-
Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың
құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта
орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi жанынан құрылуы мүмкiн. Кент,
ауыл, ауылдық округ әкiмi жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және
олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның аудандық комиссияның
құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке толмағандардың iсi және
олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк
комиссияны құру туралы шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес
құрамын тиiстi ауданның мәслихаты бекiтедi.
Достарыңызбен бөлісу: |