153
26. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 2 автокөлік шықты. 6
сағаттан кейін олардың аралары 960 км болды. Бірінші автокөліктің
жылдамдығы 70 км/сағ. Екінші автокөліктің жылдамдығын тап.
27. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 70 км/сағ және 100 км/сағ
жылдамдықпен 2 автокөлік шықты. Бірінші автокөлік 350 км жүріп өткенде,
олардың арақашықтықтары қанша болады?
28. Бір ауылдан бір уақытта қарама-қарсы бағытта велосипедші мен
мотоциклші
шықты.
Велосипедшінің
жылдамдығы
13
км/сағ,
мотоциклшінің жылдамдығы - 5 есе артық. Қанша уақыттан кейін олардың
аралары 156 км болады?
29. Бір қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта 2 автобус шықты.
Олардың жылдамдықтары 50 км/сағ және 70 км/сағ. Олардың аралары 720
км болғанда, әрбір автобус қанша жол жүреді?
30. Досының үйінен кейінгі 3600 м жолды бала 90 м/мин жылдамдықпен
жүріп өтті, ал қайтарда ол 80 м/мин жылдамдықпен жүрді. Барлық жолға ол
қанша уақыт жұмсады?
31. Жағажайдан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі теплоход жүріп
кетті. Біреуі 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді, ал екіншісі - 30 км/сағ. Екі
сағаттан кейін олардың аралары қандай болады?
Достарыңызбен бөлісу: