1-тақырып. Тәрбие үдерісінің мәні мен мазмұны
16
өзгеретін санатқа жатпайды, олар әдет күші бойынша қа-
лыптасады, қоғамдық көзқарасты белсенділікпен қолдайды.
Адамгершілік тәрбиесі
- ізгілікке, инабаттылыққа баулу-
дың жолы болып табылады.
В.А. Сухомлинский
«адамгер-
шілік тәрбие - бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық мо-
ральдық талаптарына сәйкес, адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру мақсатында мінез-құлқы мен сезімдеріне,
түсініктеріне жүйелі және мақсатты түрде әсер ету», - деп
тұжырымдаған.
Педагогикалық энциклопедияда ”адамгершілік тәрбие”
ұғымын: ”Адамгершілік - мінез-құлық дағдылары мен
әдеттерді қалыптастыру, адамгершілік сезімдерді дамыту,
моральдық сананы мақсатты бағытталған түрде қалып-
тастыру” немесе мінез-құлық дағдылары мен әдеттерді,
білімдерін, моральдық қасиеттерді қалыптастыру про-
цесі” , - деп анықтаcа, қазақ педагогикалық энциклопедия
сөздігінде: ”Адамгершілік тәрбиесі - мақсатқа негізделген
көзқарасты, сенімді, парасатты мінез-құлық дағдылары мен
әдеттерді қалыптастыруға және адамгершілік сезімді, ұлт-
тық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы адамзат-
тық тәрбиенің құрамдас бөлігі”- деп бастапқы анықтаманы
толықтыра түседі. Жалпы адамгершілік тәрбие үш түрлі
функционалдық-әлеуметтік, теориялық және практикалық
салада қарастырылады. Адамгершілік тәрбиенің әлеумет-
тік қызметі жеткіншек ұрпаққа жинақталған тәжірибені
жеткізуден көрінеді. Ал, оның теориялық аспектісі білім
саласын теориялық жағынан дамытуды қамтамасыз етеді.
Практикалық қызмет адамгершілік тәрбие бойынша жұмыс
|