1 AutoCAD 2000 туралы жалпы мәліметтер
AutoCAD 2000 нұсқасы – алға аттаудың тағы бір қадамы болды,
екі өлшемді суреттеуде де, сол сияқты үш өлшемді модельдеуде.
AutoCAD ең қолайлы «электронды кульман» болып шықты.
Мұндай суреттеудің үлкен артықшылығы сызбалардың
электронды архивін реттеуге мүмкіншілігі болып саналады. AutoCAD
жүйесінде құрылған әр суретті жеңіл өзгертуге болады, бұдан
сызбаларды тең құруға – сызба бойынша аналогтарды – прототип
бойынша болады.
AutoCAD жүйесі тек сызба үшін емес, сол сияқты үш өлшемді
модельдерді жасауға болады, сондай-ақ Интернет торабымен
байланысты қамтамасыз етеді.
AutoCAD жүйесінің мүмкіндік спектрі өте кең, олар бұл
бағдарламаны керекті де танымал етіп жасайды. Оны күрделі
сызбалық жұмысты орындау кезінде қолдануға болады, сол сияқты
кең және әр түрлі курстық жұмыстарды қолдануға болады.
Берілген бағдарламаны білетін тәлімгер, ол өзі жұмыс істей
алады, сондай-ақ одан да сапалы, дәл сызбаларды жасауға мүмкіндігі
бар.
Үлкен және көп көлемді жұмыстарды жасау мүмкіндігі сапалы
басқа деңгейге шығаруға болады зерттеулік, онда есепті бөлімі Excel
орындалса, ал сызбалық – AutoCAD.
Курстық жұмыстарды орындаған кезде әр түрлі суреттерді,
сызбаларды, сызуларды AutoCAD тан Word-қа және Excel-ге қойған ең
қолайлы.
AutoCAD 2000 – бұл әмбебап сызулық жүйе, ол механизм
бөлшектерін жобалайды, ғимараттардың жобаларын құрастырады,
аймақтық жоспарларымен жұмыс істейді, киім мен аяқ-кешекті
құрылымдайды, дизайн жұмыстарын орындайды.
AutoCAD сызулық жұмыстарының автоматтандыру
бағдарламасының пакеті жобалаудың қуатты заты болып саналады, ол
генерациясын қамтамасыз етеді. Пакет заттары жұмыста жасалған
қателерді жеңіл түзетуге мүмкіндік береді, сол сияқты сызбаны
жаңадан бастамай оны өзгертуге болады.
AutoCAD пакетінің көмегімен жасалған сызбаның соңғы
варианты толығымен стандарт талаптарына сәйкес және қолмен
орындалған сызбаның сапасынан кем емес.
5
|