5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі 124
көрсететін, өзінің тәжірибелік іс-әрекетін сезінуге бағыт-
талған, адамның өзін-өзі тану қабілеті. Сонымен қатар,
өзінің іс-әрекетін сезіну, жеткен жетістерін көріп, кеткен
қателіктерін байқап, оларды түзету мүмкіндігіне ие болып,
соның негізінде мәдени құндылықтарды тұтыну және жаңа
құндылықтарды дүниеге әкелу құбылысы болып табылады.
Ю.Н. Кулюткин рефлексивті үрдіс деп – оқушының ішкі жан
дүниесі мен ұмтылыстарын, талпынысын, ойларын және
сезімдерін түсінуге бағытталған «педагогтың ойлауында
көрініс табатын» құбылысты айтады.
А.А. Биязеваның еңбектерінде рефлексия – өз жұмысында
табыстарға қол жеткізуге және шеберлігін дамытуға ықпал
ететін тұлғаның жеке бас қасиеті ретінде қарастырылады.
Ол мынадай анықтама берген: «рефлексия – субъектінің өз
іс-әрекетін талдау мен өзін-өзі реттеу сияқты психологиялық
механизмдері арқылы әрқашан, ұдайы тұлғалық қасиеттерін
жетілдіру мен шығармашылық деңгейін өсіруде көрініс таба-
тын тұлғалық қасиет».
Рефлексия – өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақы-
лаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажет-
ті құралы. Рефлексияны қалыптастыруда өзіндік бақылау,
өзіндік бағалау, өзін-өзі реттеу бір-бірінен бөлінбейтін үрді-
стер болып табылады.
Рефлексия – адамның өз істерінің
мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің
нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі
немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер
мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». Өзін-өзі да-
мытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес