1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кәмелетке
толмағандардың құқықтық мәртебесі
Кәмелет жасқа толмағандардыңқұқықтық мәртебесі – қоғамның тең
құқылы, толыққанды мүшесі ретінде әр адам
ның иеленетін міндеттері,
құқықтары мензаңды мүдделерінің жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыда,
20
заңнаманы талдау әрбір нормативтік құқықтық актіні мұқият зерттеуді талап
етеді. Жүргізілген талдау кәмелетке толмағандарға қатысты құқықтық негіздер,
олардың профилактикасының құқықтық негізі - ол өз заңдық күші бар әртүрлі
нормативтік құқықтық актілер жүйесі болып табылатынын көрсетіп отыр,
олардың қатарына мыналар жатады:
1995 жылғы 30 тамызда референдумда қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы – осы жүйедегі негізгі құжат болып
табылады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтық мәртебесіне, сондай-ақ олардың
құқық бұзушылықтарының алдын алуға қатысты бөлігінде ұлттық заңнама
негізінен халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен
нормаларына, Қазақстанның қатысуымен халықаралық шарттарға және осы
саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілген. Осындай халықаралық
шартқаБҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 10 желтоқсандағы 40/33
қарарымен қабылданғанБіріккен Ұлттар Ұйымының Кәмелетке толмағандарға
сот төрелігін орындауға қатысты минималды стандартты ережелер (Пекин
ережелері). Сонымен бірге кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғауға
қатысты қосымша халықаралық шарттарқатарына мыналар жатады:
- Бала құқықтары туралы Конвенция (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.).
- 1959 жылғы «Бала құқығы декларациясы»
- Балалардың өмір сүруін, қорғалуын және дамуын қамтамасыз ету
туралы Дүниежүзілік Декларация (Нью-Йорк, 1990 жылғы 30 қыркүйек).
- БҰҰ Бас Ассамблеяның 1990 жылғы14 желтоқсанда қабылдаған
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыскерліктің алдын алу үшін Біріккен
Ұлттар Ұйымының жетекші принциптері (Эр-Риядада қабылданған жетекші
принциптер)
Осы ретте Қазақстан ратификациялаған және бекіткен халықаралық
шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие болып келеді.
ҚР Конституциясының және халықаралық актілердің жалпы қағидаттары
мен нормалары кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын
алуға бағытталған қолда бар ұлттық алдын алу тетіктерін құруды немесе
жетілдіруді көздейтін нормативтік құқықтық актілерде өзінің нақтылануы мен
дамуын тапты. Олардың қатарына төмендегілерді жатқызу керек:
Кодекстер:
- «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының
2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ Кодексі;
-
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Кодексі
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V Кодексі.
21
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі» Қазақстан
Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V Кодексі
Қазақстан Республикасының заңдары:
-
«Құқық
бұзушылықтың
алдын
алу
туралы»Қазақстан
Республикасының2010 жылғы 29 сәуірдегі № 271-IV Заңы
- «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының
алдыналу туралы»Қазақстан Республикасының2004 жылғы 9 шілдедегі №591
Заңы[12];
- «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы [13];
-«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы
мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 30 наурыздағы N 353 Заңы
Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлықтары жатады:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға
дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы [14].
ҚР
Жоғарғы
Сотының
нормативтік
қаулылары
кәмелетке
толмағандардың қылмыстарын, зорлық-зомбылықты және қатыгездікті алдын
алуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, өйткені оларда сот тәжірибесі
мәселелері бойынша түсініктемелер беріледі. Олардың қатарына келесі
нормативтік қаулыларды жатқызуға болады:
- Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары
және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-
әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы
туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір
№6нормативтік қаулысы [15];
- Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезінде
заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018
жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысы.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын және қатыгез қарым-
қатынасын алдын алуда ведосмтвоаралық бұйрықтар маңызды рөл атқарады,
олардың қатарына мыналар жатқызылуы тиіс:
- «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың
құқықтарын қорғау комитеті туралы ереже» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 36 Қаулысымен бекітілген;
- «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссия туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы.
22
- «Ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды
профилактикалық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі қағиданы бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 15
шілдедегі № 432 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2014 жылғы 15 тамыздағы № 9695 болып тіркелді.
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 29
желтоқсандағы «Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы» № 1098 бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қаңтарда № 12953 болып тіркелді
Аталған нормативтік құқықтық актілер кәмелетке толмағандардың құқық
бұзушылықтарының, балаларға зорлық-зомбылық пен қатыгездік жасаудың
алдын алу жөніндегі қызметті қамтамасыз ететін құқықтық негіз болып
табылады.
Сонымен қатар, осындай қомақты нормативтік-құқықтық базаға
қарамастан, қолданыстағы заңнама кәмелетке толмағандардың құқықтарын,
тиісті профилактикалық жұмысты толық көлемде қамтамасыз ете алмайды.
Осы бағытта белгілі бір шаралар қабылданып, қазіргі уақытта қабылданып
жатыр.
Сонымен, қаралып отырған салада алдын алу негіздерін қамтамасыз
ететін мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары айқындалған:
-ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған
құқықтық саясат тұжырымдамасы;
- ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020»
бағдарламасы (2011 жылғы 31 наурыздағы № 316);
Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында Отбасылық тәрбие институты құрылды,
оның негізгі міндеті отбасылық ағартудың бірыңғай жүйесін құру, отбасы
тәрбиесі бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау
саясатын жүргізуге ықпал ететін әртүрлі әдістемелер мен бағдарламаларды
әзірлеу болып табылады. Институт жанында ата-аналарға арналған
Педагогикалық білім университеті жұмыс істейді.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілер пәрменді болып, ал
алдын алу субъектілерінің жұмысы кәмелетке толмағандармен жұмыс әдістері
өзгерген жағдайда ғана тиімді болады деп есептейміз.
Қазақстан
заңнамасында
кәмелетке
толмағандарға
қатысты
артықшылықты нормалардың болуы мына заңнамалық нормалардан көрінеді.
Бұл институттар ҚР ҚК «кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы»деген
6-бөлімінде;
ҚР
ҚАЖ
«кәмелетке
толмаған
23
сотталғандармен бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу»
24-тарауында; ҚР ҚПК «кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық
бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын 56-тарауында
реттеледі.
Аталған институттар ерекше, себебі кәмелетке толмаған тұлғаларға
нормативтік құқықтық актілердің артықшылықты ережелері қолданылады.
Норманың құнды артықшылығы ретінде растамасы шетелдік тәжірибе
болып табылады. Мұндай нормалар шет елдердің нормативтік актілерінде
қамтылған: Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексі (V бөлім), Украина
Қылмыстық кодексі (15 бөлім), Беларусь Қылмыстық кодексі (V бөлім),
ҚырғызстанҚылмыстық кодексі (5 бөлім), Латвия Қылмыстық кодексі
(7 бөлім), Литва Қылмыстық кодексі (11 бөлім), Швейцария Қылмыстық
кодексі (4 бөлім), Болгария Қылмыстық кодексі (6 бөлім).
Кәмелет жасқа толмағандар құқық бұзушылықтарының алдын алу
мәселелерін бағдарламалық және заңнамалық регламенттеудің бірден-бір жолы
- осы салада мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
проблемасына көңіл бөлінбесе, ештеңе бермейді.
Заңнамадағы демократиялық жаңалықтарды мойындау және бекіту
олардың құқық қолдану қызметінде барабар жүзеге асырылатынын білдірмейді.
Сондықтан заңнамаға енгізілген көптеген өзгерістер мен толықтырулар
қабылданған жаңа заңдардың нормалары жиі декларативті сипатта болады және
қолданылмайды, не елемейді, не практикада жойылады. Құқық қолдану
тәжірибесінің кемшіліктерін халықаралық сарапшылар да көрсетеді.
Бұдан басқа, жалпы адам және кәмелетке толмағандар, атап айтқанда,
құқықтарын қорғауға қатысты онда қалыптасқан теріс стереотиптерді құқық
қолдану практикасын түбегейлі өзгерту қажет.
Баланың құқықтық мәртебесінің мазмұны ең алдымен Ата заң –Қазақстан
Республикасының
Констит
уциясындакепілдік
бері
лгенжәне
бекітілген
құқықтармен және міндеттермен сипатталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы – бұл жүйедегі негізгі
құжаттардың бірі болып табылады, онда «неке және отбасы, ана, әке және бала
мемлекеттің қорғауында болады» [1] деп жарияланған, яғни мемлекет үшін
бала аса құнды болып табылатындығы атап көрсетілген (27-б. 1-т.).
Сонымен бірге Атазаңның тиісті бабында«балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндетіретінде»
белгіленген (27-б. 2-т.) [1].
Қазақстанда бала менкәмелетке толмағанның жасына байланысты
сипаттамасы заңдық түсініктеде біркелкі болып табылады. Қазақстанда қазіргі
кезде кәмелетке толу жасы - он сегіз жас.
24
Қазақстан құқықтың халықаралық жалпы танылған қағидаттары құзіретін
есепке ала отырып, өз заңнамасын Конвенцияға сәйкес жүргізу жөнінде
халықаралық міндеттеме алып, посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі
болып 1989 жылы БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын бекіткен.
Аталған Конвенция жалпы бала ұғымына қатысты «әрбір адам баласы 18 жасқа
толғанға дейін, егер осы балаға қолданылатын заң бойынша ол кәмелеттік
жасқа бұрынырақ толып қоймаса, бала болып саналады» деген анықтама [11].
Бұған қоса, көрсетілген Конвенцияда баланың белгілі бір құқықтарға ие
тұлға екендігікөрсетілді және оған қатысты қорғау мен қамқорлық
міндеттелген, яғни «ол–бала туылғанға дейін,сондай-ақ туылған соң да тиісті
құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне
байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді»делінген [11].
Осыған
дәлел
ретінде
2002
жылы
қабылданған
«Қазақстан
Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 1-бабының 2-тармақшасында«бала - он сегіз жасқа толмаған
(кәмелетке толмаған) адам»екендігі белгіленген [13].
Осы заңмен Қазақстан Республикасындағы баланың негізгі құқықтары
мен міндеттері, балалардың мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
айқындалған, сондай саясаттың негізгі мақсаттары ол «балалардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол
бермеу;кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн
қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету» [13] т.б.
міндеттері нақты көрсетілген.
Бұл заңда баланың құқығын қорғаудың негізгі бағыттарымен қатар,
олардың заңға қарсы әрекеттер үшін жауапкершілігі де анықталған. Алайда,
балалардың қылмыс жасаған уаққыта жауапьылығын реттен белгілі бір
нормативтік құқықтық база құрылатын болса, ол еліміздегі жалпы
қылтектіліктің мәселесін шешуге, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын
алдын алуға жақсы жағынан өз ықпалын тигізеді деп ойламыз.,
Сонымен бірге, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан
Республикасының заңында да балаға қатысты сондай ұғым, яғни «бала
(балалар) – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам» (1-б.) деп анықталған
[16].
Осыған байланысты «бала» (көпше түрде «балалар») санаты «кәмелетке
толмаған» деген жалпы ұғыммен қамтылады.
Бұл тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларында
да қазіргі халықаралық стандарттарға жауап беретін, баланыңжәне кәмелетке
толмағанның жасына байланысты специфика көрініс тапқан.
Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін іске асыруға
қатысты1985 жылғы 29 қарашадағы БҰҰ-ның ең төменгі стандартты
25
ережелерінде (Пекин ережелері) кәмелетке толмағандардың шекарасы он сегіз
жасдеп көрсетіледі, одан кейін «егер ұлттық заңнамамен өзгеше жас
белгіленбесе» деген ескерту жасалады [9].
Мұндай түсіндіру әрбір елдің құқықтық, экономикалық, тарихи, саяси,
әлеуметтік, мәдени ерекшеліктерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық
бұзушылармен қарым-қатынаста ең төменгі стандарттарды белгілеу
мүмкіндігін ескере отырып, қатысушы мемлекеттердің түрлі ұлттық құқықтық
жүйелері шеңберінде ең төменгі стандартты ережелерді қолдану мүмкіндігі
үшін қажет.
Кәмелетке толудың жасқа байланысты сипаттамасының айқындалуы әр
елде әр түрлі сипатқа ие.
Әлемнің көптеген елдерінде, Қазақстандағы сияқты, кәмелетке толу жасы
18 жаста, басқа елдерде кәмелетке толмағандар 14 (Фарер аралдары), 15
(Индонезия, Иран, Сауд Арабиясы), 16 (Вьетнам, Камбоджа, Куба, Пәкістан),
17 (КХДР, Тәжікстан), 19 (Алжир, Оңтүстік Корея, АҚШ: Алабама, Небраска),
20 (Тайвань, Таиланд, Тунис, Жапония) немесе 21 (Египет, Сингапур,
АҚШ:Миссисипи, Пуэрто-Рико) толмаған тұлғалар болып табылады.
Соңғы онжылдықта Қазақстан Республикасында отандық заңнамасы
қатты дамыды. Қазіргі кезде қолданыста жүрген Қылмыстық, Қылмыстық
процестік және Қылмыстық-атқару кодекстері күшіне енді. Қылмыстылықтың
алдын алу саласындағы құқықтық және өзге де қатынастарды реттейтін
бірқатар нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізілген болатын.
Кәмелетке толмағандардың жасына байланысты тән әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктері, делинквентті әрекеттеріескеріле отырып,оларға
қатысты қазіргі құқықтық реттеу қылмыстық,әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу,
қылмыстық атқару заңнамасындағы ерекше нормалар қолданысымен жүзеге
асырылады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 80-
бабына
Достарыңызбен бөлісу: |