70
үшін, бірінші кезекте, аштық және балалардың панасыздығын жою керек
болды.
Осыдан, мемлекеттік саясат келешек ұрпақтың тұрмыстық жағдайын
жақсартуға,
оларға
теріс
ықпал
етуі
мүмкін
адамдардыөнегелік-
психологиялықжәне моральдық оқшаулайтын әлеуметтік шаралар жүргізу
қажеттігін көздейді. Оны бұл мәселемен айналысып жүрген мамандарда,қоғам
да жақсы түсінеді.
Жалпы алдын алу шараларын жүзеге асыру балалардың оң мүдделерін,
сабақтан тыс уақытта олардың пайдалы қызметін дамытуға, жасөспірімдердің
теріс мүдделерін қайта бағдарлауға жәрдемдесуге тиіс. Девиантты
жасөспірімдер үшін олардың әлеуметтік тәжірибе алуы, әлеуметтік
құзыреттілік шеңберін кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің жаңа бұқаралық ұйымдарын
құруға және дамытуға барынша жәрдемдесу қажет. Кәмелетке толмағандардың
қылмыстылығын ескертудің жалпы әлеуметтік деңгейі тұрғысынан бүгінгі күні
балалар,
жасөспірімдер
және
жастар
ұйымдарының
тармақталған
құрылымының болуы өте маңызды. Олар жасөспірімдердің бос уақытын
ұйымдастырмай, өздерінің бейімділігін көрсетуге және қабілеттерін дамытуға,
өзін-өзі іске асыру қажеттілігін қанағаттандыруға, өз мүдделерін жүзеге
асыруға мүмкіндік берер еді.
Әрине, мұндай құрылым құру белгілі бір материалдық шығындарды,
нормативтік құжаттар кешенін әзірлеуді, ұйымдастыру мәселелерін шешуді
талап етеді. Алайда, бұл қажет. Біздің ойымызша, қиын жасөспірімдерді,
сондай-ақ кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды бос уақытты өткізудің
стандартты түрлеріне тарту оң әсер етер еді.
Осы проблемалардың барлығы кәмелетке толмағандардың құқық
бұзушылықтарының алдын алудың кешенді-мақсатты бағдарламаларына
енгізілуі тиіс. Бүгін әлеуметтік жұмыс, мамандардың кәсіпқойлығы
саласындағы мемлекеттік стандарттардың тиімді ғылыми негізделген
тұжырымдамасын әзірлеу, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби қызметін
аттестаттау тәртібін пысықтау алда тұр.
Достарыңызбен бөлісу: