Autocad жүйесіндегі сызу



Pdf көрінісі
бет1/32
Дата14.12.2021
өлшемі1,05 Mb.
#126932
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
автокад туралы күшті материал



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Cәулет-құрылыс факультеті

Кәсіптік оқыту кафедрасы



AUTOCAD жүйесіндегі сызу

 «Инженерлік және компьютерлік графика», «Компьютерлік сызба

және сызу», «Инженерлік сызба»,  пәндері бойынша энергетикалық,

сәулет-құрылыс мамандықтардың күндізгі, сырттай оқуындағы

студенттер үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар

Павлодар

3



Кіріспе

Қазіргі   өндіріс   әр   профильді   мамандардан   техниканың   және

технологиялық   процесті   жақсы   білуі   ғана   емес,   сондай-ақ   жоғары

сызбалық   мәдениетті   қажет   етеді.   Сондықтан   жоғарғы   мектептерде

сызбалық   пәндердің  оқытылуы   қазіргі  педагогика,  психология   және

басқа да ғылымдар деңгейінің сәйкесінде болуы өте қажет сондай-ақ

бірінші күннің талаптарына жауап беру керек.

AutoCAD  жүйесі құрылысты, машина құрылысты, электронды

сызбаларды,   технологиялық   кестелерді   және   басқа   дайындау

аймақтарында кең қолданылады.

AutoCAD   жүйесінде   суреттер   сызбалық   примитив

құрылымынан жасалады. Примитив – бұл кесінді, дұға, шеңбер, тексті

сызық және т.б. Примитивтер дисплей экранында команда бойынша

көрінеді.   AutoCAD   командалары   суретке   өзгерістерді   енгізуге

мүмкіншілік   береді.   Примитивтерді   көбейтуге,   орын   ауыстыруына,

өшіруге   және   т.б.   болады.   Сурет   туралы   көмек   ақпаратты   алуға

болады. Суретті кез келген масштабта қағазға плоттер немесе принтер

көмегімен шығаруға болады.

Әдістемелік нұсқаулар жобалаудың негізгі әдісін үйренуге және

AutoCAD 2000 автоматты жобалау жүйесінің қолданылуымен әр түрлі

қиын екі өлшемді сызбаларды жасауға  көмек береді.

4





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет