- Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссияның міндеттері мен құзыреті заңдарда нақты белгіленген.
- Сонымен қатар, 2007 жылдан бастап кәмелетке толмағандардың істері
және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия, ал
2008 жылдан бері жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға арналған білім беру жетекшілерінің республикалық кеңесі жұмыс
істейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың
құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың
консультативтік-кеңесші кеңесі 2011 жылдан бастап жұмыс істейді.
Мүдделі мемлекеттік органдар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және үкіметтік емес ұйымдар және
арасында жүйелі ақпараттық алмасу жолға қойылған.
Кәмелетке
толмағандар
арасындағы
құқық
бұзушылықтардың,
қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдар мен мекемелердің
қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган
болыпКәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссия саналады.
Бұл ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің
жанынан, ал облыстық, қалалық, аудандық жерлерде комиссия жергілікті
атқарушы органның жанынан құрылады.
«Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау
жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде: