56
Шағын ойындар
15
• Еліміздегі сәулет өнерінің туындылары туралы не білесің?
• Осы туындылар негізінде қандай ойын идеясын ұсынар
едің? Ойыңды ортаға сал.
Программалау ойын алаңында шағын ойындар құрасың.
Scratch-те ойын құру кезінде қажет болатын кейбір ко-
мандалық блоктардың қызметіне тоқталып өтейік. Бұл
командалық блоктар ойынды қызықты әрі әсерлі етеді.
Жаңа білім
2-бөлім. Ойын құру
Команда
Операторлар
блогын-
да орналасқан. Мысалы, 1 мен
10 арасындағы кездейсоқ санды
таңдайды. Ойын құру кезінде
жиі қолданылатын команда.
Команда
Келбет
блогында
орналасқан. Оны ойын кезін-
де спрайттың келбетін өзгер-
ту үшін қолданады. Спрайт-
қа түс, мозаика және әсерлер
береді. Мысалы, ойын кезінде
спрайттардың бір-біріне тигенін
түс арқылы көрсетуге болады.
Команда
Сенсорлар
блогында
орналасқан. Мысалы, спрайтқа
тінтуір көрсеткішінің тигенін
не тимегенін анықтайды. Оны
ойын кезінде спрайтты тінтуір-
мен таңдауға қолданады.
Команда
Оқиғалар
блогында
орналасқан. Оны ойын кезін-
де спрайт ты тінтуірмен шерту
арқылы басқару үшін қолда-
нады.
Команда
Келбет
блогында ор-
наласқан. Оны ойын кезінде
спрайттың өлшемін өзгерту үшін
қолданады. Егер блокқа «10» деп
жазсақ, керісінше кішірейеді.
Достарыңызбен бөлісу: