Сөз есептер жинағы



Pdf көрінісі
бет6/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
 
    
 
 
 
 
   
Жанама түрдегі жай есептер
 
 
26. Сыныпта ақ түсті гүлдерге арналған 5 кұмыра бар, бұл қоңыр түстілерге 
қарағанда 3 құмыраға кем. Сыныпта қанша қоңыр түсті құмыра бар? 
 
 
27. Бір қорапта 18 қарындаш бар, бұл екіншісіндегіден 6 қарындашқа кем. 
Бірінші қорапта қанша қарындаш бар? 
 
 
28.  Үлкен  тобатайда  6  литр  сүт  бар,  бұл  кішкентай  тобатайдағы  сүтке 
қарағанда 3 литрге көп. Кіщкентай тобатайда қанша литр сүт бар? 
 


33 
 
 
29.  Бір  батон  нан  500  г  тартады,  ол  екіншіге  қарағанда  200  г-ға  ауырлау. 
Екінші батонның салмағы қандай? 
 
 
30. Бір қойын дәптер 60 теңге, яғни басқасына қарағанда 20 теңгеге арзан 
тұрады. Басқа қойын дәптері қанша тұрады? 
 
 
31.  Үй  иесі  7  кг  қияр  тұздады,  бұл  қызанаққа  қарағанда  2  кг  кем.  Үй  иесі 
қанша кг қызанақ тұздады? 
 
 
32.  Таня  12  торкөз  дәптер  сатып  алды,  бұл  кеңжол  дәптерге  қарағанда  5 
дәптерге көп. Таня қанша кеңжол дәптер сатып алды? 
 
 
33. *Асқарда 53 белгі бар, бұл Болаттағыдан 13 белгіге көп. Болаттта қанша 
белгі бар? 
 
 
34.  Қораптардың  бірінде  12  кг  кәмпит  бар,  бұл  екіншісіне  қарағанда  6  кг 
артық. Екінші қорапта қанша кәмпит бар? 
 
 
35. Қораптардың бірінде 18 кг кәмпит бар, бұл екіншісінен 8 кг кем. Екінші 
қорапта қанша кәмпит бар? 
 
 
36. Үй тауығы жылына 300 жұмыртқа табады, бұл дала тауығына қарағанда 
270 жұмыіртқаға артық. Дала тауығы қанша жұмыртқа табады? 
 
 
37.  ©  Мәрияш  бір  минутта  10  рет,  ал  Данияр  одан  1  рет  кем  езу  тартты. 
Данияр қанша рет езу тартты? 
 
 
38. © Сарышымшық күніне 100 км ұшып өтеді, ал Мәрияш болса, түсінде 
одан 200 км-ге артық ұшады. Мәрияш түсінде қанша километр ұшып өтеді? 
 
 
39. © Үстелдің үстінде 6
 
таза шай кесесі түрды, ал таза емесі одан 1 -ге аз 
болды. Баян бір күнде қанша кесе шай ішті? 


34 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет