Сөз есептер жинағы


дейін.  Ол  3  сағат  қозғалса,  неше  километр өтеді?



Pdf көрінісі
бет70/85
Дата14.12.2021
өлшемі1,41 Mb.
#127104
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85
 
дейін.  Ол  3  сағат  қозғалса,  неше 
километр өтеді? 
 
45.
 
Ұлу  50  см/сағ  жылдамдықпен  1  км  өтті.  Ол  үшін  қандай  уақытгы 
жұмсады?
 
 
46.  Семсербалық  120
 
км/сағ жылдамдықпен қозғала алады, ал дельфиннің 
жылдамдығы  2  есе  кем.  600
 
км  арақашықтықты  жеке-жеке  өту
 
үшін 
семсербалык пен дельфинге канша уакыт қажет? 
 
 
 
Қарсы қозғалысқа арналған есептер
 
 
1. Екі шаңғышы бір уақытта бір-біріне қарама- қарсы екі ауылдан шығып, 2 
сағаттан  кейін  кездесті.  Бірінші  шаңғышының  жылдамдығы  11  км/сағ 
болды, ал екіншінікі - 12 км/сағ. Ауылдар қандай қашықтықта орналасқан? 
 
 
2. 
1-кері  есеп.
  Екі  шаңғышы  бір  уақытта  бір-  біріне  қарама-қарсы  екі 
ауылдан  щығып,  2  сағаттан  кейін  кездесті.  Бірінші  шаңғышының 
жылдамдығы  11  км/сағ  болды,  ал  екіншінікі  -  1  км/сағ  артық.  Ауылдар 
қандай қашықтықта орналасқан?
 
 
3.
  2-кері  есеп.
  Екі  шаңғышы  бір  уақытта  бір-  біріне  қарама-қарсы 
арақашықтығы  46  км  екі  ауылдан  жүріп  келе  жатып,  2  сағаттан  кейін 
кездесті.  Егер  екіншісінің  жылдамдығы  12  км/сағ  тең  болса,  бірінші 
шаңғышының жылдамдығын тап.
 
 
4.  Екі  кемежайдан  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  кішкене  кеме 
шықты, олар 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншінің жылдамдығы - 15 км/сағ, 
екіншінің жылдамдығы - 18 км/сағ. Кемежайлардың арақашықтығын тап. 
 
5. Екі туристік базадан бір-біріне қарама-қарсы екі адам шықты. Біреуі - 5 
км/сағ  жылдамдықпен,  ал  екіншісі  4  км/сағ  жылдамдықпен  жүрді.  Олар 
шыққаннан  кейін  5  сағаттан  соң  кездесті.  Турисгік  базалардың 
арақашықгығы қандай? 
 
6.  Екі  аэродромнан  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  ұшақ  ұшып 
шығып, 3 сағаттан соң кездесті. Бірінші ұшақтың жылдамдығы - 600 км/сағ, 
ал екіншінікі - 900 км/сағ. Қалалардың арақашықтығын тап. 
 


147 
 
7. Аралары 90 км екі жағажайдан, бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы екі 
қайық  шықты.  Бірінші  қайық  8  км/сағ  жылдамдықпен  келе  жатты,  ал 
екіншісі - 10 км/сағ. Қанша сағаттан кейін бұл қайықтар кездесті? 
 
8. Аралары 36 км екі туристік базадан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы 
екі топ саяхатшылар шығып, 4 сағаттан кейін кездесті. Бірінші топ 4 км/сағ 
жылдамдықпен жүрді. Екінші топтың жылдамдығын тап. 
 
9.  Аралары  90  км  екі  кемежайдан бір  уақытта  бір-біріне  қарама-қарсы  екі 
теплоход  шықты.  Бірінші  теплоход  20  км/сағ  жылдамдықпен  жүрді, 
екіншісі - 25 км/сағ жылдамдықпен. Қанша сағаттан кейін олар кездеседі? 
 
10.  Екі  салт  атты  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-қарсы,  аралары  100  км-ге 
тең, екі мекеннен шықты. Салт аттылар 4 сағаттан қейін кездесті. Біреуінің 
жылдамдығы 13 км/сағ тең болса, екінші салт атгының жылдамдығын тап. 
 
11.  Аралары  1400  км  болатын  қалалардан  екі  автокөлік  бір  уақытга  бір-
біріне қарама-қарсы шықты. Бірінші көліктің жылдамдығы 80 км/сағ, 
екінші  көліктің  жылдамдығы  60  км/сағ.  Кездескенге  дейін  әрбір  көлік 
қанша қашықтық жүреді? 
 
12.  Екі  пойыз  екі  қаладан  бір  уақытта  бір-  біріне  қарама-қарсы  шығып,  3 
сағаттан  кейін  кездесті.  Бірінші  пойыздың  жылдамдығы  -  50  км/сағ, 
екіншісінікі - 80 км/сағ. Қалалардың арасы неге тең? 
 
13.  Пойыз  және  автобус  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  қаладан 
шықты.  Пойыздың  жылдамдығы - 60 км/сағ, автобустікі  - 80 км/сағ. Егер 
қалалардың арасы 1 400 км болса, олар қанша сағаттан соң кездеседі? 
 
14. Аралары 700 км екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы 2 автокөлік шығып, 
7  сағаттан  кейін  кездесті.  Бірінші  автокөліктің  жылдамдығы  60  км/сағ 
болды. Екінші автокөліктің жылдамдығын тап. . 
 
15.  Екі  қаладан  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  пойыз  шықты.  Бірінші 
пойыздың жылдамдығы 70 км/сағ болды, ол кездесуге дейін 210 км жүрді. 
Екінші  пойыздың  жылдамдығы  80  км/сағ.  Екінші  пойыз  кездесуге  дейін 
қанша жол жүрді? 
 
16. Екі қаладан бір-біріне қарама-қарсы екі пойыз шықты. Бірінші пойыз 90 
км/сағ жылдамдықпен жүріп, кездескенге дейін 360 км өтті. Екінші пойыз 
кездескенге дейін 280 км жүрді. Екінші пойыздың жылдамдығы қандай? 
 


148 
 
17.  Екі  автокөлік  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  қаладан  шықты.  Біріншісі 
кездескенге дейін 60 км/саг жылдамдықпен 540 км жүрді. Екінші автокөлік 
80 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Қалалардың арақашықтығы неге тең? 
 
18. Аралары 2 400 м екі ауылдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы, 3 м/с 
және  5  м/с  жылдамдықпен  екі  велосипедші  шықты.  Әрбір  велосипедші 
кездескенге дейін қандай жол жүрді? 
 
19.  Екі  автокөлік  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  қаладан  шығып,  4  сағаттан 
кейін кездесті. Бірінші автокөліктің жылдамдығы 60- км/еағ тең, екіншінікі 
-70 км/сағ. Екі қаланың арақашықтығы неге тең? 
 
20.  Арақашықтығы  640  км  тең  екі  қаладан  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-
қарсы  екі  прйыз  шығып,  4  сағаттан  кейін  кездесті.  Бірінші  пойыздың 
жылдамдығы 75 км/сағ тең. Екінші пойыздың жылдамдығын тап. 
 
21.  Еқі  ауылдан  бір  уақытга  бір-біріне  қарама-  қарсы  жаяу  жүргінші  мен 
велосипедші  шықты.  Жаяу  жүргіншінің  жылдамдығы  6  км/сағ, 
велосипедшінің жылдамдығы - 14 км/сағ. Егер ауылдардың аралары 40 км 
тең болса, олар неше сағаттан соң кездеседі? 
 
22. Екі кемежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы 2 моторлы қайық 
шықты. Біріншісінің жылдамдығы 30 км/сағ, ол кездескенге дейін 90 км 
жүрді. Екішпі қайық  кездескенге дейін 150 км жүрді. Оның  жылдамдығы 
кандай? 
 
23. Арақашықтығы 63 км тең екі ауылдан бір уақытта бір-біріне қарсы екі 
жаяу  жүргінші  жүрді.  Бірінші  жолаушының  жылдамдығы  5  км/сағ, 
екіншінің  жылдамдығы  4  км/сағ.  Әрбір  жаяу  жүргінші  кездескенге  дейін 
қанша жол жүрді? 
 
24.  Екі  спортшы  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-  қарсы  жүгіріп  шықты. 
Біріншінің  жылдамдығы-  200  м/мин  болды,  екіншінің  жылдамдығы  -  150 
м/мин.  Егер  ауылдардың  арасы  1400  м  болса,  олар  неше  минуттан  кейін 
кездеседі? 
 
25.  Арақашықтығы  90  км  екі  қаладан  бір-біріне  қарама-қарсы  екі 
велосипедші шықты, олар 3 сағатган кейін кездесті. Бірінші велосипедшінің 
жылдамдығы 13 км/сағ. Екінші велосипедшінін жылдамдығын тап. 
 
26. Екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама- қарсы 2 велосипедші шықты. 
Бірінші велосипедшінің  жылдамдығы  15  км/сағ,  ол  кездесуге  дейін  60  км 


149 
 
жүрді. Екінші велосипедшінін жылдамдығы 20 км/сағ. Екінші велосипедші 
кездескенге дейін қанша жол жүрді? 
 
27. Екі каладан бір уақытта бір-біріне карама- қарсы екі автокөлік шықты. 
Біріншінін жылдамдығы 70 км/сағ болды, ол кездескенге дейін 350 км жүріп 
өтті. Екінші автокелік 300 км жүрді. Онын жылдамдығы кандай? 
 
28.  Велосипедшілер  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  қаладан 
шықты. Біріншісі кездескенге дейін 12 км/сағ жылдамдықпен 48 км жүрді. 
Екіншісі 15 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Қалалардың арасы неге тең? 
 
29.  Арақашықгықтары  840  км  екі  қаладан  бір  уақытта  бір-біріне  қарама-
қарсы 90 км/сағ және 50 км/сағ жылдамдықпен 2 автокөлік шықты. Әрбір 
автокөлік кездескенге дейін қанша жол жүрді? 
 
30.  Екі  велосипедші  бір  уақытта  бір-біріне  қарсы  екі  ауылдан  шығып,  2 
минуттан кейін кездесті. Бірінші велосипедшінің жылдамдығы 250 м/мин, 
ал екіншісінікі - 300 м/мин. Ауылдардың аралары неге тең? 
 
31.  Екі  қаладан  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  автобус  шықты.  Біріншісі  70 
км/сағ  жылдамдықпен  жүрді,  екіншісі  -  60  км/сағ.  3  сағаттан  кейін  олар 
кездесті. Қалалардың арақашықтығы қандай? (30,270,250 және 390 км) , 
 
32

Арақашықтықтары  315км-ге  тең  екі  қаладан  бір  уақытта  бір-біріне 
қарама-қарсы мотоциклші мен велосипедші шықты. Олар 3 сағаттан кейін 
кездесті.  Велосипедшінің  жылдамдығы  18  км/сағ.  Мотоциклшінің 
жылдамдығы қандай? (10, 87,52,19 км/сағ)
 
 
 
 
33. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан пойыздардың арақашықтығы 1200 
км.  Бір  пойыздың  жылдамдыгы  58  км/сағ,  екіншісінің  жылдамдығы  72 
км/сағ.  3  сағаттан  кейін  бұл  пойыздар  бір-  бірінен  қандай  қашықтықта 
болады? (810, 390, 910, 820 км) 
 
34. Мақта қыз бен қу Түлкі бір-біріне қарсы келе жатты. Егер Мақта қыздың 
жылдамдығы  20  м/мин,  Түлкінің  жылдамдығы  -  90  м/мин,  ал  олардың 
арақашықтығы  3  км  100  м  болса,  олар  қанша  уақыттан  кейін  кездеседі? 
Оған қоса Мақта қыз әрбір минут сайын 30 секундқа емдік шөптерді теру 
үшін тоқтап отырды. 
 


150 
 
35.  ©  Сұлтан  және  Сәкен  25  метр  арақашықтықта  тұрып,  бір-біріне  қар 
кесектерін  лақтырды.  Бірінші  қар  ауада  8  секунд  болды,  ал  екіншісі  -  2 
секундке  аз.  Екінші кесек  біріншіге  қарағанда  6  метр  аз  ұшты.  Әрбір қар 
кесегі қандай қашықтыққа ұшты? Балалар бір-біріне қар тигізді ме? 
 
36. Көне заманда тіршілік еткен ең ауыр динозаврлардың бірі - төртаяқты 
брахтиозавр (70 тонна) 10 км/сағ жылдамдықпен жылдамдығы 60 км/сағ екі 
аяқты жыртқыш кесіртке - компсогнатқа (үлкендігі тауық сияқты, салмағы 
5 кг) қарсы шықты. Олар қосылып, 70 км арақашықгықты 
қандай уақытта өтеді? Динозаврлардың әрқайсысы неше километрді өтеді? 
 
37.  Африкалық  түйеқұс  пен  Азия  даласының  дуадағы  біріне-бірі  қарсы  2 
сағат  жүріп,  220  км  қашықтықты  өтті.  Олардың  жылдамдықтары  қандай, 
егер түйеқүстың 20 км/сағ жылдамырақ жүргені белгілі болса? 
 
38.  Түйе  мен  қарақұйрық  -  Азия  шөл  даласына  бейімделген  аса  төзімді 
жануарлар.  Су  іздеп  жүріп,  олар  бір-біріне  қарсы  3  сағатта  240  км  қа- 
шықтықты  өтіпті.  Олардың  әрқайсысы  қандай  қашықтықты  жүріпті,  егер 
түйенің жылдамдығы қарақұйрықтың жылдамдығынан 40 км/сағ кем екені 
белгілі болса? 
 
  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет