Сөз есептер жинағы


тағы 5 тауык косылды.  Көгалда барлығы канша



Pdf көрінісі
бет4/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
 
тағы 5 тауык косылды. 
Көгалда барлығы канша
 
тауық болды? 
 
36.    Балалар  құстарга  арнап  дүкеннен  2  кг  қарақұмық  және  3  кг  тары 
жармасын сатып алды. Балалар қанша килограмм жарма сатып алды? 
 
37. Залда 5 орындық тұрды. Оған тағы да 4 орындық әкелді. Сонда барлығы 
қанша орындық болды? 
 
38. Бірінші күні Аслан 5 сурет салды. Екінші күні тағы сонша салды. Аслан 
қанша сурет салды? 
 
39.  Бір  бұтақта  5  алма,  ал  екіншіде  тағы  да  сонша  алма  өсіп  тұрды.  Екі 
бұтақта қанша алма болды? 
 
40.  Мысықтың  2  ақ  және  тағы  сонша  қара  марғауы  бар.  Мысықтың  неше 
марғауы бар? 
 
41.  Үстелдің  үстінде  3  кесе  және  сонша  табақша  тұр.  Үстелдің  үстінде 
қанша ыдыс тұр? 
 
42.    *Бірінші  күні  мектеп  кітапханасына  6  бума,  екінші  күні  4  бума,  ал 
үшінші күні бірінші және екінші күндегі бумалардың қосындысындай кітап 
әкелінді. Үшінші күні қанша бума кітап әкелінді? 
43. Қорапта 5 көк, 3 жасыл жаңажылдық шар болды, ал қызыл шар көк пен 
жасылдың қосындысындай болды. Қорапта қанша қызыл шар болды? 
 
44.  Бірінші  командада  7  ұл  бала,  екіншіде  3  ұл  бала  болды.  Ал  үшінші 
командада, бірінші мен екіншідегі
 
балалардың қосындысындай бала болды. 
Үшінші командада қанша бала болды? 
 


27 
 
45. Заринаның туған күніне 2 қуыршақ, 3 жұмсақ ойыншық сыйға тартты, 
ал  үрлеме  шарлар  қуыршақ  пен  жұмсақ  ойыншықтың  қосындысындай 
болды. Заринаға қанша үрлеме шар сыйға тартты? 
 
46. Бір пәтерде 5 адам тұрады, ал екіншісінде 4 адам, үшіншісінде бірінші 
және екінші пәтерлерде түратын адамдар қосындысындай тұрады. Үшінші 
пәтерде қанша адам тұрады? 
 
47. Сыныпта 3 қыз бала гимнастикамен, 4 ұл бала күреспен айналысады. Ал 
хорға гимнастика мен күреске баратын балаларды бірге алғандағыдай бала 
қатысады. Сонда хорда қанша бала ән айтады? 
 
48. Сәуле бірінші тоқсанда 4 кітап, екінші тоқсанда 3 кітап оқып шықты. Ал 
үшінші  тоқсанда  бірінші  және  екінші  тоқсанның  қосындысындай  кітап 
оқыды. Сәуле үшінші тоқсанда қанша кітап оқып шықты? 
 
49. Орман шетінде 2 ақ қайың, 3 терек ағашы өсіп тұр, ал қарағайдың саны 
болса,  қайың  мен  теректі  бірге  қосқандағыдай  болады.  Орман
 
шетінде 
қанша қарағай өсіп тұрды? 
 
50.  Автотұрақта  5  көк  түсті,  2  қызыл  түсті  машина  тұрды,  ал  кара  түсті 
машина  болса,  көкпен  қызылдың  қосындысындай  болды.  Автотұрақта 
қанша машина тұрды? 
 
51. Бақыт таңертең 3 есеп шығарды, түстен кейін 5 есеп, ал кешке таңертеңгі 
мен түстегіні 1 бірге қосқандағыдай есеп шыгарды. Бақыт кешке қанша есеп 
шығарды? 
 
52. Мадияр бірінші тоқсанда 2 дәптер жазып бітірсе, екіншіде 5 дәптер, ал 
төртіншіде  бірінші мен  екіншінің  қосындысындай  дәптер  бітірді.  Мадияр 
төртіңші тоқсанда қанша дәптер жазып бітірді? 
 
53. Денис 3 жаста, Қайрат 5 жаста, ал Оляның жасы балалардың жасының 
қосындысына тең. Оля неше жаста? 
54. *Дала қаздары 50 жыл, ал иттер 20  жыл өмір сүреді. Қырандар қанша 
жыл өмір сүреді, егер олар қаз бен итгің өмір сүру жылын бірге қосқандай 
өмір сүрсе? 
 
55. *Мерекеге арналып 3 қызыл, 4 сары және 2 көк шар үрленді. Барлығы 
қанша шар үрленді? 
 
56. *Тиін ағаштағы қуысына 5 ақ саңырауқұлақ, 7 майқұлақ және 8 түлкішек 
әкелді. Тиін өз қуысына барлығы қанша саңырауқүлақ әкелді? 


28 
 
 
57. Жаңажылдық сыйлыққа 15 кг шоколад кәмпитін және 10 кг тосын сыйы 
бар  кәмпит  сыйлығын  сыйлады.  Балаларға  барлығы  қанша  килограмм 
тәттілер сатып алынды? 
 
58.  Автобуста  10  жолаушы  отырды.  Аялдамадан  тагы  9  жолаушы  мінді. 
Автобуста қанша жолаушы болды? 
 
59.  Балалар  еңбек  сабағына  деп  20  үйеңкі  және  30  қайың  жапырағын 
кептірді. Балалар барлығы қанша жапырақ кептірді? 
 
60. Машина бірінші күні – 50 км, екіңші күні 20 км жол жүріп өтгі. Машина 
2 күнде қанша километр жол жүріп өтті? 
 
61. Біздің мемлекетімізде аңдардың 20 түрі мен құстардың 30 түрін аулауға 
тыйым  салынған.  Аңдар  мен  құстардың  қанша  түрін  аулауға  тыйым 
салынған? 
 
62. © Анама әкем 5 қызыл раушан гүлін және Гүлім 2 қызыл қалампыр гүлін 
сыйға тартты. Анама қанша қызыл түсті гүл сыйланды? 
 
63.  ©  5  қыз  бала  жүйек  суарды,  3  ер  бала  қыздардан  тығылды.  Егер  ер 
балалар жалқауланбаса, қанша адам жұмыс істер еді? 
 
64. © Екі сұр түсті кірпі мен бір қоңыр түсті кірпі жолықты. Сонда қанша 
кірпі кездесті? 
 
65.  ©  Үйшігінің  қасында  бір  қараторғай  ән  шырқап  отырды.  Оған  тағы  5 
қараторғай  ұшып  келіп,  бірге  ән  шырқай  бастады.  Құстар  хоры  қанша 
құстан тұрды?  
 
 
66.  ©    Катяға  2  үлкен  қуыршақ  пен  2  кішкентай  қуыршақ  сыйлады.  Егер 
Катя үлкен қуыршақтарын тығып қоймағанда, онда қанша қуыршақ болар 
еді? 
 
67.  !Орман  шетінде  3  қайың,  4  қарағай  және  12  жөке  ағашы  өсіп  тұрды. 
Орман шетінде қанша шырша ағашы өсіп тұрды? 
 
68.  *Балалар  мектеп  бақшасында  түрлі  сұрыптағы,  салмақтары  әртүрлі  – 
7кг,  6  кг,  5  кг,  4  кг,  3  кг,  2  кг,  1  кг  асқабақ  өсіріп  шығарды.  Оларға 
асқабақтарды көрмеге әкелу үшін 4 сөмке қажет болды. Асқабақты барлық 
сөмкелерге салмағын теңдей етіп қалай орнапастыруға болады? 


29 
 
 
69.  !Балық  аулауға  3  балықшы  бара  жатты.  Оларға  қарсы  2  балықшы 
жолықты. Өзенге қанша балықшы жол тартты? 
 
70. !Гүлбағына бірінші күні 5 түп түймедақ гүлі, ал екінші күні тағы 4 түп 
лалагүлі  мен  3  түп  түймедақ  гүлдері  отырғызылды.  Барлығы  қанша  түп 
түймедақ гүлі отырғызылды? 
 
71.  !Орман  шетінде  5  қарағай,  2  қайың  және  3  терек  ағашы  өсіп  түрды. 
Орман шетінде барлығы қанша қарағай ағашы өсіп тұрды? 
 
 72. ! * Дариға екі жыл бұрын 3 жасқа толды. Ал 5 жылдан кейін ол қанша 
жаста болады? 
  
 
73.  ! Тоғанда 4 ақ, 5 сұр қаз бен 1 үйрек жузіп  жүрді. Тоғанда қанша қаз 
жүзіп жүрді? (9, 10,4,6 қаз) 
 
74. ! Аулада 8 ақ, 3 шұбар тауық және бір балапан жүрді. Аулада барлығы 
қанша үлкен тауық жүрді? (11,12,4, 8 тауық) 
 
75.  Сыныпта 15 қыз және 5 ер бала болды. Екінші тоқсанда сыныпқа тағы 
4 ер бала келді. Сыныпта қанша оқушы болды? (24,16,14,6 оқушы) 
 
76.  Менің 6 ұлым бар. Олардың әрбіреуінің туған әпкесі бар. Менің қанша 
балам бар? (6, 12,7, 13 бала) 
 
77.  ^  Айгүл  еңбек  сабағында  8  көк,  ал  Гүлмира  5  қызыл  және  3  жасыл 
кішкене  шам  жасады.  Қыздар  барлығы  қанша  кішкене  шамдар  жасады? 
(6,0,16,10 кішкене шам) 
 
78.  !  Екі  дос  бірге  жол  жүру  үшін  бесінші  вагонға  отыруға  келісті.  Бірақ 
біреуі  бесінші  вагонға  пойыздың  басынан,  ал  екіншісі  бесінші  вагонға 
пойыздың  соңынан  мінді.  Достар  бір  вагонда  болуы  үшін,  бұл  пойызда 
қанша вагон болуы керек? 
 
79.  !  Дәрігер  науқасқа  әр  сағат  сайын  бір-  бірден,  үш  дәрі  егуді  белгіледі. 
Барлық дәріні егу қандай уақыт аралығында аякталады?  
 
 
80.  !  3  футболшы  мен  3  хоккейші  келді,  барлығы  5  адам.  Бұлай  болуы 
мүмкін бе? 
 


30 
 
81.  !!Түйеқұс  Африка,  Оңтүстік  Америка  және  Аустралияда  мекендейді. 
Африка түйеқұсы салмағы 115 кг-ға, аустралиялық Эму түйеқүсы 45 кг-ға, 
ал  оңтүстікамерикалық  Нанду  25  кг-ға  дейін  жетеді.  Үш  түйеқүстың 
салмағы қанша? 
 
82.  !!Қазақстандағы  ең  ұзын  өзен  –  Ертіс  өзені.  Оның  Қазақстан 
аумағындағы  ұзындығы  1700  км, ал  одан  сырт  аумақта  2548  км  құрайды. 
Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы қандай? 
 
83. !!Орман топырағының бір гектарынан 106 жұлдызпішінді бактерия, 103 
инфузория  және  104  шұңғылша  амёба  түрлері  табылды.  1  га  орман 
топырағынан барлығы қанша қарапайымдылар дарағы табылды?  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет