9
панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 9 шілдедегі № 591 Заңын келесі мазмұндағы баппен толықтыру
қажет:
«18-1 бап. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы шаралары.
1. Құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы мемлекеттік және
қоғамдық институттар арқылы кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықты туындататын себептерді және құқық бұзушылық жасауға ықпал
ететін немесе олардың жасалуын жеңілдететін жағдайларды анықтауға және
жоюға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылық деңгейін
арттыруға және құқықтық санасын дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шаралар арқылы іске асырылады.
2.
Кәмелетке
толмағандар
арасында
құқық
бұзушылық
профилактикасының арнаулы шаралары құқық қорғау және сот органдарының
құқық бұзушылықтарды не оларды жасауға ықпал ететін себептер мен
жағдайларды, сондай-ақ мінез-құлқы құқыққа қарсы немесе қоғамға жат
сипаттағы кәмелетке толмағандарды анықтаған кезде қолданылады.
3.
Кәмелетке
толмағандар
арасында
құқық
бұзушылық
профилактикасының жеке шаралары құқық бұзушылықтың алдын алу
субъектілері оларға тәрбиелік ықпал етуге, олардың мінез-құлқына теріс әсер
ететін факторларды жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылықтан зардап шеккен
немесе осындай болу қаупіне ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек
көрсетуге бағытталған. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы құқық
бұзушылық профилактикасының арнаулы шаралары қолданыла отырып жүзеге
асырылуы мүмкін».
Достарыңызбен бөлісу: