Сөз есептер жинағы



Pdf көрінісі
бет23/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
 
 
 
Жанама түрдегі жай және құрама есептер
 
 
 
55. Әкесі 36 жаста, яғни баласынан 9 есе үлкен. Баласы неше жаста? 
 
56.  Әкесі  36  жаста,  яғни  баласынан  9  есе  үлкен.  Әкесі  мен  ұлының  бірге 
қосқандағы жасы қанша? 
 
57.  Данияр  12  ағашты  қопсытып  қазды,  бұл  әкесінің  қазып  алғанына 
қарағанда 5 есе аз. Әкесі қанша ағащқа көп қопсытты? 
 
58.  Данияр  12    ағашты  қопсытып  қазды,  бұл  әкесінің  қазып  алғанына 
қарағанда  5  есе  аз.  Әкесі  мен  Данияр  бірігіп,  қанша  ағаштың  түбін 
қопсытты?   


69 
 
 
59.   Бір  қорапта  120  кг  кәмпит  бар,  екіншісіне  қарағанда бұл  3  есе  аз.  Екі 
қорапта қанша килограмм кәмпит бар? 
 
60. ! Бір күнде бір тігінші 120 жастыққап тікті, екіншіге қарағанда бұл 3 есе 
көп. Бірінші тігінші қанша есе жылдам тікті? 
 
61. Бір тігінші бір күнде 120 жастыққап тікті, екіншіге қарағанда бұл 3 есе 
көп. Екі тігінші бірге қанша жастыққап тікті? 
 
62. ! Бақылау жұмысынан Мүнира, Маржан, Мәдина және Мәрияш «5», «5», 
«4» және «3» деген баға алды. Мүнира Мәдинаға қарағанда жоғарылау баға 
алды, ал Маржан Мәрияш секілді баға алды. Сонда кім үш алды? 
 
63. Шахмат клубында 360 бала айналысады. Бұл қыздарға қарағанда 3 есе 
көп. Шахмат клубында қанша қыз бала бар? (1080,357,120,363 қыз) 
 
64. Екі қайықта 12 адам отырды. Бұл бір қайыққа қарағанда 2 есе көп. Бір 
қайықта қанша адам отырады? (10,6,14, 8 адам) 
 
65.  Ағамда  18  фломастер  бар.  Бұл  әпкеме  қарағанда  2  есе  көп.  Әпкемде 
қанша фломастер бар? (36,20,9,16) 
 
66.  ©  Санжар  түскі  ас  дайындауға  бел  буды.  Ол  5  минут  нан  турады 
(саусағын жаралап алды!), жұмыртқаны нанға қарағанда 2 есе ұзақ куырды 
(саусағын  күйдіріп  алды!),  сорпаны  жұмыртқадан  5  есе  ұзақ  пісірді  (тағы 
саусағын күйдіріп алды!). Санжардың түскі ас дайындауына қанша уақыт 
кетті және оның қанша жарақаты болды? 
 
67.  ©  Сыныпта  25  окушы:  Айгүлдер  -  3,  Нағима  есімді  қыздар  2  есе  көп, 
Армандар  -  5,  қалғандары  -  Раушандар.  Егер  сынып  жетекшісінің  есімі 
аталған есімдердің бірінші әріптерінен құралса, оның аты кім? 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет