Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет18/68
Дата24.12.2021
өлшемі2,08 Mb.
#128510
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
ilovepdf merged

Сенің бар болғаныңа шүкір. Көмектесіп үйде жағдайымды
ойлайтының үшін рахмет"
Тағы басқа айтқыңыз келген барлық алғыстарыңызды жазыңыз.
Идеал  болмаса  да  оның  кішігірім  істеген  жақсылығы  бар
шығар.  Сол  үшін  алғыс  айтыңыз.  "Басымыздан  қандай
қиыншылық  өтсе  де,  мен  ештеңеге  қарамай  саған  барлығы
үшін алғыс айтамын" деп хат жазыңыз. Бір аптада 1 рет. Егер
сіз үшін өте көп болатын болса, екі аптада 1 рет жазыңыз. Осы
хат  сіз  үшін  әдет  болып  кетуі  керек.  Айына  міндетті  түрде  2
рет  алғыс  хатын  жазу  керексіз.  Ол  хатты  әдемілеп,
жүрекшелермен,  иіссумен  сеуіп  қойсаңыз  болады.  Жұмысқа
кетіп бара жатқанда киімінің 
Некеге дейін... 
44


қалтасына немесе сумкасына салып қойыңыз. Жұмысқа барған
кезде  соны  тауып  алып  оқысын.  Бізге  ер  адамның  махаббаты
керек  болса,  еркекке  әйел  адамның  алғыс  айтқаны,  ол  үшін
ерекше екенін білуі керек. Әлемде қаншама еркек, бірақ ол сіз
үшін ерекше. Соны ол түсініп білуі керек. Олар үшін бұл өте
маңызды. Егер күйеуіңіз осыны сізден түсінбесе, сіз үшін оның
орны  ерекше,  басқалар  оның  жанында  тұрмайтынын  білмесе
оны  ешқандай  да  төсек  қатынасы  немесе  махаббат  ұстай
алмайды. Төсекте қанша жерден керемет болсаңыз да, еркекті
ол ұстамайды. Көзге шөп салу да осындай себептерден тұрады.
Еркек  басқа  әйелдермен  төсек  үшін  ғана  болмайды.  Ондай
төсек  қатынасы  үйде  де  бар.  Олар  басқа  әйелден  ерекше
көзқарас күткеннен барады. Яғни көңілдестер құлағына әбден
комплименттер құяды. "Сен сондай кереметсің, сен сияқты әлі
ешкіммен болмадым", т.с.с. Қысқасы еркек өзінің ең керемет,
ең күшті екенін білгісі келеді.
  
Енді өтініш сұрауға көшеміз. 
Ер  адамға  өтініш  көп  айту  керек.  Ол  маңызды.  Ер  адам  сізге
керек  екенін  сезбесе,  ол  өсіп  көтерілмейді.  Күнделікті  мына
нәрсені  сатып  ал  деген  сияқты  өтініштер  емес.  Кішкентай
өтініштер. Барлығы содан басталуы керек. 
 •Машинаның есігін ашып беруін сұраңыз. 
 •Қыс болса, "қолым жаурап кетті, жаным,  есікті ашып берші"
деп сұраңыз.  
  •Қолыңызға  сумка  немесе  пакет  алып  алыңыз.  "Қолым  бос
емес, есікті ашып берші" деп сұраңыз. 
Үйге  келгенде  ер  адамның  алдына  шығып  есікті  бірінші
ашпаңыз.  Ер  адам  бірінші  кілтпен  есікті  ашып,  сізді  кіргізуі
керек.  Дүкенге  барғанда  пакетте  нан  болса,  оны  еркекке
беріңіз. Ол сізге "бір пакет нан жеңіл ғой, өзің ала салшы, өзің
көтере берші" деп айтуы мүмкін. Сіз "жеңіл екенін білемін ғой,
бірақ  мен  қызбын,  ал  сен  еркексің.  Сенің  қолында  осы  пакет
болса,  ол  әдемірек  көрінеді"  деп  айтыңыз.  Базарда  жүргенде 
  ауыр  не  жеңіл  болса  да  пакеттерді  еркек  ұстауы  керек.  Ер
адамның 
Некеге дейін... 
45


қолы  бос  болса,  әйел  адам  бірнәрсені  тасуды  өз  мойнына
алмауы керек. Осыны есте сақтап алыңыздар. Тіпті, қолыңызда
бала көтеріп жүргенде де оны күйеуіңізге беріңіз. Алла Тағала
әйелді  нәзік,  еркекті  мықты  етіп  босқа  жаратқан  жоқ.
Күйеуіңізге    екі  қолы  бос  емес  болған  жағдайда  ғана
көмектесуге  болады.  Басқа  жағдайда  сіз  нәзіксіз.  Есік  ашу,
қолдағы затты көтеру, оның барлығы еркектің мойнында болуы
керек.  Оны  осыған  үйретіңіз.  Аз-аздан  үздіксіз.  Ол  сіздің
қолыңыздан  бір  затты  көрсе  өзі  алып  қойып,  есікті  көрсе  өзі
бірінші ашып, сондай бір ереже қалыптасу керек.
Көмектесуін  сұраңыз.  Келіспесе  қорқатын  ештеңе  жоқ.  Бүгін
бас  тартты,  ертең  бас  тартады,  үшінші  рет  келіп  орындайды.
Үшінші  рет  орындамаса  келесі  аптада  жасайды.  Бастысы  сіз
одан  сұрау  керексіз.  Сіздің  өміріңізде,  үй  шаруасында  оның
мықтылығы сізге қажет екенін білуі керек. Ер адам біз сияқты
емес.  Олар  ұмытшақ  болады.  Жұмысын,  ақшаны,  жеке
мәселелерін,  болашағын  ойлап,  біздің  өтінішімізді  ұмытып
кетуі  мүмкін.  Сол  үшін  одан  сұраңыз.  Ұрыспай,  ренжімей,
әдемілеп,  еркелеп  сұраңыз.  Бірнеше  күн  өткеннен  кейін
ұмытып кетсе, есіне салуға болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет