5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі 122
мен айналысатынына назар аударуға;
- сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
- оқуды бағалауды жеңілдетуге;
- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәсе-
лелер:
1. Сабақ жоспарында бөлек бағанда cабақта қолданылатын
дифференциация, бағалау, пәнаралық байланыс, АКТ дағды-
лары және құндылықтар нақты көрсетіледі.
2. Рефлексия бөлігінде мұғалім өз сабағына қысқаша тал-
дау жасап жазады, яғни, сабақтың сәтті болған тұстары және
келесі сабақта дамыту керек тұстарын анық көрсетеді.
Lesson study Жапонияда 19-ғасырда жаңа жалпы білім
беретін жүйе орнатқан уақытта мектеп базасында, со-
нымен қатар өңірлік және ұлттық деңгейде пайда болды.
Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты
сабақтарға бекіте бастады. Соңында бұл үдерістерді
Lesson study деп атады. Содан кейін Lesson study тәжірибесі Жапо-
ниядағы барлық мектептерге берілді.
Lesson study зерттеу
сабағы болып табылады және де Қазақстанда өткізілетін
ашық сабаққа ұқсас
. Lesson study -да бір мұғалім өзіне зерт-
теу сабағын өткізуге, зерттеу сабағына дейін шамамен бір
айда сабақ жоспары жасауға тиіс
. Lesson Study -дың мақсатқа
байланысты
үш түрі бар.