Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы


Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығын  алдын  алудың



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата24.12.2021
өлшемі0,73 Mb.
#128491
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
Ксеубаева Л.А. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН...

2.2.Кәмелетке  толмағандардың  қылмыстылығын  алдын  алудың 
жалпы шаралары 
 
 
«Құқық 
бұзушылық 
профилактикасы 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында«құқық  бұзушылық  профилактикасы  деп 
құқық  бұзушылық  жасауға  итермелейтін  себептер  мен  жағдайларды  анықтау, 
зерделеу,  жою  арқылы  құқықтық  тәртіпті  сақтауға  және  күшейтуге 
бағытталған,  құқық  бұзушылық  профилактикасының  субъектілері  жүзеге 
асыратын  құқықтық,  экономикалық,  әлеуметтік  және  ұйымдастырушылық 
шаралар кешені» деп түсініледі (1-б. 5-т)  [25]. 


 
 
61
 
 
 
 
 
Е.О. Алаухановтың пікірінше «таза түрде қылмыстың алдын алу дегеніміз 
–  криминогендік  факторларды  жою  және  қылмысқа  дейінгі  кезеңде  адамның 
мінез-құлқын  түзету  арқылы  қылмыстың  жасалуына  жол  бермеу»  деп 
ұғынылады [43].  
Сонда,  қылмыстылықтың  алдын  алу  дегеніміз  –  бұл  қоғамның, 
мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың қылмыстылыққа жаңа адамдардың 
тартылуына, 
жаңа 
қылмыстық 
әрекеттердің 
жасалуына 
қоғамдық 
қатынастардың  әрі  қарай  криминалдануына  жол  бермеу  мақсатында 
қылмыстылықтың себептік процестеріне мақсатты ықпал етуі.  
Қылмыстылықтың  алдын  алу  ұғымы  даусыз  болып  саналмайды,  себебі 
орын алған бар нәрсенің алдын алу мүмкін емес те, ал қылмыстылық ол – бар 
нәрсе. 
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықерекше алаңдаушылық 
туғызады.  Бұл  жас  ұрпақтың  әлеуметтік  дамудың  табиғи  резерві  болып 
табылатындығына  негізделген,  ал  қылмыстық  және  өзге  де  заңнаманы  бұзу 
жастардың  табысты  әлеуметтенуін,  оның  елдің  қоғамдық  және  экономикалық 
өміріне  кірігуін  қамтамасыз  ететін  жағдайлардың  елеулі  кемшіліктері  болып 
табылады. 
Қылмысқа  қарсы  күрестің  басты  бағыты  оның  алдын  алу  болып 
табылады.  Қылмыстың  алдын  алуға  шетелдік  әдебиетте  де,  отандық  те  көп 
көңіл бөлінеді. 
Криминологиялық  әдебиетте  қылмыстың  алдын  алу  шараларының 
әртүрлі жіктелуі ұсынылады. А. Б. Сахаров алдын алудың екі кіші жүйесін атап 
өтті:  жалпы  әлеуметтік  (экономикалық,  саяси,  идеологиялық)  және  арнайы 
(негізінен құқықтық) сипаттағы шаралар [44, 138 б.]. 
А.  И.  Алексеев  алдын  алудың  кең  ауқымды  жүйесін  бере  отырып,  төрт 
деңгейді  ұсынады:  бірінші  деңгейдің  кіші  жүйесі  жалпы  және  арнайы 
шараларды  қамтиды;  қылмыстардың  алдын  алу  және  жолын  кесу  екінші 
деңгейдің  кіші  жүйесін  құрайды;  жалпы  және  жеке  профилактика  -  үшінші 
деңгейдің  кіші  жүйесін,  ал  жеке  профилактика  –  төртінші  деңгейдің  кіші 
жүйесін құрайды [45, 54 б.]. 
Осылайша,  құқық  теориясында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алудың 
түрлері  былайша  бөлініп  алынады:  жалпы,  арнаулы  және  жеке  алдын  болып 
табылады.  
Қылмыстылықтың  жалпы  алдын  алу  дегенді  қылмыстылықтың  барлық 
халыққа, оның топтарына ықпал ететін жалпы әлеуметтік,  экономикалық, өзге 
де  критерийлер  бойынша  бөлініп  алынатын  әлеуметтік  іс-қимыл  мүмкіндігін 
жасайтын  және себептілік процестерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі.  
Қазақстан  Республикасында  кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
қылмыстылықтың  алдын  алу  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 


 
 
62
 
 
 
 
 
бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 
панасыз қалуының алдын алу туралы»  Заңымен [12] реттеледі. 
Аталған  заңнамалық  актіге  сәйкес  «кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-
әрекеттердің  алдын  алуға,  оларға  ықпал  ететін  себептер  мен  жағдайларды 
анықтауға  және  жоюға  бағытталған,  кәмелетке  толмағандармен,  кәмелетке 
толмағандардың  оларды  тәрбиелеу,  оқыту  немесе  бағып-күту  жөніндегі 
міндеттерін  орындамайтын  не  олардың  мінез-құлқына  теріс  әсер  ететін  ата-
аналарымен  немесе  басқа  да  заңды  өкілдерімен,  сондай-ақ  кәмелетке 
толмағандарды  құқық бұзушылықтар  немесе  қоғамға  жат  іс-әрекеттер  жасауға 
тартып  жүрген  өзге  де  адамдармен  жеке  профилактикасы  шараларын  қоса 
жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар жүйесі құқық 
бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 
панасыз қалуының алдын алу» (1-б. 3-т) [12] деп түсініледі. 
Осы ретте,«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңымен «құқық 
бұзушылық  профилактикасы  жалпы,  арнаулы  және  жеке  шаралар  арқылы 
жүзеге  асырылатыны»реттелген  (20-б).  Ал  осы  заңның  21-бабына  сай  құқық 
бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары айқындалған, «оларға: 
1)  халықтың  әлеуметтік  жағынан  әлсіз  топтарын  қорғау  жөніндегі 
шаралар; 
2)  экономиканы,  әлеуметтік  саланы,  құқық  қорғау  қызметін  басқарудағы 
қателіктер  мен  кемшіліктерді  жоюға,  сондай-ақ  құқық  бұзушылық 
профилактикасын  нормативтік,  ақпараттық,  әдістемелік  және  ресурстық 
қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық 
шаралары; 
3)  азаматтардың  жалпы,  тұрмыстық  және  құқықтық  мәдениетін 
арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мінез-
құлыққа,  құқыққа  қарсы  мінез-құлыққа  төзбеушілікке  бағдарланған 
адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыру  арқылы  криминогендік  факторларды 
жоятын немесе шектейтін идеологиялық шаралар» [25]  жатқызылады. Сондай-
ақ,  заңнамада  құқық  бұзушылық  профилактикасының  жалпы  шаралары  құқық 
бұзушылық  жасауға  тосқауыл  болатын  ғылым  мен  техника  жетістіктерін 
қолдану арқылы іске асырылатыныда белгіленген  
Ал  жеке  профилактика  мынадай  адамдарға  қатысты  жалпы  әлеуметтік 
және  арнайы  криминологиялық  шараларды  нақтылауды  білдіреді:  1)  құқыққа 
қарсы әрекеттер жасамаған, бірақ қолайсыз жағдайларда болатын және олардың 
ықпалында осындай іс-әрекеттер жасауы мүмкін; 2) қоғамға қарсы өмір салтын 
жүргізетін, қылмыстық жазылмайтын құқық бұзушылықтар жасайтын, қылмыс 
жасауға  уәждеме  мен  ниеттің  қалыптасуымен,  нақты  қылмысты  дайындаумен 


 
 
63
 
 
 
 
 
сипатталатын; 3)  қылмысты  жүзеге  асыруды  бастаған,  бірақ оны  аяғына  дейін 
жеткізбеген; 4) қылмыс жасаған және рецидив жасауы мүмкін 
Көрсетілген  заңға  сай«құқық  бұзушылықтың  жеке  профилактикасы 
шаралары  адам  не  адамдардың  шектеулі  тобы  тарапынан  құқық  бұзушылық 
жасаудың  алдын  алу,  сондай-ақ  оны  жасауға  итермелейтін  себептер  мен 
жағдайларды  жою  мақсатында  олардың  құқықтық  санасына  және  мінез-
құлқына  жүйелі  түрде  мақсатты  ықпал  ету  үшін  қолданылатыны»  (23-б) 
айқындалып,  ал  кәмелетке  толмағандарға  қатысты  құқық бұзушылықтың  жеке 
профилактикасы 
шаралары 
«Қазақстан 
Республикасының 
кәмелетке 
толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың,  қадағалаусыз  және  панасыз 
қалудың  профилактикасы  туралы»  заңнамасында  белгіленген  ерекшеліктер 
ескеріле отырып қолданылатыны (23-б. 5-т.) түсіндіріледі. 
Сонымен 
қатар, 
кәмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың  профилактикасы  бойынша  қызметті  ұйымдастыру  шарасы 
ретінде жеке профилактикасы шаралары көрініс тапты. 
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығын алдын алуда жеке алдын алудың 
маңызы зор. Жеке алдын алу теріс құбылыстар ғана пайда болған және мұндай 
құбылыстар  әлі  анықталмай,  бірақ  олардың  пайда  болу  мүмкіндігі  болған 
жағдайларда  жүргізіледі.  Сондай-аұ,  бүл  шара  психикадағы  ауытқулары  бар 
балаларды  анықтауды,аномальды  дамуды  бейтараптандыру  және  жеңілдету 
бойынша  шаралар  қабылдауды  қамтитын  тиісінше  алдын  алу  шараларын 
айқындайды.  
Жеке алдын алу кәмелетке толмаған қылмыскердің жеке басына да, оның 
қоршаған  ортасына  да  әсер  етеді.  Оның  мақсаты  кәмелетке  толмағанды  түзеу 
және қайта тәрбиелеу немесе оның криминогендік бағдарын өзгерту.  
Жеке  профилактика  мақсатына  жету  үшін  кәмелетке  толмағандарды 
анықтау,  мінез-құлқы,  көзқарастары,  қылықтарының  себептері  қылмыс  жасау 
мүмкіндігі  туралы  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  беретін,  мұндай 
жасөспірімдердің жеке басын зерделеу, оларға теріс әсер ету  көздерін анықтау 
және  жою,  қылмыстық  ниеттердің  орындалуына  жол  бермеуге  ықпал  ететін 
жағдай  жасау,  мінез-құлқы мен  олардың  өмір сүру  салтына  бақылауды  жүзеге 
асыру  жөніндегі  жұмыстарды  жүргізу  қажет.  Осы  шаралардың  нәтижелері 
бойынша тиісті талдау және жұмысқа тиісті түзетулер енгізу қажет.  
Кәмелетке толмағандарға жеке әсер етудің негізгі нысандарына ішкі істер 
органдарының қызметкерлері өткізетін әңгімелесулер, оларды еңбек, қоғамдық, 
спорттық, мәдени және өзге де сипаттағы әлеуметтік-пайдалы сабақтарға тарту 
болып  табылады.  Ескерту  қызметі  барысында  кәмелетке  толмағандардың 
отбасына да әсер ету қажет, өйткені көп жағдайда жасөспірімнің бейәлеуметтік 
мінез-құлқы отбасылық қолайсыздықтармен байланысты. 


 
 
64
 
 
 
 
 
Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың  жеке 
профилактикасы  шаралары  кәмелетке  толмағандар  тарапынан  құқық 
бұзушылық  жасаудың  алдын  алу,  сонымен  қатар  оларды  құқық  бұзушылық 
жасауға  итермелейтін  жағдайларды  менсебептерді  жою  мақсатында 
олардыңмінез-құлқы мен құқықтық санасына мақсатты түрде жүйелі әсер етуді 
көздейдә (19-1 б.).  
Осылайша,  «кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың, 
қадағалаусыз және панасыз қалудың жеке профилактикасы шаралары:: 
-
 
профилактикалық әңгімелесу; 
-
 
құқық  бұзушылық  жасауға  итермелейтін  себептер  мен  жағдайларды 
жою туралы ұсыныс; 
-
 
профилактикалық есепке алу және бақылау; 
-
 
арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім 
беру ұйымдарына жіберу; 
-
 
тәрбиелік ықпал ету шаралары; 
-
 
қорғау нұсқамасы; 
-
 
әкімшілік жаза қолдану; 
-
 
сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар; 
-
 
медициналық-әлеуметтік есепке алу жатқызылған. 
Осы  орайда,  кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың, 
қадағалаусыз  және  панасыз  қалудың  жеке  профилактикасы  шаралары  осы 
шаралар  қолданылатын  кәмелетке  толмағандардың  жеке  ерекшеліктері  және 
олар  жасаған  құқық бұзушылықтың  қоғамға  қауіптілігінің  сипаты  мен  деңгейі 
ескеріле отырып айқындалады». 
Осы  көрсетілген  Заңның  нормаларына  сәйкес  «мүдделі  адамдар 
кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың,  қадағалаусыз  және 
панасыз  қалудың  жеке  профилактикасы  шараларын  қолдану  туралы  шешімге 
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіппен  шағым 
жасауы мүмкін». 
Сонымен 
бірге, 
«кәмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары: 
1) қадағалаусыз және панасыз қалған;  
2)  арнаулы  бiлім  беру  ұйымдарында,  ерекше  режимде  ұстайтын  бiлiм 
беру  ұйымдарында  ұсталатын  кәмелетке  толмағандарға  және  олардың 
түлектеріне,  сондай-ақ  кәмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарында 
ұсталатын; 
3) адамның психикикасына дене мүшесi функциялары мен мiнез-құлқына 
керi  әсерiн  тигiзетiн  алкогольдік  ішімдіктерді,  есiрткi  құралдарын, 
психотроптық  және  өзге  де  күштi  әсер  ететiн  заттарды  шамадан  тыс 
пайдаланатын; 


 
 
65
 
 
 
 
 
4) дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беретiн оқу орындарына бармайтын; 
4-1) өздеріне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған; 
5)  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  жасаған,  сондай-ақ  әкімшілік 
жауаптылықтан  немесе  тәрбиелік  ықпал  ету  шаралары  қолданыла  отырып, 
тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатылған; 
6)  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  қылмыстық 
жауаптылықтан  немесе  жазадан  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық-
процестік  кодексінің  35-бабының  бірінші  бөлігі  3),  4),  9),  10)  және  12) 
тармақтарының  немесе  36-бабының  негізінде,  оның  ішінде  рақымшылық 
немесе кешірім жасау актісі негізінде босатылған; 
7)  қылмыстық  жауаптылық  басталатын  жасқа  толмауына  байланысты 
немесе  психикасының  бұзылуына  байланысты  емес  психикалық  дамуының 
кешеуiлдеуi  салдарынан  қылмыстық  жауаптылыққа  жатпайтын  қылмыстық 
құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған;  
8) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап 
алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiктi 
болған; 
9) жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған; 
10) жазасын өтеу кейiнге қалдырылған немесе үкiмнiң орындалуы кейiнге 
қалдырылған;  
11) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнен босатылған; 
12) ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн сотталған 
және  сот  тәрбиелiк  ықпал  етудiң  мәжбүрлеу  шараларын  қолдану  арқылы 
жазадан босатқан;  
13)  шартты  түрде,  қоғамдық  немесе  түзеу  жұмыстарына,  бас 
бостандығынан  айыруға  байланысты  емес  өзге  де  жазалау  шараларына 
сотталған кәмелетке толмағандарға қатысты жүргiзiледi» [12]. 
Сондай-ақ, 
бұл 
аталған 
заңнамалық 
актіде 
«егер 
кәмелетке 
толмағандардың ата-аналары, басқа да заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту 
және (немесе) бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамаса, олардың мiнез-
құлқына  терiс  әсер  етсе,  оларға  қатысты,  сондай-ақ  кәмелетке  толмағандарды 
құқық  бұзушылықтар  немесе  қоғамға  жат  іс-әрекеттер  жасауға  тартып  жүрген 
өзге де адамдарға қатысты да жеке профилактикасы шаралары жүргiзiледi» [12] 
делінген.     
Алайда, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың аталған 
жалпы  шараларының  жүйесі,  сондай-ақ  құқық  бұзушылықтардың  арнаулы 
шаралары  да    «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтардың 
профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын 
алу туралы» заңның нормаларында жоқ екенін көрсуге болады. 


 
 
66
 
 
 
 
 
Кәмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтары 
профилактикасының  жүйесi  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың  профилактикасы  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 
панасыз  қалуының  алдын  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының  заңында 
айқындалған.  Осы  Заңға  сәйкескәмелетке  толмағандардың  арасындағы  құқық 
бұзушылықтардың,  қадағалаусыз  және  панасыз  қалудың  алдын  алу  жүйесіне 
білім  беру,  денсаулық  сақтау  органдары,ішкі  істер  органдары,  халықты 
жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін 
мемлекеттік  орган,  жергілікті  өкілді  және  атқарушы  органдар,  кәмелетке 
толмағандардың  істері  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі 
комиссиялар және өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдар кiредi [12].  
Құқық  теориясындағы  бірқатар  еңбектерді  зерделеу  алдын  алу 
шараларына, олардың түрлері мен тиімдігіне толталған орынды. 
Жалпы әлеуметтік шаралар - кәмелетке толмағандар қылмысының алдын 
алу  үшін  маңызды  болып  қарастырылатын  жас  тобына  қолдануға  тікелей 
бағытталған  экономикалық,  саяси,  мәдени-тәрбиелік  шаралар  ғана  емес 
(жастарды  жұмысқа  орналастырудың  жеңілдетілген  шарттары,  балалар  мен 
жасөспірімдерді  міндетті  оқытудың  жалпыға  бірдей  болуын  белгілеу  сияқты), 
сондай-ақ  жас  ұрпақты  қалыптастыру  үшін  жағдай  жасайтын  осы  әсерге  қол 
жеткізетін  шаралар  да  жатады  [46,  227].  Жастар  арасында  қылмысты  өткір 
қоғамдық  проблемалар  қатарына  ұсыну  нақ  осы  жас  тобы  үшін  әртүрлі 
мазмұндағы  жалпы  әлеуметтік  шаралардың  криминологиялық  маңызды 
салдарларын болжаудың бірінші кезектегі қажеттігіне себепші болады. 
Үкіметтік құрылымдарды ресми бағалау, криминолог ғалымдар жүргізген 
кәмелетке  толмағандардың  қылмыстары  мен  өзге  де  құқық  бұзушылықтарына 
қарсы  күреске  бағытталған  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамдық  ұйымдар 
қызметінің  көптеген  аспектілерін  зерттеу  тәрбиелік-профилактикалық 
қызметтің  елеулі  кемшіліктерін  куәландырады,  оны  түбегейлі  жақсарту 
қажеттігін  көрсетеді,  осы  қызметпен  байланысты  проблемаларды  түсінудің 
жаңа жолдары мен тәсілдерін іздестіруді талап етеді [44, 141б.] 
Қылмыстың  жалпы  әлеуметтік  алдын  алу  жалпы  қылмысқа  қарсы 
күрестің  ең  тиімді  және  гуманистік  тәсілі  болып  табылады.  Бала  кезінен  өсіп 
келе  жатқан  ұрпақтың  әл-ауқаты  ең  алдымен  кәмелетке  толмағандардың 
қылмыстылығын  алдын  алудың  кез  келген  бағдарламасының  орталығында 
болуы тиіс. 
Құқық ғылымында кәмелетке толмағандардың құқық бұзуға бейім мінез-
құлқы  мен  оның  алдын  алу  проблемаларын  зерттеген  Ж.Т.  Қарамырзажалпы 
алдын алуға қатысты өз ой-пікірін білдіреді. Бұл жерде автор жалпы алдын алу 
шараларын  халықтың  басым  көпшілігінің  қайыршылыққа  ұшырауы,  ал  ат 
төбеліндей  адамдардың  тікелей  қылмыстық  іс-әрекеттер  жасап,  байып  кету 


 
 
67
 
 
 
 
 
процесін тыйып тастау, адал кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау және қылмыстық 
жолмен  түскен  табысты  заңдастыру  әрекетіне  қарсы  қатаң  шара  қолдану  деп 
біледі. Бұл аса мұқтаждықтан немесе қолы жүріп тұрғандар қатарына қосылсам 
ба деп криминалдық әрекетке ниеттенушілерге тосқауыл болады деген.  
Автор өз зерттеулерінің нәтижелері бойынша мынадай«жалпы алдын алу 
шаралары жүзеге асыруды ұсынады: 
1.
 
Ұтымды  экономика,  меншік  нысанының  көртүрлілігі,  адамдардың 
іскерлік белсенділігі, мен ынтасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды 
қалыптастыру; 
2.
 
Пайдақорлық-зорлық  қылмыстарының  алдын  алуды  жалпы  қоғамдық 
деңгейде қарастырғанда Қазақстан үшін өзекті проблема – адамдарды жұмысқа 
орналастыру  проблемасын  шешу.  Ол  үшін  әр  түрлі  мемлекеттік  органдардың, 
жұмыс  берушілердің    және  қоғамдық  ұйымдардың  өзара  тығыз  байланыста 
болуы шарт.  
3.
 
Заңды жалпыға бірдей оқытуды және заңға тәрбиелеуді ұйымдастыру. 
Оқитын  жастардың  және  басқа  да  азаматтардың  құқықтық  оқу  жүйесін  құру. 
Халық арасында заңды жан-жақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған қылмыс 
үшін  жазаланбай  қалмау  мүмкін  еместігіне  көз  жеткізу,  адамды  қастерлеуге, 
оның  жеке  басын  сыйлауға  баулу,  заңды,  қоғамдық  тәртіпті  бұзуға 
болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда БАҚ-тың рөлі ерекше. 
4.
 
Құқық  бұзушылықтың  алдын  алудың  әлеуметтік  базасын  нығайту. 
Әлеуметтік-экономикалық шаралар  арқылыкөпбалалы  отбасыларын,  халықтық 
тұрмысы  нашар  топтарын  мемлекеттік  қамқорлыққа  алу.  Ең  төмен  табысты 
және күнкөріс үшін қажетті азық-түлік мөлшерін ауық-ауық қайта қарау» [47]. 
Қылмыстылықпен  күрес  қоғамның  барлық  саясатының:  мемлекеттік  те, 
әр  түрлі  мемлекеттік  емес  құрылымдар  мен  азаматтық  қоғамның 
институттарының қызметтінің де ажырамас бөлігі болуға тиіс деп пайымдайды 
[50]. 
Қандай да бір қылмыстың алд

ын алу мақсатында қылмыстық заң жүйесі 
қылмыскерге  немесе  азаматқа  ықпал  жас

ай  алады.  Бұл  мәселеде  маңызды 
идеологиялық  және  саяси-әлеуметтік  мазмұн  бар.  Қылмыстық  саясат 
құралдары  қылмыстылықтың  субъективтік  және  объективтік  себептеріне, 
оларға мүмкіндік тудыратын жағдайға  ықпал жасай алады. 
Кәмелетке  толмағандардың  құқық  бұзушылығының  профилактикасы 
мәселесін жан-жақты, толық  шешу үшін белгілі бір жағдайларда  баланы теріс 
жолға  түсіретін  құбылыстарды  болдырмау  мақсатындаматериалдық,  ұйымдық 
және  қаржы  ресурстарын  тиімді  пайдалануға  бағытталған  әртүрлі  шараларды 
жүзеге асыру керек. 
Мұндай алдын алу шараларының жүйесі жалпы әлеуметтік сипаттағы іс-
шараларға  негізделген  және    олар  азаматтардың  әл-ахуалының,тәрбиесі  мен 


 
 
68
 
 
 
 
 
білімінің,  мәдениетінің,  биік  деңгейде  болуын  қамтамасыз  етуге  бағытталған, 
өзіндік ерекшеліктері бар шаралар болып келеді.  
Кәмел

етке  толмағандар  қыл

мыстылығымен  күр

ес  шараларының 
ерекшеліктері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет