- кәмелетке толмаған тұлғалар өмірінің криминогендік деңгейі;
- кәмелетке толмағанның әлеуметтенуіне қоғамда орын алатын
жағымсыз құбылыстардың әсер етуі;
- қылмыстық заңнаманың үнемі өзгеріп тұратын криминогендік
ахуалға бейімделуінің тиімсіздігі;
- кәмелетке толмағандар қылмыстарын алдын алуды ұйымдастыру
барысында туындайтын міндетерге қол жеткізудің тиімсіздігі (алдын алу
субъектілері қолданатын алдын алу шараларын дифференциациялаудың
кәмелетке толмағандардың ерекшелігі есепке алып жүзеге асырылатын нақты
жүйелілігінің болмауы).
Кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына ерекше қатыгездік, өз
құрбандарына деген асқан батылдық сынды қасиеттер тән. Әдетте
жасөсіпірімдер өз қылмыстық ниеттерін топ болып жүзеге асырады, көптеген
жағдайда пайдакүнемдік, бұзақылық ниеттерді басшылыққа ала отырып әрекет
етеді, олар құрдастарының арасында өз беделінарттырғысы келеді, көптеген
жағдайларда ашуланшақтыққа бой алдырады.
Атап өткендей, кәмелетке толмағандар қылмыстылығына тән ерекше
белгілерінің бірі –