22-белгі: Қылмыстың (кісі өлтірудің) көбеюі
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Ылаң көбеймейінше, Қиямет
болмайды»
, – деген. (Сахабалар):
«Ылаң деген не, уа, Аллаһтың
елшісі?»
– деп сұрағанда, (Пайғамбар (с.а.с.)):
«
(Кісі)
өлтіру»
, –
депті
1
.
Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Қияметтің алдында
(кісі)
өлтіру
(көп)
болады,
(діни)
ілім жойылып, надандық етек алады»
, – деген
2
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«Жаным қолында болған
(Аллаһ)
пен ант
етейін! Өлтірген кісі өзінің не үшін өлтіргенін, ал өлтірілген
кісі өзінің не үшін өлтірілгенін білмейтін күн келгенге дейін
адамдарға ақырзаман келмейді»
, – деген. (Сахабалар):
«Ол
қалай болады?»
– деп сұрайды. (Пайғамбар (с.а.с.)):
«Ылаң
(келгенде, сонда)
өлтірген де, өлтірілген де тозақта
(болады)
»
,
– деп жауап берген
3
.
Достарыңызбен бөлісу: |