Кьеркегордың анықтауынша, өмір сүру дегеніміз – ол тебірену, зардап шегу, соның
шеңберінен шығуға бағытталған адамның еркі. Өмір сүру – адамның алындағы
мүмкіндіктердің біреуін ерікті түрде таңдау, өзінің қайталанбас болмысын іске асыру,
тобырға ұқсамау, одан бөліну, ішкі шектелген мен шексіздіктің арасын таңдау, соған
байланысты үрей, шешім және секіріс. Шешім еш нәрсеге байланысты емес, ол тылғаның
ерікті таңдауымен байланысты. Мұндағы секіріс Гегельдегі пікірінен өзгеше – ол ешбір
нәнекерлікті талап етпейді, ол – зерденің шеңберінен шығып, кететін рухтың іс-әрекеті.
2. Әлемдік және отанық философида көптеп талданған мәселенің бірі, адамзат
баласының ғұмырында болатын, болмыстың шектілігін көрсететін құбылыс – өлім
мәселесі болып табылады. Өлім – дөңгеленген дүние болмысының болмай қоймайтын
заңдылығы ретінде қарастырылады және ол әр дәуірде туып, ғұмыр кешкен
қаламгерлердің туындыларынан да көрініс тауып, мәңгілік тақырып өзегіне айналды.
Олардың қай-қайсысы да адам және адам болмысының шынайлығы ретіндегі өмір мен
өлімді және адам табиғатына қатысты ізгілік пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық
сияқты этикалық мәселелермен сабақтастыра талдады.
Оның ішінде өмір мен өлім мәселесін кеңінен сөз етіп, өздерінің осыған орай
күйініш-сүйініштерін әрқайсысы өз танымы тұрғысынан, көркемдік шеберлігінің
деңгейімен өрнектеп, көкіректерге құяды, адамды өз өміріне мәндік тұрғыдан қарауға ой
салады. Бір ғажабы, олар өлім мәселесін талдағанда шын жүрегімен сезініп, жүдеу
сезімімен бейнелеген.
3. Шығыс шайырлары болсын, қазақ ақын-жыраулары болсын адам баласының өмірі,
тағдыр-талайы хақында тебірене жырлауының өзінде үлкен мән болса керек. Олар өмір
мен өлім туралы тұжырымдарында бұл мәселе туралы ойлау мен дүниетанымның түрлі
бағыттары тұрғысынан талдаған. Ойлап қарасақ, адамзат баласы шыр етіп жерге түскенде
ештеңеден хабарсыз, жан баласына зияны жоқ, бейкүнә сәби екені анық. Саналы тіршілік
иесі діни дүниетанымда, бір-бірімен дүниеде екі рет теңесетіндігі бейнеленеді. Ол бірі
жарық дүние есігін ашқана, екіншісі дүниеден өткенде. Шынында да, күллі тіршілік
иесінің бәріне бір туу, бір өлу бар. «Өмірдің түбі – өлу, шырақтың түбі – сөну» деген
халық мақалын ескерсек, бәрі – табиғи заңды құбылыс.
Ұлт танымында да «тал бесіктен жер бесікке дейінгі өмірдің өлшемі – уақыт» деп
түсінік бар. Яғни, өмір белгілі бір мезгіл өлшеміне тәуелді. Демек, барша тіршілік иесінің
белгілі бір уақыт мөлшері аралығындағы іс-әрекетінің аяқталуы – ажалмен астасу. Сол
себепті де батыстық ойшылдар да. Шығыс классиктері де, қазақ ақын-жыраулары да адам
тіршілігінің ақиқатты болып табылатын өмірің жарқын тұсатары мен өмірлік мән-мағына
және өлім феномені жайлы тоқтаусыз толғанып, осы мәселенің төңірегіндегі мәнді-
мағыналы тұжырымдарын берген. Бұл тұжырымдар әрбір адамға өмірді мән-мағыналық
тұрғыдан саралауға, өмірді мән мен өнегелі істермен толтыруға бағыттайтын құнды дүние
болып табылады, яғни өмір құндылық ретінде бағаланып, ажал адам мойндауы керекті
тіршіліктің соңғы ақиқаты екендігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: