Жігітпен қалай танысамыз?



Pdf көрінісі
бет48/68
Дата24.12.2021
өлшемі2,08 Mb.
#128510
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68
Байланысты:
ilovepdf merged

КОМПЛИМЕНТ


Егер  сіздің  жігітіңіз  манипулятор  болса,  былай  деп  қорқытуы
мүмкін: 
•Егер мені тыңдамасаң, онда айырылысайық.
•Егер ол жерге баратын болсаң, онда қоя салайық. 
•Егер  мына  нәрсені  істемейтін  болсаң,  онда  мен  саған
хабарласпаймын. 
Міне, осы сияқты манипуляциялары бар. 
Енді сіз не істеу керексіз? 
Егер ең алғашқы манипуляциядан кейін өзіңізді тыңдайтын адам
ретінде  көрсетсеңіз,  яғни  “жарайды,  жарайды,  мен  сені
тыңдаймын,  бастысы  ешқайда  кетпе,  жарайды,  мен  сенің
айтқаныңды  орындаймын,  бастысы  манипуляцияңды  жасама”
дейтін  болсаңыз,  онда  жігіт  әрқашан,  кез-келген  жағдайда  осы
манипуляцияны  қолданатын  болады.  Кез-келген  іс-әрекетті
осылай істеткісі келетін болады. 
Еркелегіңіз келсе "Сен басыма шығып кеттің, есіріп кеттің",- деп
тиісе  бастайды.  Хабарласпай  кетсеңіз  "Өзінше  болып  кетіпсің,
өзінше  болсаң,  менде  сондай  боламын",-  деп  манипуляция
жасайды.  Ал  сіз  көнетініңізді  көрсетпеңіз.  Егер:  -Достарыңмен
баратын болсаң, онда осы жерден доғарайық,- деп айтатын болса,
сіз не деп жауап бересіз? 
-Жаным,  егер  біздің  осыншама  уақыттағы  жылы  жақсы  қарым-
қатынасымызды  менің  бір  қыдырғаным  үшін  ғана  бәрін
тоқтатқың  келетін  болса,  жарайды,  сенің  айтқаныңдай  болсын,-
деп  айтыңыз.  -Қазір  менің  қыдырғаным  үшін  мені  осылай
қорқытып  жатырсың.  Егер  ертең  саған  тұрмысқа  шығатын
болсам, мен қалауымды істей алмай қалатын боламын. Демек, сен
маған  одан  да  артығын  көрсетесің,  одан  да  артығымен
қорқытатын боласың.
Некеге дейін... 
126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет