Дәріс Ойлау мәдениетінің қалыптасуы: ойлаудың философиялық түрі – 2 сағ



Pdf көрінісі
бет23/54
Дата14.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#126538
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Байланысты:
Философия пәнінен дәріс тезистері 2022г

өзара  байланысты

,  яғни,  біреуінің  шешілуі  басқасына  жағымды 

немесе жағымсыз ықпал етеді.  

Қазіргі  заманның  ғғаламдық  мәселелеріне  мыналарды  жатқызуға  болады: 

дүниежүзілік  соғыс  қаупінен  сақтану;  экологиялық  дағдарыс  пен  зардаптарын  жеңу; 

батыстың  дамыған  елдері  мен  дамушы  елдері  арасындағы  айырмашылықтарды  жою; 

планетадағы  демографиялық  жағдайдың  тұрақтануы;    денсаулық  сақтау:  СПИД,  рак  т.б 

ауруларды  жеңу,  наркомания;  мәдени  және  рухани  құндылықтарды  жандандыру; 

халықаралық  терроризммен  күрес  т.б.  Бұлар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  болып  келеді 

және  кейбіреуінің  өзектілігі  төмендесе,  оның  орнына  басқа  өзекті  мәселелер  туындауы 

мүмкін.  Осыдан  ғаламдық  мәселелер  философиясы  туындап,  ол  экологиялық  философия, 

техника философиясы т.б. саларды біріктіреді. 




Соның  бірі  –  Римклубығылыми-техникалық  революция  жағдайындағы  экологиялық 

мәселелер  мен  ғаламдық  мәселелерді  шешуді  жолға  қоятын  1968  жылы  итальяндық 

экономист А. Печчей негізін қалаған халықаралық қоғамдық ұйым ретінде құрылған отыз 

шақты  мемлекеттің  қайраткерлерін,  ойшылдарын,  бизнесмендерін  т.б.  біріктірген 

философиялық  және  мәдени-әлеуметік  қозғалыс.  Олардың  қазіргі  ғаламдық  мәселелер, 

адамзаттың  даму  барысындағы  қайшылықтар,  дүниедегі  адам  болмысы,  гуманистік 

құндылықтар,  адамзат  болашағы  туралы  философиялық  пайымдаулары  –  әлемнің 

компьютерлік  үлгісін  жасау,  капитализмнің  жағымсыз  беталысын  сынау,  адамгершілік 

мәртебені  көтеретін  құралдар  іздестіру,  қару-жарақты  айыптау,  қоршаған  ортаны  сақтау 

т.б мәселелермен ұштасып жатыр.  

 Боткиннің 

«Үйренудің  шегі  жоқ»,  Б.Гаврилишиннің  «Болашаққа  апаратын 

маршруттар»,  Д.  Медоуздың  «Өсудің  шегі»,  Форрестердің  «Әлемдік  динамика»,  М. 

Месаровичтің  «Адамзат  бетбұрыс  нүктесінде»,  Э.  Ласлоның  «Адамзаттың  мақсаты»  т.б. 

жетекшілігімен  болған  баяндамалар  мен  еңбектер  Рим  клубының  өкілдері  ретінде 

түйткілді  мәселелерді  компьютерлік  модельдеу  арқылы  қозғады.  Баяндамашылардың 

негізгі  түйіні  –  егер  адамзаттық  мәденит  пен  өркениет  ғылыми-техникалық  прогресс 

осындай  деңгейінде  өркендей  беретін  болса,  онда  ХХІ  ғасырдың  бірінші  жартысында 

«ғаламдық катастрофа» болатындығы және оның қалай алдын-алу керектігі туралы.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет