Христиандық дін сүйіспеншілік, төзім діні болып табылады. Христиандық қасиетті
үштік – сенім, үміт және сүйіспеншілік қаншалықты бұл діннің мораль мәселелерін
апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден босанады.
Өйткені жақсы – жақсылық ретінде, жаман – жаманшылық ретінде өз бағасын алып, өз
жауабын тартады.. Сол күйге адамдарды алдын-ала даярлау үшін адамзатқа Мессия –
Христос келді деп есептелінеді. Адамқұдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап
келе жатқан соңғы сотқа адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін
Құдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды шын сүйетіндігін
көрсетеді – олар үшін өз жанын пида етеді. Бұл өнегесімен Христос сүйіспеншілік жолы –
ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер тағы да ештеңе жоқ деген ойды танытады.
Христиандық сүйіспеншіліктің сипаттамалары төмендегідей:
1.
Төзімді сүйіспеншілік, өйткені басқа адамдарға қызмет етуді көздейді;
2.
Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік;
3.
Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты
сүйіспеншілік те өз құрметін өз бойында ала жүреді.
Осындай шынайы құрбандық, жан пидалық сүйіспеншіліктің арқасында ғана біз
көпке күші жететін зұлымдылықтың қолынан келмейтін нәрсені – жауласқан адамдар
арасын жақындастыруды мүмкін ете аламыз.
Ислам діні
де христиан діні іспетті ұлтшылдықты, нәсілшілдікті жақтамайды.
Үстемдікті тек моральды, рухани сапалардан ғана іздейді. Құдай алдында, адам алдында
таза, адал, мейірімді адам ғана басқалардан жоғары тұрады. Өзінің түбірлес діні –
христиандық сеніс сияқты ислам да бейбітшілік, татулық, тыныштық діні.
Ислам этикалық тұрғыдаан қарастырғандағы өзгешелігі щның адамгершілік құлықты
басқа әлеуметтік қатынастарды реттеуші қоғамдық сананың түрлерінен / діни рәсімнен,
әдет-ғұрыптан,құқықтан/ бөліп – жармай, бірлікте қарастыруы болып табылады.
Адамгаршілік нормалары Құранда жүеленбеген. Онда жасауға болмайтын, яғни «харам»
болып саналатын нәрселер бар; жасалуға тиісті нәрселер жиынтығы – «халал» бар; адам
өмірінің белгілі бір сфераларын / неке, мұрагерлік т.с.с./ реттеуші нормалар, нақты
аһлақтық ұғымдар /әділіттік, мейірімділік, ұят, жомарттық және т.б./ келтірілген.
3.
Достарыңызбен бөлісу: