болды.  Сондықтан  ғалым,  жаңашыл,  ақпараттанған, 

қазіргі жағдайға бейімділік сияқты қасиеттерді игеруі тиіс ахуал қалыптасты.  

Бүгінгі  ғылым  өндіріспен  тығыз  байланысты,  өндірістің  дамуы,  яғни  экономика 

ғылымның дамуына байланысты болып қалды. Сондықтан, кәсіп пен маман иесі сол жаңа 

ғылыми  жаңалықтарды  білуі  талап  етілді.  Осыған  байланысты  ғылым  басқарушы  жүйеге 

әсер ете бастады: болжамдар жасау, қызметтің бағдарламасы, өндіріске бақылау жасау т.б. 

Бұл  салада  қоғамдық  ғылымдардың    да  ролі  артты:  инженерлік  психология,  инженерлік 

қызмет социологиясы, бизнес философиясы, техникалық эстетика т.б.  

Ғылымның  жетістіктері  болмыстың  негізгі  мәселелеріне,  әлемнің  құрылымына, 

адамзат  тіршілігінің  сабақтасуына  т.б.  және  басты  кедергілерді  шешуде    түпкілікті 

жауаптер  бере  алады,  қоғамдық  өмірдің  игілігіне  ғана  қызмет  етеді  деген  сияқты 

идеологияланған  сенімдер 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет